Қазақстандық ЖОО ректорларының UCL басшылығымен кездесуі



    • Қазақстандық ЖОО ректорларының UCL басшылығымен кездесуі

      Қазақстандық жоғары оқу орындарының ректорлары, соның ішінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай Лондон университеттік колледжінің (UCL) негізгі бөлімдерінің бірі – Білім институтының басшылығымен кездесті.

      UCL – Ұлыбританиядағы және әлемдегі ең беделді жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және Ұлыбританиядағы ең беделді университеттер – «Алтын үшбұрыш» және Рассел тобы бірлестіктерінің құрамына кіреді.

      Тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар қазақстандық және британдық білім беру жүйелері арасында байланыс орната отырып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті.

      Бөлісу: