«Елбасы медалі» бағдарламасының қола жүлдегері атанды



    • «Елбасы медалі» бағдарламасының қола жүлдегері атанды

      Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және өнер институтының 3 курс студенті Шалқарбаева Мұхаббат Хикматқызы «Елбасы медалі» жобасының қола иегері атанды

      Астанада «Елбасы медалі» бағдарламасына қатысушыларды марапаттау жөніндегі комиссияның алтыншы отырысы болып өткен болатын. Комиссия бағдарламаны іске асыру нәтижелерін қарап, бағдарламаны сәтті аяқтаған 1796 адамды марапаттауға ұсынған. Қола деңгейінде 1262 қатысушы, күміс деңгейінде 452 қатысушы және алтын деңгейінде 82 қатысушы анықталған.Бағдарламаның нәтижелерін «Елбасы Академиясы» КҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова жариялады. Қазіргі уақытта «Елбасы медалі» бағдарламасына 10 000-нан астам адам қатысып жатыр, оның ішінде 83% - оқушылар, 11% - студенттер, 5,6% - жұмыс істейтін жастар екенін айтады.

      Естеріңізге сала кетейік, «Елбасы медалі» бағдарламасы өзін-өзі дамытуға және белсенді, креативті және талантты жастарды қолдауға бағытталған. Бүгінде 10 000-нан астам жас 7 бағыт бойынша, яғни спорт және СӨС, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, еріктілік, еңбек практикасы, туристік жорықтар бағытында  дағдыларын белсенді түрде дамытып келеді.

      Мұхаббат та спорт, дарын мен дағды, ұлттық мұра,кітап оқу, және волонтерлық салалары  бойынша 6 ай бойы білім алып, өз білімін жетілдірген.

      Бөлісу: