Университетте гендерлік зорлық-зомбылық туралы фильмнің көрсетілімі өтті



    • Университетте гендерлік зорлық-зомбылық туралы фильмнің көрсетілімі өтті

      БҰҰ-ның жыл сайынғы «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенділік» жаһандық науқаны аясында, 2022 жылдың 30 қараша айында Қaзaқ Ұлттық Қыздыр Педагогикалық Университетінде қазақстандық режиссер Ринат Балғабаевтың «Беги» деректі фильмінің көрсетілімі және фильм аяқталған соң кинорежиссердің және сарапшылардың қатысуымен пікірталас өтті. Іс-шараға «Жан-Сая» дағдарыс орталығының өкілдері мен психология ғылымдарының кандидаты, ҚазҰҚПУ оқытушысы Әлия Байздрахманова қатысты.

      Көрсетілім Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер орталығының қолдауымен және ұйымдастыруымен өтті.

      Фильм «Беги» 2020 жылы пандемия кезінде, яғни әлеуметтік шектеулерге байланысты дүние жүзінде зорлық-зомбылық орын алған кезде жарық көрді. Автор фильмде Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың себептері мен салдарын, сонымен қатар оның ауқымын зерттеген, себебі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нақты статистикасы жоқ.

      Іс-шара Қазақстандағы БҰҰ Әйелдер ұйымының қолдауымен Орталық Азиядағы «Нұр сәулесі» бастамасының аймақтық бағдарламасы аясында өтті.

      #ЖалғызЕмессің #ЗорлықЗомбылықТоқталсын #SpotlightEndViolence

      Бөлісу: