Университетімізде словакиялық профессор бірқатар дәрістер оқыды



    • Университетімізде словакиялық профессор  бірқатар дәрістер оқыды

      2022 жылдың 13 қарашасы мен 2022 жылдың 9 желтоқсаны аралығында Братислава (Словакия) экономикалық университетінің қауымдастырылған профессоры, инж., PhD., PhD., Dr.h.c.. Ярослав Култан университетіміздің физика, математика және цифрлық технологиялар институтының «Информатика», «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламаларының студент, магистрант және докторанттарына  «АТ оқыту процесіндегі рөлі» атты тақырыппен дәріс оқып, өз тәжірибесімен бөлісуде.  Бұл курстың негізгі мақсаты экономиканы, ғылымды және білім беруді дамытуда АТ-ның мүмкіндіктері мен қолдануын зерттеу болып табылады. Жұмыс аясында профессор PhD докторанттардың ғылыми тақырыптары бойынша бірқатар кеңестер беруде.

      Қауымдастырылған профессор, инж., PhD., Dr.h.c. Ярослав Култан туралы қысқаша ақпарат

      1979-1985 Украинаның Ұлттық техникалық университетін;

      2004 - 2008 PhD Докторантура-техникалық пәндер теориясы, дидактика, психология, педагогика, информатика (СТУ Братислава МФТ Транава)

      2004 - 2008 PhD Докторантура-информатиканы зерттеу-экономикалық информатика.(Братислава ЭУ) мамандықтары бойынша білім алған

      Бөлісу: