Шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау басталды



    • Шығармашылық емтихандарға өтініш қабылдау басталды

      АЛМАТЫ. 20 МАУСЫМ. БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ – Арнаулы және шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші талапкерлерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 7 шілдесі аралығында жоғарғы  және  жоғары  оқу  орнынан кейінгі  білім  беру  ұйымдарында (ЖЖОКБҰ)  жүзеге асырылады. 8-13 шілде аралығында шығармашылық емтихан басталады.  

      • Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсуші талапкерлер   бір шығармашылық емтихан тапсырады.
      • Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына оқуға түсуші адамдар өздері таңдаған ЖЖОКБҰ-ларда шығармашылық емтиханды тапсырады.
      • Шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары тобына түсетін орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі. Қазақстан тарихы және  оқу сауаттылығы бойынша  иеленген көрсеткіші 5 балдан кем болмауы керек.
      • Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша шығармашылық дайындықты талап ететін, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобына түсуші адамдар үшін арнайы пәннен балдары ескеріледі.
      • Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға (орынға) жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі. Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы құжаты бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 45 балдық жүйе бойынша бағаланады.
      • Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

      Арнаулы және шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуші талапкерлер арнаулы және шығармашылық емтихандар тапсыру үшін ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:

      • Жалпы орта немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжат (түпнұсқа);
      • 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 2 фотосурет ;
      • Медициналық анықтама №75-У, флюорография суретімен
      • Баланың денсаулығы туралы төлқұжат -063
      • Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі 2 дана;
      • ҰБТ нәтижесі;                                                              
      • Жеңілдікке құқық беретін құжаттар (бар болған жағдайда)
      • "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 1) тармақшасында белгіленген спорттық разрядтар және (немесе) спорттық атақтардың бірінің бар болуын растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» ҚеАК Шығармашылық емтихандарды талап ететін білім  беру  бағдарламалары (БББ)

      Білім беру бағдарламалары топтарының нөмірі

      Білім беру бағдарламалары топтарының атауы

      Білім беру бағдарламаларының атауы

      Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының тобы

              

      В005

      Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

      6В01403-Дене шынықтыру және спорт

      В006

      Музыка мұғалімдерін даярлау

      6В01401-Музыкалық білім

      В007

      Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

      6В01402-Визуалды өнер, көркем еңбек графика және жобалау

      6В01406-Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік

      В028

      Хореография

      6В02102-Хореография

      В092

      Тынығу

      6В11102-Мәдени тынығу жұмысы

      Қосымша ақпарат алып, қояр сұрақтарыңыз болса, төмендегі  байланыс нөмірлеріне хабарласыңыз:

      Қабылдау  комиссиясы:

      +7 (727) 237 00 77

      +7 (727) 237 00 65

      +7 (727) 237 18 52

      Әр мамандық бойынша  қосымша  жауап  беретін мамандардың  ұялы  телефондары:

      6В01403-Дене шынықтыру және спорт  – +7 707 048 65 15

      6В01401-Музыкалық білім – +7 707 934 91 98

      6В01402-Визуалды өнер, көркем еңбек, графика және жобалау – +7 707 934 91 98

      6В01406-Кәсіптік оқыту және кәсіпкерлік  – +7 7013650780

      6В02102-Хореография – +7 707 934 91 98

      6В11102-Мәдени тынығу жұмысы – +7 707 934 91 98

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: