Құрметті мектеп ұстаздары мен түлектері!



    • Құрметті мектеп ұстаздары мен түлектері!

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық ұжымының және өзімнің атымнан  баршаңызды оқу жылының аяқталуымен - Соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

      Түлектеріңіз жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған алтын ұя мектептерінің табалдырығын аттап, үлкен жолға аяқ басқалы тұрса, ұстаздарыңыз тағы бір үкілеген үміттерін үлкен жолға шығарып салып, ақ батасын беруде. Сондықтан да бүгінгі күн қуаныш пен жүрек тебірентер сәттерге толы, жауапты да айтулы күн.

      Жас түлек! Сіз өз арманыңыздағы мамандық жолын таңдап, үлкен өмірге жол аштыңыз. Осы бір мүмкіндікті қолдана отырып, Сізді 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатып, тұлға етіп тәрбиелеген аяулы ұстаздарыңыз сияқты педагог мамандығын таңдауға шақырамыз.

      Баршаңызға өмірде сәттілік, жетістік, ақ жол тілейміз!

      Құрметпен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы—Ректор Гүлмира Қанай

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: