Референдум – іргелі өзгерістің бастауы



    • Референдум – іргелі өзгерістің бастауы

      АЛМАТЫ. 24 мамыр. Баспасөз орталығы – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу  туралы бүкілхалықтық референдумды түсіндіру жұмыстарына  арналған  жиын болып өтті. 

      Түсіндіру  жиынына Қазақстан Респуликасы Сенатының депутаттары Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы мен Нөкетаева Динар Жүсібәліқызы  қатысып, университет ұжымы мен студенттерге «Саяси процестің жаһандық мәселелері» тақырыбында  сөз қозғады.

      Университеттің Басқарма Төрағасы Гүлмира Әмірханқызы жиынды ашып, алғашқы сөз кезегін Нұртөре Байтілесұлына берді.

      – «Алдағы  референдум халқымыздың  болашақтағы  өмір сүру  әл-ауқатының артуына, қазақ халқының  дәулетті  тұруына, заң  үстемдігінің  орнығуына  бірден  бір жол ашатын үлкен  ордалы  өзгерістер» –,

       деді  өз сөзінде Нұртөре  Байтілесұлы.

      Сонымен  қатар, жастардың әл-ауқатын көтеруге  бағытталған бірнеше  бағдарламаларға  ұсыныс  жасалғаны  туралы  мәлімдеді.   Ұстаздар мәртебесін көтеруді  басты  назарға  қойып,  ел болашағы үшін жасалатын ізгі қадамда болашақ педагогтердің үні естілуі керектігін баса айтып, бірауыздан референдумға дауыс беруге шақырды.

      – Жастарымыз өте  талапты,  креативті,  ойлары  да,  пікірлері  де,  ашып жатқан жаңалықтары  да  өте  көп,  сондықтан жастардан үмітіміз зор. Жаңа  Қазақстанды  құру идеясын жүзеге  асыруда  жастардың  қосар үлесі  қомақты. Оған президентіміз де,  халықымыз да  сенеді–,

      деп  сөз бастаған Динар Жүсіпәліқызы ел игілігі  үшін жасалған кез-келген ізгі  қадамда  ұстаздар қауымының  еш шет   қалмасына  сенім білдіріп,  5 маусым  болатын бүкілхалықтық референдумда  дауыс  беріп,  әркімнің  өз таңдауын жасауына  шақырды. 

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: