QyzPU студенттеріне «Мас – рестлинг» таныстырылды



    • QyzPU студенттеріне «Мас – рестлинг» таныстырылды

      АЛМАТЫ. 23 мамыр . БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университететінде «Мас – рестлинг» (таяқ тарту) спортының презентациясы ұйымдастырылды.

      Қазақта бабалардан қалған ұлттық спорт түрлерінің бірі «Оқтау тарту» немесе «таяқ тарту» халықаралық деңгейде мас-рестлинг деген атаумен танымалдылық жинап келеді.

      Презентация QyzPU Дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Есельбаева Алия Керімбекқызының алғы сөзімен басталды. Жиынға Республикалық «мас-рестлинг» федерациясының президенті, Satbayev University дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі Иматалиев Талап Сайпуллаұлы қатысты.

      Сонымен қатар, қатысушы студенттер Қазақстан құрама командасы жаттықтырушысы, төреші, Әлем Чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан және Азияның бірнеше дүркін чемпионы Ақылбек Алтын Қалдыбекқызымен кездесіп, қызықтыратын сұрақтарына жауап ала алды. Шақырылған қонақтар қатысушыларға көрнекі өнер көрсету ұсынды.

      Алтын Ақылбек өз кезегінде мас-рестлинг төрелік ету, жалпы ережелерімен таныстырып, тәжірибелік сайыстар мысалын келтірді, қыздарымызға өздерін сынап көруге мүмкіндік берді.

      Айта кету керек,  Мас-рестлинг спортшыларын Қазақстанда Алматы аумағынан басқа, Ақмола, қарағанды, Шығыс Қазақстан, оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында дайындайды.  Ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайымдылығының, спортшыларының категориялар аумағы кең болуының арқасында қызығушылыққа ие болып келеді.

      2022 жылға Халықаралық федерация құрамында 50-ге жуық мемлекет тіркелген. Қазақстан  Халықаралық федерация президиум құрамына кіре алды. Яғни спорт дамуындағы сұрақтар Қазақстан мамандарының тікелей қатысуымен өтеді. 

      Мамандырадың алға қойып отырған мақсаттары биік. Презентацияда Қазақстан мас-рестлинг федерация өкілдері 2036 жылға дейінгі даму қадамдарымен таныстырды. Жоспар бойынша таяқ тарту спорты үлкен әлемдік жарыстар құрамына енеді.

      МЕДИА

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: