Гүлмира Қанай Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енді



    • Гүлмира Қанай Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енді

      НҰР-СҰЛТАН. 19 МАМЫР. БАСПАСӨЗ ОРТАЛЫҒЫ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамын өзгерту туралы құқықтық актісін жариялады.

      Президент Тоқаев «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы»  2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

      Өзгерістерге сәйкес, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Аида Балаева комиссия төрайымы болды. Комиссияның бұрынғы төрағасы, Мәжіліс депутаты Лаззат Рамазанова төраға орынбасары болды.

      Құрамына QyzPU ректоры кірген Ұлттық Комиссияның жаңа құрамы Ақорда сайтында жарияланды.

        Коммуникация және маркетинг департаменті   

        Байланыс телефоны: +7 727 237 00 05                

        e-mail: qyzdar_universitety@qyzpu.edu.kz            

      Бөлісу: