Физика-математика факультетіің мамндықтары

univer campus

5В010900 - Математика

univer campus

5В011000 - Физика

univer campus

5B011100 - Информатика

univer campus

5В060200 - Информатика

univer campus

5В070300 - Ақпараттық жүелер

5B060200 - Информатика

1 курс

І семестр

Компьютер құрылымы

Компьютер архитектурасы

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курстың мақсаты сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздерін, ЭЕМ элементтерін және түйіндерін, перифериялық құралдарды, микропроцессорларды, ДЭЕМ-нің жұмыс істеу принципі мен архитектурасын, сервер және жұмыс станцияларын, арнайы ЭЕМ-дерді оқыту болып табылады.

Постреквизиттер:INF 2005 Операциялық жүйелер.

Схематехника негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курстың мақсаты автоматтар құрылысының логикалық әдістерін және негізгі принциптерін, триггерлерді, комбинациялық схемаларды және әртүрлі сандық схемаларды қолдана білу болып табылады.

Постреквизиттер:INF 2016 Жүйелік программалық қамтама, INF 2019 Графтар теориясы.

Микропроцессорлар

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курстың мақсаты микропроцессорларды пайдаланып құрылғыларды жасаудың заманауи әдістерін, микроконтроллерлерді жасаудың және пайдаланудың прициптерін, микроконтроллерлерді байланыс жүйесінде, телемеханикада және автономияда пайдалануды оқыту.

Постреквизиттер:INF 2027 Желілік операциялық жүйелер.

ІІ семестр

Программалау жүйесі

Delphi -де программалау негіздері

6 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста ақпарат теориясының негіздері мен ақпарат санын өлшеу, базалық программалау тілі ретінде turbo pascal және delphi тілдері, ақпараттық жүйелер және технологиялар, ақпараттық модельдерді жүзеге асыру, delphi ортасымен танысу, негізгі терезе мен компоненттер жинағы, визуалдық программалау негіздері, delphi ортасының компоненттері, жаңа компоненттерді орналастыру, delphi тіліндегі программаның құрылымы, delphi тілінің басқарушы құрылымдары, консолдық қосымша, негізгі операторлар, массивтер, деректердің стандартты типтері, массивтерді сипаттау, массивтердің түрлері, динамикалық массивтер, символдар мен жолдар, жолдық мәліметтер, жолдық өрнектер, жолдық функциялар мен процедуралар қарастырылады

Постреквизиттер:INF 2007Объектіге бағытталған программалау (С++).

Программалау әдістері

6 кредитПререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста заманауи бағдарламалау технологиялары, бағдарламалақы қамтаманы бағалау сапасы, архитектура және құрылымды жобалау құралдары және әдістері қарастырылады. CASE-технологиялар, виртуалды бағдарламалау және объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиялары, функционалды бағдарламалау, логикалық бағдарламалау, Дейкстрдің аналитикалық бағдарламалауы, мәліметтер құрылымы және мәліметтер абстракциясы, элементар және қарапайым мәліметтер құрылымы, күрделі мәліметтер құрылымы, алгоритмдердің күрделілігін бағалау, графтағы алгоритм, кездейсоқ қатарларды генерациялау қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 2017Жүйелік программалау, INF 2028Ассемблер тілінде программалау.

Программалау тілдері

6 кредит.Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курстың мақсаты қолданбалы есептерді шешудің кезеңдерін, есептеу эксперименті математикалық модель ретінде, есептеу математикасының пәнін, есепті шешу қателіктерінің классификациясын, тиімді, орнықты алгоритмдерді, бір айнымалысы бар сызықты емес теңдеулерді шешуді оқыту болып табылады.

Постреквизиттер:INF 3012Математикалық модельдеу, INF 2019Графтар теориясы.

2 курс

ІІІ семестр

Операциялық жүйелер

Операциялық жүйелер

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2015 Схематехника негіздері.

Бұл курстың мақсаты студенттерді программа құру әдістеріне үйрету, әртүрлі алгоритмдерді құру, зерттеу және іске асыру, программалау тілдерінің семантикасы мен спецификацияларын, программалаудағы тенденциялармен таныстыру, халықаралық стандарттарға негізделген программалық кешендерді құру әдістерімен, программалауға құрылымдық және объектіге бағытталған жолдармен таныстырып өту.

Постреквизиттер:INF 2017 Жүйелік программалау.

Жүйелік программалық қамтама

Желілік операциялық жүйелер

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2026 Микропроцессорлар.

Бұл курстың мақсаты желілік операциялық жүйелер құрылымы, кәсіпорын желілері, қосымшаларды қолдау, қауіпсіздік, таратылған ресурстарды басқару, таратылған жүйелердегі хабарлама алмасудың базалық мүмкіндіктері, адрестеу тәсілдері, блоктаушы және блоксыз қолданбалар, буферленетін және буферленбейтін қолданбалар, сенімді және сенімсіз қолданбалар, гетерогенді желілерде операциялық жүйелердің өзара әсерлесу мәселелері, "internetworking" және "interoperability" ұғымдары, гетерогенділік, желілер әсерлесуін жүзеге асырудың негізгі тәсілдері, TCP/IP желілеріндегі желіаралық алмасу негіздері, TCP/IP хаттамалары стектерінің құрылымы, TCP/IP транспорттық деңгей, UDP - User Datagram Protocol. TCP - Transfer Control Protocol, желілік деңгей, маршруттау,IP хаттамасы, IP-адрестерді тұрғызу принциптері, ішкі желілер, Internet-тегі домендік атаулар, DNS ұйымдастыру принципі, BIND, желілік қызметтер, Интернеттегі электрондық пошта, пошта алмасудың қарапайым хаттамасы (SMTP), Post Office, Protocol (POP) хаттамасы, TELNET хаттамасы туралы түсініктерін қалыптастыру

Постреквизиттер:INF 3023 Компьютерлік желілер.

ІV семестр

Жоғары деңгейлі программалау тілдері

Java Script программалау негіздері

4 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2036 Автоматтар және тілдер теориясы.

JavaScript cценариилер тілі болып табылады, бұл тіл негізінен Web-беттерде интерактивті элементтер жасау үшін қолданылады. Бұл тілді мәзір құр үшін, формалардың дұрыс толтырылуын тексеру үшін, бейнелерді ауыстыру үшін және тағы басқа әрекеттерді орындау үшін қолданылады. Курстың негізгі мақсаты студенттерді Internet-те өз сайттарын жасап үйрету.

Постреквизиттер:INF 3024Web программалау негіздері.

Жүйелік программалау

4 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2036 Автоматтар және тілдер теориясы.

Бұл курстың мақсаты студенттерге программалау тілдерінің негізгі принциптерін және программа құру әдістеріне үйрету, әртүрлі алгоритмдерді құру, зерттеу және іске асыру, программалау тілдерінің семантикасымен, спецификациялардың формальді тілдерімен, программалаудағы тенденциялармен таныстыру, халықаралық стандарттарға негізделген программалық кешендерді құру әдістерімен, программалауға құрылымдық және объектіге бағытталған жолдармен таныстырып өту.

Постреквизиттер:INF 2007Объектіге бағытталған программалау (С++).

Ассемблер тілінде программалау

4 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2036 Автоматтар және тілдер теориясы.

Курстың негізгі мақсаты деректердің берілуі, IBM PC архитектурасының ерекшеліктері, микропроцессордың пайдаланушы регистрлері, микропроцессордың жүйелік регистрлері, операндтарды адресациялау әдістері, і80х86 микропроцессор командаларының жүйесі, деректерді алып-орналастыру командасы, микропроцессордың командаларының жүйесі, арифметикалық командалар, екілік разрядтармен жұмыс командалары, тізбекті командалар, үзу командалары, микропроцессорды басқару командалары, ассемблер операторлары және директивалары, программаларды ұйымдастыру, макроанықтағыштар, MS DOS үшін программалау негізі, файлдармен жұмыс, Windows операциялық жүйесінде программалау негізі, консольдік қосымшаларды оқыту болып табылады.

Постреквизиттер: INF 2034 Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.

Желілік технологиялар

Есептеуіш жүйелер және желілер

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2004 Компьютер архитектурасы.

Бұл курста желілік техникалық құралдар, сервер, желілік интерфейстік платалар, базалық желілік топологиялар, желілік программалық құралдар, желілік опрерациялық жүйе, желіні басқарудың программалық жабдығы, клиент-сервер технологиясы, желілік технологиялар, Ethernet, Fast Ethernet, Gigabite Ethernet, ATM (Asdynchronous Transfer Mode), желілік принтерлер, мәліметтер қоры, терминал, пошталық байланыстар, маршрутизатор, FTP-Сервер қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3009 Интернетте программалау.

Программалаудың желілік технологиялары

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2015 Схематехника негіздері.

Бұл курста XML негіздері, XML синтаксисі және XML компоненттері, элементтер, атрибуттар, мәні, құжат түрі, нақты және дұрыс құжаттар, DTD түріндегі құжатты анықтау, DTD бөлімдері, ішкі және сыртқы DTD, элементтерді, атрибуттарды, мәнді анықтау, хабарлама синтаксисі, мазмұн моделі, XML стиліндегі кесте, XSL тілі, негізгі терминдер, XSLТ тілі, негізгі элементтер, анықтау, XML байланыстыру, Xlink тілі, XML-де байланыстыру және сілтемелер Xpointers қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3009 Интернетте программалау.

Компьютерлік желілер

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2026 Микропроцессорлар.

Бұл курста компьютерлік желілер, компоненттері, коммуникациялық құралдары, операциялық жүйелер, желілік программалық қолданбаларды құру принциптері, сервер клиент, желілер қызметі, желіні топтастыру және негізгі мінездемелері, негізгі топологиялар, желілердің функциялары, хаттамалар, хаттамалардың жұмысы, көпдеңгейлі архитектурадағы хаттамалар, OSI хаттамалар жиынтығы, хаттамалар стегі, стандартты стектер, қолданбалы хаттамалар, желілік хаттамалар, желілер архитектурасы, желіде қолданатын аттар мен адрестер, ТСР/ІР утилиттері, интернет, интернет қызметі, World Wide Web, File Transfer Protocol, электрондық жұмыс, жаңалықтар, Copher, Telnet, телекомму-никация қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3031РНР программалау тілі, INF 3009 Интернетте программалау.

3 курс

V семестр

Компьютерлік математика және компьютерлік графика

Алгоритмдер теориясы

3 кредит. Пререквизиттер: INF 2004 Компьютер архитектурасы, INF 2036 Автоматтар және тілдер теориясы.

Бұл курста қатаң емес алгоритмдер ұғымы, алгоритм ұғымының формализациясы және олардың эквиваленттілігі, программалаудың формализацияға жақындауы қарастырылады. Курсты оқу барысында алгоритмдердің блок-сұлбаларын және есептелетін функциялардың формальдық алгоритмдерінің өзін сипаттауға машықтандыру, алгоритмдердің күрделілігін және олардың жинақталатынын, алгоритмдік шешілмейтін проблемалардың бар болатындығын түсіндіріп үйрету.

Постреквизиттер: INF 3003 Компьютерлік модельдеу.

Графтар теориясы

3 кредит. Пререквизиттер: INF 2036 Автоматтар және тілдер теориясы,INF 2015 Схематехника негіздері.

Бұл курста графтар туралы бастапқы мағлұмат, негізгі ұғымдар және анықтамалар, графтардың берілу тәсілдері беріледі. Графтармен орындалатын негізгі операциялар қарастырылады. Графтар типтері, жол ұзындығы, салмағы, орцикл және олардың ерекшеліктері, Дейкстер әдісі қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3003 Компьютерлік модельдеу.

Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, MATH 2011 Математикалық талдау.

Бұл курста компьютерлік графиканың негізгі түсініктері, екі өлшемді кескіндерді құрастыру және түрлендіру, жылжыту, айналдыру, масштабтау және біріктіру операциялары, Open GL кітапханасы, 3D Studio Max қолданушылар интерфейсі, компьютерлік графиканың аппараттық қамтамасыздандыру, векторлық графика, растрлық графика, растрлық графиканың алгоритмдері, геометриялық түрлендіру, координаттар және түрлендіру, жазықтықта аффиндік түрлендіру, координаттардың бір жүйеге түрлендірілуі, объектілерді түрлендіру қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2011 Flash технология.

Ақпараттық қауіпсіздік

Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика.

Бұл курста криптографияның даму тарихы және қазіргі заманғы криптографияның жүйелерде қолданылатын әдістері мен құралдары, жаңа ақпараттық технологиялар және қорғау жүйелері, ақпаратты қорғаудың криптографиялық принциптері, классикалық симметриялы криптожүйелер, программалау әдісі бойынша шифрлау, қазіргі симметриялы криптожүйелер, мәліметтерді des американдық стандарт арқылы белгілеу, ағымдық шифрлау, критографияда қолданатын сандар теориясының элементтері, ассиметриялық криптожүйелер, криптографиялық кілттермен басқару, internet желісі арқылы шеттелген жабылудан қорғану әдістері мен тәсілдері, зерттеуден программаларды қорғау, антивирустық қорғау қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3029 Компьютерлерге заманауи бағдарламалық қызмет көрсету.

Компьютерлік ақпараттарды қорғау құралдары мен әдістері

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста криптографияның дамуының қысқаша тарихы, ақпаратты өңдеудің автоматтық жүйесінің қауіпсіздігінің негізгі қаупі, ақпаратты қорғаудың криптографиялық принциптері, классикалық симметриялы криптожүйелер, гамма тәсілі арқылы шарт белгілеу, қазіргі симметриялы криптожүйелер, криптографияда қолданатын сандар теориясының элементтері, асимметриялық криптожүйелер, мәліметтерді шартты белгілеукриптожүйелері (RSA, Эль-Гамаль алго-ритмі), аутентификациясы және электронды-сандық қолтаңба, криптографиялық кілттермен басқару, Internet желісі арқылы шеттелген шабуылдан қорғану әдістері және тәсілдері және антивирустық қорғау мәселелері қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3009 Интернетте программалау.

Ақпараттық қауіпсіздік негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста ақпараттың статистикалық өлшемі, шартты энтропия мен біріктіру энтропиясы, ақпарат саны және артықшылықтары, кездейсоқ шаманың эпсилонэнтропиясы, шуылы бар дискретті байланыс каналдары бойынша хабарламаны тасымалдағандағы ақпараттық жоғалтулар, ақпаратты тасымалдау жылдамдығы және байланыс каналдарының өткізгіштік қабілеті, сигнал түсінігі және оның модельдері, детерминдік сигналдарды көрсетудің уақытша формасы, каналдар және байланыс жүйелері, үздіксіз модуляция, импульстік модуляция, модуляцияның сандық әдістері, модульденген тербелістердің спектральді талдауы, кодтау теориясының негізгі түсінігі, ақпаратты кванттау мәселелері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3029 Компьютерлерге заманауи бағдарламалық қызмет көрсету.

Есептеу математикасы

Сандық әдістер

4 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау.

Бұл курстын негізгі мақсаты есептеу математикасы есептері шешімдерінің эффектілі алгоритмдерін табу жолдарының кезекті интуицияларын машықтау. Студенттерді сандық алгоритмдерді құру принциптерімен таныстыру. Студенттерді жуықтап және сандық есептеу әдістерін жетік пайдалан білуді үйреті және де алынған нәтижелерін талдай білуге шақыру. Қарапайым математикалық модельдерді есептеу математикасы әдістерін пайдаланып компьютерде шығаруды үйрету керек.

Постреквизиттер:INF 3014 Программалап есептер шығару практикумы, INF 3012 Математикалық модельдеу, INF 3006 Сандық әдістерден есептер шығару практикумы, INF 2031 MathCad компьютерлік жүйесі.

Есептеуіш математика

4 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау.

Бұл курста сандық әдістер және сызықтық алгебра сұрақтары қарастырылады. Сандық дифференциалдау және интегралдау есептері, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйелерін шешудің тікелей және итерациялық әдістері қарастырылады. Қарапайым дифференциалдық теңдеулер үшін Коши есебін шешудің сандық әдістері және шектік есептерді шешу әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3014 Программалап есептер шығару практикумы, INF 3012 Математикалық модельдеу.

Компьютерлік алгебра

4 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау.

Бұл курста компьютердегі символдық есептеулерде қолданылатын алгоритмдер және мәліметтер құрылымы сипатталады. Курста дифференциалдық көпмүшелер және көпмүшеліктер, бүтін сандар сақинасындағы есептеулермен байланысты көп сұрақтар қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3014 Программалап есептер шығару практикумы, INF 3012 Математикалық модельдеу.

Педагогикалық информатика

Педагогикалық информатика

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста педагогикалық информатиканың теориялық негіздері, негізгі әдістері және білім беруді ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттары, педагогикалық информатика пәні мен оның заңдылықтары, білім беруді ақпараттан-дырудың әдіснамалық негіздері, білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, компьютерлендіру бағыттары, білім беруді ақпараттандыру мен компьютерлендірудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамыту алгоритмі, ақпараттық-коммуникациялық технология және оның даму тарихы, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне қолдану мәселесі, педагогикалық программалық құралдар типологиясы, педагогикалық программалық құралдарға талдау, электрондық оқулықтар және оны құрастыруға қойылатын дидактикалық талаптар, педагог мамандардың ақпараттық құзырлығын және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары, педагогикалық технологияларға сипаттама, ақпараттық технологиялар, ақпараттарды іздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдістемелік негіздері, қашықтан оқыту, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 2037 Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы.

Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста коммуникациялық технология мәселелері мен коммуникациялық технологияларды практика жүзінде қолдану, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның зерттеу объектісі мен пәні, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның негізгі ұғымдары мен категориялары, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның міндеттері, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамалық негіздері, ақпараттық қоғамның дамуы, қоғамның ақпараттық ресурстары, білім беруді ақпараттандырудың алғы шарттары мен кезеңдері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2037 Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы.

ІТ құралдарын пайдалану практикумы

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста білім беруде ІТ құралдарын қолданудың мақсаты мен міндеті, интерактивті тақтаны қолданып сабақ өткізудің ерекшеліктері, мультимедиалық сабақ өткізуге байланысты ІТ құралдарын қолдану, дәстүрлі емес сабақтарда ІТ құралдарын пайдалану қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2037 Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы.

VI семестр

Информатиканы оқыту әдістемесінен арнайы курс

Информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясы

4 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста мектеп курсындағы информатиканың мазмұны мен оқытылу әдістері мен технологиялары, мектеп курсындағы информатиканың сатылық оқытылу базалары мен олардың өзара байланысы мен ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар Windows программаллау тілінің VBA for Applications программалау тіліне және VBA программалау тілінің синтаксисіне көңіл аударылады.

Постреквизиттер:INF 2011 Flash технология, INF 3030 Білім беру порталдарын бағдарламалық қамтамасыз ету.

Мектеп курсындағы информатиканың таңдаулы сұрақтары

4 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста мектеп курсындағы информатиканың мазмұны мен оқытылу әдістері мен технологиялары, мектеп курсындағы информатиканың сатылық оқытылу базалары мен олардың өзара байланысы мен ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар Windows программаллау тілінің VBA for Applications программалау тіліне және VBA программалау тілінің синтаксисіне көңіл аударылады.

Постреквизиттер:INF 2011 Flash технология, INF 3030 Білім беру порталдарын бағдарламалық қамтамасыз ету.

Информатика пәніндегі педагогикалық технологиялар

4 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста информатиканы оқыту әдістемесінің негізгі мәселелері, компьютерлік білім, ақпараттану және есептеу техникасы, мектеп курстарын оқытудың әдістемесі, халыққа білім беру жүйесіндегі есептеу техникасы, информатиканы оқыту технологиялары мен әдістері, білім берудің мемлекеттік стандарты, информатиканы оқытудағы ақпараттық оқыту құралдардың ролі мен тиімді қолдану әдіс-тәсілдері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2011 Flash технология, INF 3030 Білім беру порталдарын бағдарламалық қамтамасыз ету.

Объектіге-бағытталған программалау орталары

Объектіге бағытталған программалау (С++)

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2003 Delphi -де программалау негіздері.

Бұл курста объектіге-бағытталған бағдарламалаудың технологиясы, С++ тілінің операторлары мен функциялары, Си++ интегралды ортасында объектілі программалау принциптерінің негіздері, күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелері, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын құрудың әдістемесі қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3002 Амалдарды зерттеу, INF 3010 Тиімділеу әдістері.

Объектіге бағытталған программалау (Java)

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2025 Программалау әдістері.

Бұл курста программалау технологиясының эволюциясы, құрылымдық және объектіге бағытталған программалау қағидалары, программалау терминдерінің және әдістемелерінің сипаттамасы, абстракция, инкансуляция, жаратылысынан ие болу және полиморфизм, негізгі конструкциялар, программалау жүйелер құралдарын қолдану қарастырылады. Сонымен қатар объектіге бағытталған бағдарламалаудың технологиясы, Java тілінің операторлары мен функциялары, класс достары, кластарға арналған стандартты операцияларды қайта жүктеу, үлгілер, мұрагерлік, кластың қорғалған мүшелері, кластар иерархиясы, виртуалды базалық кластар, әрекеттер аймақтары мен атаулар кеңістіктері, стандартты кітапхана құрылғыларымен Java тіліндегі енгізу-шығару, ағынды кластар, файлдық енгізу-шығару, ерекше жағдайларды өңдеу, динамикалық идентификация және типтерді келтіру, Java тілінің стандартты кітапханасы және жалпыланған бағдарламалауға байланысты мәселелер қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3002 Амалдарды зерттеу, INF 3010 Тиімділеу әдістері.

Визуалды программалау (VB)

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2013 Программалау тілдері.

Бұл курста программалау технологиясының эволюциясы, құрылымдық және объктіге бағытталған программалау қағидалары, программалау терминдерінің және әдістемелерінің сипаттамасы, абстракция, инкансуляция, жаратылысынан ие болу және полиморфизм, объектіге бағытталған тілдердің негізгі конструкциялары, программалау жүйелер құралдарын қолдану қарастырылады. Сонымен қатар объектіге бағытталған бағдарламалаудың технологиясы, VB тілінің операторлары мен функциялары, класс достары, кластарға арналған стандартты операцияларды қайта жүктеу, үлгілер, мұрагерлік, кластың қорғалған мүшелері, кластар иерархиясы, виртуалды базалық кластар, әрекеттер аймақтары мен атаулар кеңістіктері, стандартты кітапхана құрылғыларымен VB тіліндегі енгізу-шығару, ағынды кластар, файлдық енгізу-шығару, ерекше жағдайларды өңдеу, динамикалық идентификация және типтерді келтіру, VB тілінің стандартты кітапханасы және жалпыланған бағдарламалауға байланысты мәселелер қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3003 Компьютерлік модельдеу.

Қолданбалы программалар пакеті

Компьютерлік математика жүйесі (Maple)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, MATH 2011 Математикалық талдау, INF 3004 Сандық әдістер.

Бұл курста күрделі математикалық есептерді компьютерде тиімді өңдеу жолдары. Maple-жүйесінің интерфейсі. Maple-де жүйенің графи-каның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану және көркемділік жақтарын математикалық үлгілеу әдістері, графиктер құру және графиктерді анимациялау тәсілдері, графиканы анимациялауға дайындау, бейнелеу кадрын құру, матрицалар және векторлар шаблонын орнату, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, шектер мен интегралды есептеу мүмкіндіктері, дифференциялдық теңдеулерді шешу қарастырылады.

Постреквизиттер:жоқ.

Объектіге бағытталған жобалау ортасы (MathLab)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, MATH 2011 Математикалық талдау, INF 3004 Сандық әдістер.

Бұл курста күрделі математикалық есептерді компьютерде тиімді өңдеу жолдары. MathLab-жүйесінің интерфейсі. MathLab-та жүйенің графиканың мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану және көркемділік жақтарын математикалық үлгілеу әдістері, графиктер құру және графиктерді анимациялау тәсілдері, графиканы анимациялауға дайындау, бейнелеу кадрын құру, матрицалар және векторлар шаблонын орнату, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, шектер мен интегралды есептеу мүмкіндіктері, дифференциялдық теңдеулерді шешу, Math есептеу процесін басқару, Math позициясы, есептеу опциясын орнату және символды есептеулер қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

MathCad компьютерлік жүйесі

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, MATH 2011 Математикалық талдау, INF 3004 Сандық әдістер.

Бұл курста күрделі математикалық есептерді компьютерде тиімді өңдеу жолдары. Matcad-жүйесінің интерфейсі. Matcad-та жүйенің графиканың мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану және көркемділік жақтарын математикалық үлгілеу әдістері, графиктер құру және графиктерді анимациялау тәсілдері, графиканы анимациялауға дайындау, бейнелеу кадрын құру, матрицалар және векторлар шаблонын орнату, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, шектер мен интегралды есептеу мүмкіндіктері, дифференциялдық теңдеулерді шешу, Math есептеу процесін басқару, Math позициясы, есептеу опциясын орнату және символды есептеулер қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Мультимедиалық технология

Flash технология

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2010 Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop).

Бұл курста қазіргі кездегі мультимедиялық құралдар және оны қолдану ортасы, Windows және басқа жүйелерде қолданылатын көрсеткіштік жүйелер, мультимедиялық жобаларды құрудың негізі, CD-ROM құрылғысын басқару, Windows Media, Macromedia Flash 8 пакеті, Microsoft Windows Media ойнатқышына анықтама беру, Windows форматтары, анимацияның негізі, компьютердегі анимация, электронды оқулық – оқытуға арналған программалық жүйе, электронды оқулықтың құрылымы, авторлық талдау құралдарының әртүрлі типі, авторлық талдаудың объектілік құралдары, авторлық талдаудың уақыттық құралдары, мультимедия интернет, мультимедия WWW, HTML қосымшалары қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3009 Интернетте программалау.

3D программалау (Open GL)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2010 Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop).

Бұл курста графикалық жүйелер құрылымы және үшөлшемді объектілер мен сценалар бейнелерін қалыптастырудың негізгі концепциялары қарастырылады. Қисықтарды және беттерді тұрғызу әдістері, тілдік модельдер, фракталдар және бөлшектер жүйесі, сондай-ақ графикалық құралдарды ғылыми есептеулер нәтижесін визуализациялау үшін пайдалану әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3024 Web программалау негіздері, INF 3030 Білім беру порталдарын бағдарламалық қамтамасыз ету.

Үш өлшемді компьютерлік графика (3DMAX)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2010 Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop).

Бұл курста үш өлшемді графика, үш өлшемді графиканың артықшылықтары, үш өлшемді графиканың бағдарламалық құралдары, 3D MAX интерфейсінің негізгі элементтері, МАХ 2.5 объектілері, үш өлшемді графиканың геометриялық үлгіленуі, 3D Studio Max бағдарламасының объектісінің түрлері қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3024Web программалау негіздері.

Экспертті жүелер

Программалау стилі мен әдістері

4 кредит. Пререквизиттері: CSC 1001 Информатика, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста програмалау стильдері және әдістері қарастырылады. Әртүрлі әдістердің сәйкестігі және сәйкессіздігін түсінуге бағыт бағдар берілген.

Постреквизиттер:INF 3002 Амалдарды зерттеу.

Жасанды интеллект негіздері

4 кредит. Пререквизиттері: CSC 1001 Информатика, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста жасанды интеллект жүйесінің архитектурасы үйретіледі, заңдарды интерпретациялау әдістері мен білімді көрсету әдістері оқытылады, экперттік жүйелер білімдерінің базасын модельдеу және шешімді іздеу, негізгі түсініктерді ашу және нейрон желілерінің негізгі модельдері оқытылады.

Постреквизиттер: INF 3030 Білім беру порталдарын бағдарламалық қамтамасыз ету.

Интеллектуалдық жүйелер

4 кредит. Пререквизиттері: CSC 1001 Информатика, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста интеллектуальды жүйелер жүйесі, эксперттік жүйелерді жасау мысалдары және әдістері, бейнелерді тану теориясының негіздері және бейнелерді тану жүйесі, компьютермен табиғи тілде сұхбаттасу қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3032 Бағдарламалық қамтамаларды тестілеу негіздері.

4 курс

VІІ семестр

Оптимизация әдістері жне амалдарды зерттеу. Компьютерлік модельдеу технологиялары

Амалдарды зерттеу

3 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста сызықтық программалау, оңтайландыру әдістері, дөңес программалау модельдері, жаппай қызмет көрсету теориясы, ойындар теориясы, стохастикалық модельдер теориясы амалдарды зерттеудің арнайы әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер:INF 3003 Компьютерлік модельдеу.

Тиімділеу әдістері

3 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста студенттерге ұйымдастырушылық басқарудың түрлі мазмұнда қисындалған есептерін қиыстыруды және оларды экстремальдық есептерге келтіру, сонымен қатар осындай есептерді шығарудың математикалық әдістері үйретіледі.

Постреквизиттер: INF 3003 Компьютерлік модельдеу.

Компьютерлік модельдеу

3 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста модель және модельдеу негіздері, модельдеу мақсаты, формализациялау, модельдер қасиеті, ақпараттық модельдер, модельдер классификациясы, математикалық және ақпараттық модельдер, компьютерлік модельдерді құру, моделдеу жүйесі, модель белгілері, модель құрудың негізгі кезеңдері, модель түрлері, модельдердің сандық және сапалық бағалары қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Программалап есептер шығару практикумы

4 кредит. Пререквизиттер: INF 3013 Есептеуіш математика, INF 2035 Алгоритмдер және деректер құрылымы.

Бұл курста алгебралық және трансцендент теңдеуді шешудің әдістері, сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің жай итерациялар әдісі және Зейдель әдісі, сызықтық емес алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің релаксация әдісі, матрицаның меншікті мәндері мен меншікті векторларын табудың тікелей ашу әдісі, тең емес арақашықтықта орналасқан түйіндер үшін функцияны интерполяциялау, кері интерполяциялау, сандық интегралдау, Чебышевтің квадратуралық формуласы, шекаралық есептерді шешу әдістері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер алгоритмдер құрудың маңызды амалдары мен әдістерін, оларды формальді сипаттау және орындау тәсілдерін біледі, сандық ақпаратты классикалық және жаңа түрде өңдеу әдістерін және олардың негізі болып табылатын фундаментальді түсініктерді игереді. Кәсіпқойлық қызметте жүйелі программа құруды үйренеді.

Постреквизиттер: жоқ.

Бағдарламлық қамтамалар

Компьютерлерге заманауи бағдарламалық қызмет көрсету

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2012 Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау.

Бұл курста жұмыс дискілерін уақытша файлдардан және жұмыс істемейтін бағдарламалардан тазалау, компьютр дискілерін вирусқа және шпиондық бағдарламалардын бар болуына тексеру және табылған вирустарды емдеу, компьютердегі және қосымша құрылғылардағы кемшіліктерді жою, қажетті софты орнату, мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмысын сүйемелдеу, Интернетті баптау, жергілікті желіні және т.б. қызмет көрсету.

Постреквизиттер: жоқ.

Білім беру порталдарын бағдарламалық қамтамасыз ету

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2040 Компьютерлік ақпараттарды қорғау құралдары мен әдістері.

Бұл курста білім беру порталдарының жалпы сипаттамасы және талдау, білім беру порталдарының базалық қызметтерін анықтау, портал жасау кезеңлері, портал жасау құралдары мен әдістеріне шолу жасау, порталды орналастыру платформасына шолу жасау, ақпараттық білім беру порталдарын жасау технологиялары, бағдарламалау ортасын таңдау, порталға қойылатын талаптар, портал құрылымын жобалау, портал жасау, портал жұмысын тестілеу және нәтижелерін талдау, ақпараттық білім беру порталын ендіру қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Бағдарламалық қамтамаларды тестілеу негіздері

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2034 Ақпараттық қауіпсіздік негіздері.

Курс, тестілеу позициясынан бағдарламалық қамтаманы жасау сапасын бақылау проблемаларын талқылауға арналған. Курстың міндеті бағдарламалық жобаны тестілеушілерді даярлау болып табылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Web программалау

Интернетте программалау

3 кредит. Пререквизиттер: INF 3023 Компьютерлік желілер.

Бұл курста HTML тілі, негізгі тегтері, тегтердің негізгі атрибуттары, формалар және кестелер, Web-тің негізі формалары, фреймдер, интернеттің даму тарихы, негізгі желілік қызметтер, клиент-сервер технологиясы, HTML-базалық технологиясы, қарапайым бет құру жолы, фонның және мәтіннің түстерін енгізу, өлшеуіш тілдерінің берілуі, HTML-құжатының құрылымы, аудио мен видеоклиптерді қолдану, гиперсілтемелер, графикалық компоненттердің белгіленуі және оларды құжатқа орналастыру, бейнелер, желілік графикалық форматтар, аудио және видеофайлдар форматтары, беттердің фреймдік берілуі, форма элементтерінің түрлері және олардың типтері, DYNAMIC HTML, CSS стильді каскадты кестелері, кластар, идентификаторлар, стильдің сыртқы кестелері, элементтер күйлері, объектілер иерархиясы, позицинирлеу және динамикалық стильдер, жаңалықтар моделі және фильтрлер қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

РНР программалау тілі

3 кредит. Пререквизиттер: INF 3017Программалаудың желілік технологиялары.

Бұл курста синтаксис негіздері және басқару конструкциялары, клиент-сервер технологиясы қарастырылады. Сондай-ақ файлдық жүйемен, мәліметтер қорымен, жолдармен, сессиялармен жұмыс қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Web программалау негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: INF 3007 Есептеуіш жүйелер және желілер.

Бұл курста әлемдік ғаламтор технологиясының жұмысы, веб-стандарттар, JavaScript және PHP программалау тілдерінің мүмкіндіктері қарастырылады.

Постреквизиттер:жоқ.

5В010900 – Математика

1 курс

І семестр

1 курс

ІІ семестр

Мектеп математикасының іргелі мәселелері 1  

Математикалық талдау 1

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курс бүкіл математиканың негізгі ұғымдарын анықтап, олардың арасындағы байланыс пен қасиеттерін зерттейді. Бұл курсты оқу студенттердің математикалық көзқарастарын қалыптастырып, математиканың басқада курстарын игеруге негіз жасайды және жоғары математиканы философиялық, танымдық мәндерін игеруге жол ашады.

Постреквизиттер: MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер,MATh 2015 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, MATh 2016 Интегралдық-дифференциалдық теңдеулер,MATh 2020 Жалпыланған аналитикалық функциялар,MATh 2021 Комплекс айнымалы функциялар,MATh 2022 Комплексті анализ.

Бір және көп айнымалылы функцияларды талдау 1

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курста бір және көп айнымалылы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері оқытылады. Оларды есептеу мен іс жүзінде қолдану тәсілдері көрсетіледі. Сонымен бірге сандық жиындар теориясы, сандық тізбектер және қатарлар теориясы да қарастырылады.

Постреквизиттер: MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер,MATh 2015 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, MATh 2016 Интегралдық- дифференциалдық теңдеулер,MATh 2020 Жалпыланған аналитикалық функциялар,MATh 2021 Комплекс айнымалы функциялар,MATh 2022 Комплексті анализ.

Математикалық талдаудың негізгі сұрақтары 1

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курста математикалық талдаудың негіздерімен бірге кейбір күрделі тақырыптарда оқытылады. Гиперблалық, гамма, бета функциялар жайлы тереңірек қарастырылады, параметрден тәуелді интегралдар және өріс теориясының элементтері беріледі.

Постреквизиттер: MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер,MATh 2015 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, MATh 2016 Интегралдық- дифференциалдық теңдеулер,MATh 2020 Жалпыланған аналитикалық функциялар,MATh 2021 Комплекс айнымалы функциялар,MATh 2022 Комплексті анализ.

2 курс

ІІІ семестр

Жоғарғы геометрия

Аналитикалық геометрия

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Аналитикалық геометрия курсы болашақ математика пәнінің мұғалімінің жалпы математик маман ретінде қалыптасуы үшін қажет. Аналитикалық геометрия курсын толық меңгерген студент әртүрлі геометриялық есептерді шешуде алгебралық аппаратты қолдана алады және басқа математикалық пәндердің ұғымдарының геометриялық мағынасын түсініп геометрияны орта мектепте сауатты түрде оқыта алады.

Постреквизиттер:MATh 2017 Дифференциалдық геометрия және топология, MATh 2018 Геометрия негіздері,MATh 2019 Проективті геометрияның негіздері.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Аналитикалық геометрия және сызықтық алгебра пәні ертеден қалыптасқан классикалық, аналитикалық геометрия мен сызықтық алгебраның негіздерін оқытып, үйрету және математика пәнінің мұғалімінің жалпы математик маман ретінде қалыптасуы үшін қажет. Бұл курсты оқу нәтижесінде басқа пәндерді, мәселен, математикалық талдауды, математикалық логиканы, математиканы оқыту әдістемесін және тағыда басқа пәндерді саналы түрде меңгеруге болады.

Постреквизиттер:MATh 2017 Дифференциалдық геометрия және топология, MATh 2018 Геометрия негіздері,MATh 2019 Проективті геометрияның негіздері.

Геометрия

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Геометрия курсы болашақ мұғалімнің геометрияға деген көзқарасын жан-жақты түрде қалыптастырып, мектеп геометриясын және арнайы геометрия курстарын оқыта алатындай нақты біліммен қаруландыру керек. Геометрия пәнін оқу нәтижесінде геометрияның теориялық негіздері мен әдістерін біліп, оның аппаратын математиканың әртүрлі салаларында кездесетін есептерін шешуде қолдана алады.

Постреквизиттер:MATh 2017 Дифференциалдық геометрия және топология, MATh 2018 Геометрия негіздері,MATh 2019 Проективті геометрияның негіздері.

Мектеп математикасының іргелі мәселелері 2

Математикалық талдау 2

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курс бүкіл математиканың негізгі ұғымдарын анықтап, олардың арасындағы байланыс пен қасиеттерін зерттейді. Бұл курсты оқу студенттердің математикалық көзқарастарын қалыптастырып, математиканың басқада курстарын игеруге негіз жасайды және жоғары математиканы философиялық, танымдық мәндерін игеруге жол ашады.

Постреквизиттер: MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер,MATh 2015 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, MATh 2016 Интегралдық- дифференциалдық теңдеулер,MATh 2020 Жалпыланған аналитикалық функциялар,MATh 2021 Комплекс айнымалы функциялар,MATh 2022 Комплексті анализ.

Бір және көп айнымалылы функцияларды талдау 2

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курста бір және көп айнымалылы функциялардың дифференциалдық және интегралдық есептеулері оқытылады. Оларды есептеу мен іс жүзінде қолдану тәсілдері көрсетіледі. Сонымен бірге сандық жиындар теориясы, сандық тізбектер және қатарлар теориясы да қарастырылады.

Постреквизиттер: MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер,MATh 2015 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, MATh 2016 Интегралдық-дифференциалдық теңдеулер,MATh 2020 Жалпыланған аналитикалық функциялар,MATh 2021 Комплекс айнымалы функциялар,MATh 2022 Комплексті анализ.

Математикалық талдаудың негізгі сұрақтары 2

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курста математикалық талдаудың негіздерімен бірге кейбір күрделі тақырыптарда оқытылады. Гиперблалық, гамма, бета функциялар жайлы тереңірек қарастырылады, параметрден тәуелді интегралдар және өріс теориясының элементтері беріледі.

Постреквизиттер: MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер,MATh 2015 Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер, MATh 2016 Интегралдық- дифференциалдық теңдеулер,MATh 2020 Жалпыланған аналитикалық функциялар,MATh 2021 Комплекс айнымалы функциялар,MATh 2022 Комплексті анализ.

ІV семестр

Алгебра 

Алгебра және сандар теориясы

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курстың мақсаты студенттердің алгебра және сандар теориясы пәнінің негізгі бөлімдерін оқып үйренуіне көмектесу және болашақ математика мұғалімінің жалпы алгебралық біліктілік дәрежесін көтеру болып табылады. Бұл пән болашақ мұғалімнің алгебраға деген көзқарасын жан-жақты қалыптастырып, оны орта мектепте алгебраны оқытуға мүмкіндік беретін білімдермен қамтамасыз етуі тиіс.

Постреквизиттер: MATh 3011 Математикалық логика және дискретті математика,MATh 3012 Математикалық логика және алгоритмдер теориясы, MATh 3013 Қазіргі білім жүйесіндегі математикалық логика.

Алгебра және сандар теориясы есептерін шығару практикумы

6 кредитов. Пререквизиты: MATh 3001 Элементарная математика.
Цель этого курса является изучить студентам основные курсы по алгебре и теория чисел и применять их на практике, развивать математические логические мышление, подготовить профессиональным обучением.
Постреквизиты: MATh 3011 Математическая логика и дискретная математика, MATh 3012 Математическая логика и теория алгоритмов, MATh 3013 Математическая логика в системе современном образовании.

Сызықтық алгебра

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курстың негізгі мақсаты жиындар теориясының элементтерін, комплекс сандар өрісін, сызықтық теңдеулер жүйесін, матрица мен анықтауыштар алгебрасын оқыту және оларды әртүрлі есептерді шешуде қолдануға үйрету.

Постреквизиттер: MATh 3011 Математикалық логика және дискретті математика,MATh 3012 Математикалық логика және алгоритмдер теориясы, MATh 3013 Қазіргі білім жүйесіндегі математикалық логика.

3 курс 

V семестр

Есептерді шешу әдістері

Математикалық есептер шешу практикумы

6 кредит. Пререквизиттер:MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курстың мақсаты студенттердің мектептегі математика курсы бойынша алған білімдерін, машықтарын, икемділіктерін жүйелеу, математикалық есептерді шешудің негізгі әдістерін үйрену, оқу-танымдық белсенділігін дамыту және қалыптастыру.

Постреквизиттер: MATh 2001 Математиканы оқыту әдістемесі. 

Мектеп курсындағы күрделі есептерді шығару практикумы

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Бұл курстың мақсаты - студенттерге күрделі есептерді шеше білу әдістерін, оған қойылатын педагогикалық талаптарды меңгере білуге, теориялық материалдарды есептер шығаруға қолдануға үйрету.

Постреквизиттер: MATh 2001 Математиканы оқыту әдістемесі. 

Есептерді шешудің әдістемелік негіздері

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 3001Элементарлық математика.

Курсты оқытудың негізгі мақсаты болашақ математика пәнінен сабақ беретін мұғалімдердің – студенттердің нақты білімдерін, практикалық дағдыларын қалыптастырумен оны үздіксіз тексеру және олардың педагогикалық – кәсіби ой-өрісінің дамуына көмектесу болып табылады.

Постреквизиттер: MATh 2001 Математиканы оқыту әдістемесі. 

Физиканың заңдылықтары

Қолданбалы физика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Қолданбалы физика курсының негізгі принциптері мен заңдарын және олардың математикалық өрнектерін, негізгі физикалық құбылыстар мен оларды ақылау әдістері және эксперименттік зерттеу әдістері, физикалық шамаларды өлшеу әдістері, физикалық аспаптарды, компьютерді қолдану жолдарын оқытады. Қолданбалы физика курсының мақсаты: бақылаулар мен практикалық тәжірибені және орындалған эксперименттің нәтижелерін қорытындылау ретінде көмектесу.

Постреквизиттер: жоқ. 

Физика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Студенттерді физиканың маңызды жетістіктері мен даму кезеңдерімен таныстыру, болашақ маман санасында негізгі физикалық заңдар мен құбылыстар туралы айқын қалыптастыру, студенттерді экспериментальдық дағдылыққа баулу, алған білімдерін іс-жүзінде және физикалық есептерді шығару барысында қолдануға үйрету, байқалған құбылыстар туралы болжамдарды тексеруге қажетті эксперимент қоя білуге тәрбиелеу.

Постреквизиттер: жоқ. 

Жалпы физика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Жалпы физика курысында табиғат құбылыстары туралы теориялар мен заңдылықтар туралы тереңірек түсіндіріліп, эксперимент ретінде зертханалық жұмыстар жасалып, практика түрінде физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздерін меңгертеді.Физика есептерін шығару студенттердің оқу материалдарын саналы түрде терең игеруіне қолайлы жағдай туғызады. Сонымен қатар, есептерді шығару студенттердің өздігінен ойлануын, қиыншылықтарды жеңуге деген жігерін және табандылығын арттыру құралдарының бірі болып есептелініп, оқу процесін жақсарта түседі.

Постреквизиттер: жоқ. 

Алгоритмдеу негіздері

Математикалық логика және дискретті математика

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2005Алгебра және сандар теориясы.

Математикалық логика және дискретті математика курсы студенттердің абстрактылы ойлау мәдениетін қалыптастыратын методикалық тұрғыдан өзара байланысты тұтас курсты құрайды. Курстың құрамына қазіргі дискрет математиканың негізгі бөлімдері және математикалық логиканың бастамалары: жиындар теориясының негіздері айтылымдар мен предикаттар алгебрасы, графтар теориясы, құпия теориясының негіздері, комбинаторика кіреді.

Постреквизиттер: INF 3004 Сандық әдістер,INF 3012 Математикалық модельдеу, INF 3026 Анализдің сандық әдістері. 

Математикалық логика және алгоритмдер теориясы

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2005Алгебра және сандар теориясы.

Бұл курстың мақсаты – студенттерді математикалық логиканың алғашқы ұғымдарымен және оладың қолдануларымен таныстыру, басқа пәндерді меңгеруге теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дайындау. Курста қарастырылатын теоремаларды дәлелдеу, формулаларды қорыту, математикалық ұғымдарды формальді тіл арқылы сипаттау.

Постреквизиттер: INF 3004 Сандық әдістер,INF 3012 Математикалық модельдеу, INF 3026 Анализдің сандық әдістері. 

Қазіргі білім жүйесіндегі математикалық логика

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2005Алгебра және сандар теориясы.

Бұл курстың мақсаты - буль функциялары жүйелерінің толықтығын іс жүзінде тексере білу, сипаттамалары бойынша буль функцияларын құру, математикалық формулаларды формальді тілде жазу, әртүрлі қасиеттерді шекті графтарда тексеру, ақпараттарды құпиялаудың стандартты әдістерін қолдану, қарапайым сөйлемдер мен қасиеттерді өз бетінше құру және дәлелдеу.

Постреквизиттер: INF 3004 Сандық әдістер,INF 3012 Математикалық модельдеу, INF 3026 Анализдің сандық әдістері. 

VI семестр

Дифференциалдық теңдеулердің жалпы теориясы

Дифференциалдық теңдеулер

4 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2.

Бұл курс жай дифференциалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйелерінің шешімдерін анықтауға, құруға бағытталған әдістерді үйретуге, табылған шешімдерді зертеуге арналған жоғары математиканың үлкен бір тарауы. Курстың мақсаты – математикалық талдау пәні бойынша өтілетін дифференциалдық және интегралдық есептеулердің қолданыстарын дифференциалдық теңдеулерді шешу әдістерімен байланыстыра оқыту арқылы қалыптастыру.

Постреквизиттер: MATh 3020 Математикалық физика теңдеулері,MATh 3021 Толқындық теңдеулер теориясы, MATh 3022 ІІ-ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер.

Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер

4 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2.

Дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер пәнінің мақсаты – студенттердің осы курс бойынша игерген білімдерін қалыптастыру және де осындай теңдеулерді шешу тәсілдерін меңгерту.

Постреквизиттер: MATh 3020 Математикалық физика теңдеулері,MATh 3021 Толқындық теңдеулер теориясы, MATh 3022 ІІ-ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер.

Интегралдық-дифференциалдық теңдеулер

4 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2.

Интегралдық-дифференциалдық теңдеулер курсының мақсаты – студенттердің дифференциалдық теңдеулер мен теңдеулер жүйелерінің негізгі ілімдері бойынша алған білімдерін жетілдіру, жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі салаларында кездесетін интегралдық-дифференциалдық теңдеулерді шешуге, шешімдерін зерттеуге бейімдеу.

Постреквизиттер: MATh 3020 Математикалық физика теңдеулері,MATh 3021 Толқындық теңдеулер теориясы, MATh 3022 ІІ-ретті дербес туындылы дифференциалдық теңдеулер.

Қазіргі заман математикасының іргелі мәселелері

Дифференциалдық геометрия және топология

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2002Аналитикалық геометрия.

Педагогикалық университеттерінде «Дифференциалдық геометрия және топология» курсы дифференциалдық геометрияның классикалық бөлімдерін (евклидтік кеңістіктегі қисықтар және беттер, беттің ішкі геометриясы) және жалпы топологияның бастапқы бөлімдерін қамтиды. Курстың негізгі мақсаты - математика мамандығы бойынша оқитын студенттерді евклидтік кеңістіктегі дифференциалдық геометриядан дайындап, дифференциалдық геометрия аппаратын басқа математикалық пәндерді оқығанда қолдану мүмкіндіктерін көрсету және топологияның негізгі ұғымдары мен идеяларымен таныстыру.

Постреквизиттер:MATh 3008 Сызба геометрия, MATh 3009 Геометрияның өзекті мәселелері, MATh 3010 Мектеп геометрия курсындағы таңдаулы сұрақтар.

Комплексті анализ

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2.

Бұл курстың негізгі мақсаты – студент-тердің математиканы терең түсінуіне және болашақ математика пәні мұғалімдерінің мәдени дәрежесін көтеруге көмектесу, функциялардың жалпы қасиеттерін жүйелі түрде оқып үйрену, комплекс айнымалы функциялардың жалпы қасиеттерін уйрету.

Постреквизиттер: жоқ.

Сызба геометрия

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2002Аналитикалық геометрия.

Сызба геометрия пәні сызбаларды оқып білу, түсіну және эскиздерді сызып үйренуді меңгеру - өндірісте сәтті қызмет атқарудың кепілі, сондықтан сызба геометрия пәнінде келесі мәселелер қарастырылады: заттар кескіндерін жазықтық бетіне салу тәсілдерін жетілдіру; геометриялық денелердің кеңістікте өзара орналасуы туралы есептерді графиктік жолмен шешу; фигуралардың берілген кескіндері бйынша олардың геометриялық қасиеттерін анықтау.

Постреквизиттер: жоқ.

Білім беру үдерісіндегі ақпараттық технологиялар

Педагогикалық информатика

1 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001Информатика.

Бұл курста педагогикалық информатиканың теориялық негіздері, негізгі әдістері және білім беруді ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттары, педагогикалық информатика пәні мен оның заңдылықтары, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамалық негіздері, білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, компьютерлендіру бағыттары, білім беруді ақпараттандыру мен компьютерлендірудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамыту алгоритмі, ақпараттық-коммуникациялық технология және оның даму тарихы, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне қолдану мәселесі, педагогикалық программалық құралдар типологиясы, педагогикалық программалық құралдарға талдау, электрондық оқулықтар және оны құрастыруға қойылатын дидактикалық талаптар, педагог мамандардың ақпараттық құзырлығын және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары, педагогикалық технологияларға сипаттама, ақпараттық технологиялар, ақпараттарды іздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдістемелік негіздері, қашықтан оқыту, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

1 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001Информатика.

Бұл курста коммуникациялық технология мәселелері мен коммуникациялық технологияларды практика жүзінде қолдану, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның зерттеу объектісі мен пәні, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның негізгі ұғымдары мен категориялары, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның міндеттері, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамалық негіздері, ақпараттық қоғамның дамуы, қоғамның ақпараттық ресурстары, білім беруді ақпараттандыру-дың алғы шарттары мен кезеңдері қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

IT құралдарын пайдалану практикумы

1 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001Информатика.

Бұл курста білім беруде интерактивті тақтаны қолданып сабақ өтудің мақсаты мен міндеті, интерактивті тақта және оның құралдарын пайдаланудың ерекшеліктері, сабақта интерактивті тақтаны қолданып сабақ өткізудің ерекшеліктері, пәндегі мәтіндік және кестелік мәліметтерге интерактивті тақтаның мүмкіндіктері, пәніндегі сәйкес кітапхананы пайдаланып (карта, анықтамалық, энциклопедия) сабақ өткізуде интерактивті тақтаның мүмкіндіктері, табиғи процестерді сипаттауда интерактивті тақтаның мүмкіндіктері, сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылытест алу мүмкіндігінқолдану,интерактивті тақта құралдарының көмегімен пән бойынша электронды оқулықтар дайындаудың жолдары қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Ықтималдықты заңдылықтар

Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2.

Бұл курстың мазмұны төмендегідей аспектілерді бейнелейтін негізгі теориялық және практикалық мағлұматтарды қамтуы тиіс: ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары мен теоремалары, тәуелсіз тәжірибелер тізбегі, кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары, ықтималдықтар теориясының шектік теоремалары, математикалық статистика элементтері, кездейсоқ процестер.

Постреквизиттер: жоқ.

Математикалық статистикада ықтималдықтар теориясының қолданылуы

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2.

Бұл курстың мақсаты кез-келген ықтималдықты-статистикалық жүйе туралы жалпыланған білім алу, оның жалпы құрылу және басқарылу заңдылықтарын ашу. Бұл пәнді меңгеру нәтижесінде студенттер ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистикадағы негізгі ғылыми жетістіктерді білуі, компьютерлік технологияларды пайдалана отырып статистикалық мәліметтерді өңдеу әдістерін игере білуі керек.

Постреквизиттер: жоқ.

Ықтималдықтар теориясының негізгі курсы

6 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2.

Бұл курста ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары мен теоремаларын меңгерумен қатар, кездейсоқ және ақпарат-тық процестердегі заңдылықтарды (үлестіру түрі, сандық сипаттамасы, жинақтау, өңдеу, тарату) меңгере алады.

Постреквизиттер: жоқ.

4 курс 

VІІ семестр

Математика ғылымының дамуы

Математика тарихы және методологиясы

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2008Математикалық есептер шешу практикумы.

Математика тарихы және мотодологиясын үйрену, оның методологиялық негіздерімен танысу жоғары оқу орындарында мамандар даярлаудың аса маңызды бір бөлігі болып табылады. Бұл курс негізгі математикалық ұғымдардың қалыптасу жолдары мен математиканың пайда болу ерекшеліктерін көрсетеді.

Постреквизиттер: жоқ.

Математиканың даму тарихынан

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2008Математикалық есептер шешу практикумы.

 «Математиканың даму тарихынан» курсы болашақ математик мұғалімдерге математикалық ілімнің дамуы туралы түсінік беріледі және олардың кәсіптік мамандығына байланысты екендігін көрсетеді. Математика тарихының даму кезеңдерін математиканың негізгі ұғымдарының қалыптасуы мен тарихы туралы мағлұматтар беріледі.

Постреквизиттер: жоқ.

Ұлы математиктер еңбектері

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2008Математикалық есептер шешу практикумы.

 «Ұлы математиктер еңбектері» курсында математиканың тууына, дамып қалыптасуына үлкен үлес қосқан Ежелгі Мысыр мен Вавилон, Ертедегі Қытай мен Үнді, Ертедегі Грек, Орта Азия мен Таяу Шығыс, Еуропа және Қазақстан елдеріндегі математика мен математиктер жайлы, олардың ғылыми еңбектері туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Постреквизиттер: жоқ.

Мектеп геометриясының фундаментальді сұрақтары  

Геометрия негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2002Аналитикалық геометрия.

Геометрия негіздері курсы болашақ математика мұғалімінің жалпы математика пәнінің маманы ретінде қалыптасуы үшін қажет. Бұл пәнді оқу нәтижесінде геометрия негіздерінің негізгі зерттеу әдістерін меңгеріп, басқа математикалық пәндерді саналы түрде меңгере алады. Студенттердің кеңістіктік, логикалық ойлауын дамыту, негізгі методикалық көзқарастарын қалыптастыру, геометрия негіздерінің негізгі зерттеу әдістерін меңгеру.

Постреквизиттер: жоқ.

Геометрияның өзекті мәселелері

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2002Аналитикалық геометрия.

Геометрияның өзекті мәселелері курсы болашақ математиктердің геометрияға деген көзқарасын жан-жақты түрде қалыптастырып, геометрияны және арнайы геометрия курстарын оқыта алатындай нақты біліммен қаруландыру керек. Сондықтан, курстың негізгі мақсаты: студенттің геометрияның теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; математикалық теорияларда аксиома-тикалық әдісімен құрастыру және олардың қайшылықсыздық, толықтық, тәуелсіздік проблемаларын қарастыру. Мұндай көзқарас математикалық теорияларды оқып үйренуде қазіргі математика дәуіріне сәйкес және білімнің басқа салаларында көбірек қолданылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Мектеп геометрия курсындағы таңдаулы сұрақтар

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2002Аналитикалық геометрия.

Мектеп геометрия курсындағы таңдаулы сұрақтар пәні болашақ математика пәні мұғалімнің жалпы маман ретінде қалыптасуы үшін қажет. Сонымен қатар орта мектепте геометрияны оқытудың ғылыми негіздерін жан-жақты құрап, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, әртүрлі орта білім беретін оқу орындарында геометриядан сабақты жоғары дәрежеде жүргізе алады.

Постреквизиттер: жоқ.

Қолданбалы математика

Сандық әдістер

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2, MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер.

Бұл курстың мақсаты – қолданбалы есептерді шешудің жуықтау әдістері, қате көздері және нәтиже дәлдігінің әдістері жайындағы түсінікті студенттерге жүйелендірілген түрде қалыптастыру, таным үрдісінде пайда болатын математикалық есептерді ЭЕМ-ның көмегімен шешудің есептеу алгоритмдерін құрып, қолдана білуге дайындау.

Постреквизиттер: жоқ.

Математикалық модельдеу

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2, MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер.

Бұл курста математикалық модельдеу ұғымын және модельдеудің негізгі кезеңдерін қарастырады. Сызықтық бағдарламалау есептерінің қойылымы. Есептердің математикалық моделдерін құру. Сызықтық бағдарлама есебін графиктік әдіспен шешу. Сызықтық емес бағдарла-малау есептері. Ойындар теориясы туралы түсінік. Сызықтық регрессия моделі.

Постреквизиттер: жоқ.

Анализдің сандық әдістері

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2, MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер.

Анализдің сандық әдістері курсының мақсаты – студенттерді қойылған есепті шешу барысында сандық шешудің тиімді тәсілдерін таңдауға, әртүрлі әдістермен алынған есептің нәтижелерін салыстыруға үйрету.

Постреквизиттер: жоқ.

Үйлесімді математика

Математикалық физика теңдеулері

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2, MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер.

Бұл курстың мақсаты – болашақ математика мамандарына осы пәннің қажетті деп саналатын негізгі мәселелерін, қағидалары мен ұғымдарын қалыптастыру, олардың физикалық және геометриялық мағыналарын айқындап меңгерту, ілімдері мен есептерінің байланыстарын, есептеу және талдау жолдарын, әдістері мен тәсілдерін жеткілікті игерту арқылы математикалық ой-өрісін дамыту.

Постреквизиттер: жоқ.

Функционалдық анализге кіріспе

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2, MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер.

Бұл курста функционалдық анализдің алғашқы бөлігі, оның ішінде метрикалық нормаланған векторлық кеңістіктердегі түрлендірулері қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Сызықты үзіліссіз функционалдар

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау 1, MATh 2033 Математикалық талдау 2, MATh 2014Дифференциалдық теңдеулер.

Бұл курста сызықты функционалдың жалпы анықтамасы, толық метрикалық кеңістіктер, метрикалық кеңістіктердегі түрлендірулер және олардың қолданылуы ретінде өлшемді функциялар, операторлар теориясы қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Заманауи педагогикалық технологиялар

Математиканы оқытудың инновациялық технологиялары

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2001Математиканы оқыту әдістемесі.

Бұл курстың мақсаты – студенттерге орта мектептегі математиканы оқытудың жаңа және жетілдірілген әдістерін меңгерту, оларды мектеп математика курсын оқытуда пайдалана алуға үйрету, шығармашылықпен, оқушыны жеке тұлға ретінде қарап, білім, білік және дағдыларды меңгерту.

Постреквизиттер: жоқ.

Математикалық білімде құзыреттілік тұрғы

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2001Математиканы оқыту әдістемесі.

Бұл курстың мақсаты – мектеп математика курсын басқа пәндермен сабақтастыра отырып, математиканың өмірде қолданылысының жолдарын меңгерту. Ол үшін математиканы оқыту әдістемесінің мәселелерін, оқытудың инновациялық, педагогикалық технология-ларын терең меңгеру керек.

Постреквизиттер: жоқ.

Математикалық білімдегі интеграция

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2001Математиканы оқыту әдістемесі.

Бұл курстың мақсаты – физика, информатика, химия, сызу, философия, психология, колорометрия және семиотика ғылымдарымен іліктестіріп, меңгерілген теорияның қолданысын сабақ үстінде көрсете алу. Оқушының өз бетінділік жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын біліп, деңгейлеп, әрі саралап оқытудың талаптарын меңгеру қажет.

Постреквизиттер: жоқ

5В011000 - Физика

1 курс

І семестр

Механика

Механика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курста материялық нүктенің кинематикасы, материялық нүктенің динамикасы, Ньютон заңдары, күш, масса, импульс, импульс моменті, күш моменті, инерция моменті ұғымдары, импульстің, импульс моментінің сақталу заңдары, күш жұмысы және қуат, кинетикалық және потенциалдық энергия, толық энергияның сақталуы, материялық нүктелер жүйесінің динамикасы, қатты дене механикасы, Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы. Ауырлық күші және дене салмағы, салмақсыздық. Бірінші, екінші және үшінші космостық жылдамдықтар, планеталар қозғалысы, Кеплер заңдары, инерциялық емес санақ жүйелеріндегі қозғалыс (ИЕСҚ), инерция күштері, арнайы салыстырмалы теория элементтері (АСТ),сұйықтар мен газдар механикасы, ламинарлық және турбуленттік ағыс, Рейнольдс саны, Стокс формуласы, Магнус эффектісі, акустика. Акустикадағы Допплер құбылысы.

Постреквизиттер: PHYZ 2019 Классикалық механика.

Механикалық қондырғылар

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курста механикалық қондырғылар, жылдамдық өлшейтін құралдар, қысым өлшейтін құралдар, механикалық құралдармеен жұмыс істеу әдістері, техникалық қауіпсіздік шаралары, құралдарды градуирлеу әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер: PHYZ 2018 Массасы өзгермелі денелер системасының динамикасы.

Қолданбалы физика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Физикалық ұғымдар, физикалық шамалар және оның өлшем бірліктері. Тармақталған электр тізбегін зерттеу. Электр энергиясын өлшеу. p-n-ауысуын зерттеу. Диод. Стабилитрон. Ядролық бөлшектердің затпен әсерлесуі. Зарядталған бөлшектердің ортамен әсерлесуі. Энергияның шығыны. Зарядталған бөлшектердің тежелуі. Нейтрондардың затпен әсерлесуі. Γ-кванттардың зат арқылы өтуі. Ядролық сәулелердің организмге әсері.

Постреквизиттер: PHYZ 2020 Кинетика негіздері.

ІІ семестр

Молекулалық физика

Молекулалық физика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл пәнде заттардың агрегаттық күйлері, идеал газ, газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі, газ заңдары, идеал газ күйінің теңдеуі, идеал газдың ішкі энергиясы, статистикалық әдіс және ықтималдықтар теориясының элементтері. Биноминалді таралу, Пуассон, Максвелл және Больцман таралулары, термодинамиканың бастамалары, газдардың жылу сыйымдылығы, адиабаттық және политропты процесстер, диффузия, тұтқырлық және жылу өткізгіштік, Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі қарастырылады.

Постреквизиттер: PHYZ 3007Жылу физикасы.

Молекула-кинетикалықтеория

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Молекула-кинетикалық теория негіздері, молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеулері, газ заңдары, идеал газ күйінің теңдеуі, идеал газдың ішкі энергиясы, статистикалық әдіс және ықтималдықтар теориясының элементтері, тасымал құбылыстары, газдардың жылу сыйымдылығы, адиабаттық және политропты процесстер, диффузия, тұтқырлық және жылу өткізгіштік ұғымдары жайлы мағлұмат беріледі.

Постреквизиттер:PHYZ 3008 Кристалдар физикасы.

Термодинамика негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Пәнде заттардың агрегаттық күйлері, идеал газ, газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі, газ заңдары, идеал газ күйінің теңдеуі, идеал газдың ішкі энергиясы, статистикалық әдіс және ықтималдықтар теориясының элементтері. Биноминалді таралу, Пуассон, Максвелл және Больцман таралулары, термодинамиканың бірінші бастамасы, газдардың жылу сыйымдылығы, адиабаттық және политропты процесстер, термодинамиканың екінші бастамасы, циклді процестер, энтропия, тасымалдау процестері, молекулалардың өзара әсерлесу күштері мен қарапайым потенциалдары, газдардың жылу сыйымдылығы, адиабаттық және политропты процесстер, диффузия, тұтқырлық және жылу өткізгіштік, Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі қарастырылады.

Постреквизиттер: PHYZ 2029 Кинетикалық теория негіздері.

2 курс

ІІІ семестр

Электр және магнетизм

Электр және магнетизм

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Пәнде потенциал, нүктенің және таралған зарядтар жүйесінің потенциалдық энергиясы, Гаусс және циркуляция теоремаларының дифференциалды түрі, диэлектриктер, Диполь өрісі, электр өрісіндегі диполь, квадруполь, поляризация, пьезокристалдар мен сегнетоэлектриктер, электр өрісіндегі өткізгіштер, өткізгіш-вакуум шекарасындағы электр өрісінің қасиеттері, кескіндер әдісі, электр сыйымдылық, конденсаторлар, ЭҚК, өткізгіштіктің электрондық классикалық теориясы, Ом және Джоуль-Ленц заңдарының дифференциалдық түрлері, ток қуаты, өткізгіштік және меншікті кедергі, Кирхгоф ережелері, электролиттегі және газдағы ток, магнит өрісі, Био-Савар-Лаплас заңы, электр және магнит өрістеріндегі зарядтардың қозғалысы, Холл эффектісі, электромагниттік индукция, айнымалы ток, актив және реактив кедергі, тізбектегі ток пен кернеудің әсерлік мәндері, өткізгіштердегі құйынды токтар, Максвелл теңдеулері, Лаплас және Пуассон теңдеулері, вакуум және диэлектриктегі толқын жылдамдығы, пойтинг векторы, Доплер құбылысы жайлы ұғым қалыптастырады.

Постреквизиттер:PHYZ 2022Электродинамика және САТ.

Диэлектриктер және жартылай өткізгіштер физикасы

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курста диэлектриктегі электр өрісі, өріс кернеулігі, электростатикалық өріс күштерінің жұмысы, электролиттегі ток, электролиз заңы, еріксіз және ерікті газ разрядтары, кернеулік векторының ағыны, электр өрісіндегі жұмыс ұғымдары қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 2021 Өріс теориясы.

Электр және магнит өрісіндегі өткізгіштер

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курста өткізгіштік және меншікті кедергі, Кирхгоф ережелері, электролиттегі және газдағы ток, магнит өрісі, Био-Савар-Лаплас заңы, электр және магнит өрістеріндегі зарядтардың қозғалысы, Холл эффектісі, электромагниттік индукция, айнымалы ток, актив және реактив кедергі, тізбектегі ток пен кернеудің әсерлік мәндері, өткізгіштердегі құйынды токтар, Максвелл теңдеулері, Лаплас және Пуассон теңдеулері, вакуум және диэлектриктегі толқын жылдамдығы, пойтинг векторы, Доплер құбылысы.

Постреквизиттер:PHYZ 2023 Гравитациялық өріс.

Математика

Жоғарғы математика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Жоғарғы математика курсында тізбек шегі, функция ұғымы, функция шегі, үзіліссіз функциялар, функция туындысы, дифференциалы, туындының физикада кейбір қолданылулары, анықталмаған интеграл, анықталған интеграл, көпайнымалылар функциялары туралы ұғымдар, қисық сызықты интегралдар, беттік интегралдар, сандық қатарлар, функционалдық тізбектер және қатарлар, дәрежелік қатарлар, Тейлор қатары, дәрежелік қатарлардың қолданылулары, тригонометриялық қатарлар, Фурье қатары, дифференциялдық теңдеулертуралы түсінік, 1-ші ретті дифференциялдық теңдеулер, жоғарғы ретті дифференциялдық теңдеулер, комплекс сандар және оларға амалдар қолдану, комплекс айнымалы функция, комформды бейнелеулер, интегралдық және дәрежелік қатарлар, Тейлор және Лоран қатарлары, қалымды және оның қолданылуы қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Элементарматематика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Пәнде арифметика, бөлінгіштік қасиеттері, арифметиканың негізгі теоремасы, ЕҮОБ жғне ЕКОЕ, Евклид алгоритмі, рационал сандарды периодты бөлшек түрге келтіру, комбинаторика, математикалық индукция әдісі, Ньютон биномы, терулер, орналастырулар жғне алмастырулар, ықтималдықты есептеуге арналған комбинаторикалық есептер, комбинаторлық тепе-теңдіктер, элементар функциялар, өрнектерді теңбе-тең түрлендіру, теңдеулер мен теңсіздіктер, тригонометрия, параметрлі есептер, планиметрия, абсолютті геометрияның аксиомалары жғне анықтамалары, негізгі геометриялық объектілер және олардың қасиеттері, жазықтықтағы фигуралардың ұқсастығы, іштей жғне сырттай сызылған көпбұрыштар, жазықтықтағы салу есептері, стереометрия, стереометрияның аксиомалары мен анықтамалары, кеңістіктегі түзу жғне жазықтықтың параллелдігі мен перпендикулярлығы, көпжақтар, геометриялық денелердің бетінің ауданы мен көлемін есептеу әдістерін оқытады.

Постреквизиттер: жоқ

Математика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Математика курсында векторлық есептеу, аффиндік және декарт координаталар системасы, координаталар системасын түрлендіру, жазықтықтағы және кеңістіктегі түзулер геометриясы, кеңістіктегі жазықтықтар және түзулер, екінші ретті қисық және оны канондық түрге келтіру, екінші ретті беттер, анықтауыштар теориясы, матрицалар алгебрасы, сызықты кеңістіктер, сызықты түрлендірулер, квадратты формалар және квадрикалар, дөңес фигуралар ұғымдарын қалыптастырады.

Постреквизиттер: жоқ.

ІV семестр

Оптика

Оптика

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика.

Жарықтың табиғаты жайлы және оның затпен әсерлесуі мен таралуында байқалатын негізгі құбылыстар мен заңдылықтарды түсіндіреді. Интерференция, дифракция, поляризация және геометриялық оптиканың негізгі заңдылықтарына сүйеніп жұмыс істейтін құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіреді. Жарықтың жұтылуы, сәуле шығаруы, шашырауы мен шағылуына негізделген ғылыми зерттеу әдістерімен таныстырады.

Постреквизиттер:PHYZ 2015 Атом және атом ядросының физикасы.

Электромагниттік толқындар теориясы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика.

Электромагниттік толқындар теориясын, электромагниттік сәуле шығару шкаласымен таныстырады. Интерференция, дифракция, поляризация және геометриялық оптиканың негізгі заңдылықтарына сүйеніп жұмыс істейтін құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіреді. Электромагниттік толқындар шкаласына жататын толқындардың түрімен таныстырады.

Постреквизиттер:PHYZ 2016 Атомдық физика негіздері.

Оптикалық құбылыстар физикасы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика.

Оптикалық құбылыстарды, оның ішінде интерференция, дифракция, поляризация және дисперсия құбылыстарымен таныстырады. Жарықтың жұтылуы, сәуле шығаруы, шашырауы мен шағылуына негізделген ғылыми зерттеу әдістерімен таныстырады. Оптикалық құралдардың жұмыс істеу принципін үйретеді.

Постреквизиттер:PHYZ 2017 Ядро және элементар бөлшектер физикасы.

Классикалық механика

Массасы өзгермелі денелер системасының динамикасы

4 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика.

Бұл курста массасы өзгермелі бөлшектердің динамикасы, динамиканың жалпы теоремалары, классикалық механикадағы вариациялық принцип, сол сияқты Гамильтон принципі және жақыннан әсер теу принципі, массасы өзгермелі нүкте динамикасының вариациалы мәселелері қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 2021 Өріс теориясы.

Классикалық механика

4 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика.

Пәнде классикалық механиканың принциптері және негіздері, Ньютонның қозғалыс теңдеулері, вариациялық принцип, Лагранж, Гамильтон, Гамильтон-Якоби теңдеулері, Пуассон жақшалары, кеңістіктің және уақыттың симметриялық қасиеттері; және сақталу заңдары, динамиканың негізгі есептері, центрлі-симметриялық өрістегі бөлшек, бөлшектердің шашырауы, тербелістер, қатты дененің динамикасы, инерциалдық емес сандық системасындағы (ИЕСС) бөлшектердің қозғалысы қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 2022 Электродинамика және САТ.

Кинетика негіздері

4 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003 Механика.

Бұл пәнде бір материалды бөлшекке түсірілген күштер проекцияларының жиынтығы 0-ге тең болуы қажетті және жеткілікті болып табылады. Оны анықтамаға негіздеп, еркін материалды бөлшектің тепе-теңдікте болуының барлық мәселелері шешіледі. Екіншіден, бұл пәнде еркін емес материалдбөлшектердің кинетикасы қарастырылады.

Постреквизиттер: PHYZ 2023 Гравитациялық өріс.

3 курс

V семестр

Атом және атом ядросының физикасы

Атом және атом ядросының физикасы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2012 Оптика.

Атом және атом ядросының физикасы пәнінде микроәлем туралы ілімнің негізгі мәселелері қарастырылады. Атомның құрылымы, кванттық механиканың жетекші қағидалары, қатты дене физикасы, ядролық физика, радиоактивтілік, ядролық физиканың экспериментальдық әдістемелері сияқты мәселелерді қарастырады.

Постреквизиттер:PHYZ 2024 Кванттық механикаға кіріспе.

Атомдық физика негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2012Оптика.

Атом физикасының даму тарихы қарастырылады. Атомның құрылысын, атом модельдерін, бөлшектің толқындық қасиеттерін, бөлшектің кванттық қасиеттерін, жылулық сәуле шығару, фотоэффект, комптон эффект құбылыстарын оқып үйретеді.

Постреквизиттер:PHYZ 2025 Кванттық механика негіздері.

Ядро және элементар бөлшектер физикасы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2012Оптика.

Атом ядросының физикасы, ядроның құрылымы, радиоактивтілік, байланыс энергиясы, масса ақауы, ядролық реакциялар, атом ядросының модельдері: тамшы, тәж модельдері туралы түсінік қалыптастырады. Элементар бөлшектер және олардың түрлері, элементар бөлшектер туралы түсінік қалыптастырады.

Постреквизиттер: PHYZ 2026 Бөлшектердің толқындық табиғаты. Шредингер теңдеуі.

Электродинамика және САТ

Өріс теориясы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика, PHYZ 2009Электр және магнетизм.

Электромагниттік өрістің теңдеулері. Электромагниттік өріс үшін S амалы. Энергия ағыны мен тығыздығы, энергия – импульс тензоры. Электромагниттік өрістің энергия – импульс тензоры.Макроскопиялы денелердің энергия – импульс тензоры.Релятивистік емес механикадағы гравитациялы өріс. Қисық сызықты координаталар жүйесі. Бір қалыпты қозғалыстағы зарядтардың жасайтын өрісі. Кулондық өрістегі қозғалыс. Центрлі – симметриялы өрістегі гравитациялы өріс. Центрлі – симметриялы гравитациялы өрістегі қозғалыс. Гравитациялы өріс жағдайында электродинамиканың теңдеулері. Гравитациялы релятивистік механика. Екінші жуықтаудағы жүйенің қозғалыс теңдеуі. Ауыр денелердің тартылыс өрісі. Әлсіз гравитациялы толқындар. Денелерден үлкен қашықтықтағы гравитациялы өріс. Контравариантты және ковариантты векторлар. Ньютон заңы.

Постреквизиттер:PHYZ 2027 Статистикалық физика.

Электродинамика және САТ

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика, PHYZ 2009Электр және магнетизм.

Пәнде арнайы салыстырмалық теориясының негіздері, релятивистік кинематика және динамика, электр заряды және вакуумдағы электромагниттік өріс, электродинамиканың тәжірибелік негіздері, вакуумдағы электромагниттік өрістің жалпы қасиеттері, вакуумдегі электрстатикалық өріс, вакуумдегі стационарлы магнит өрісі, еркін электромагниттік толқындар, жалпы жағдайда қозғалатын зарядтың электромагниттік өрісі, электродинамиканыңтөрт өлшемді тұжырымдамасы, біртұтас орта электродинамикасын оқытады.

Постреквизиттер:PHYZ 2028 Статистикалық физика және термодинамика.

Гравитациялық өріс

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика, PHYZ 2009Электр және магнетизм.

Бұл курста релятивистік емес механикадағы гравитациялық өріс, релятивистік механикадағы гравитациялық өріс, қисық сызықты координаталар, қашықтық және уақыт интервалы, ковариантты дифференциалдау, тұрақты гравитациялық өріс, гравитациялық өріс бар кездегі электродинамиканың теңдеулері, қисықтық тензоры және оның қасиеттері, гравитациялық өріске қолданылатын амал, энергия-импульс тензоры, Эйнштейн теңдеуі, Ньютон заңы, центрлі-симметриалы гравитациялық өріс, екінші рет туындаудағы денелер симметриясының қозғалысы қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 2029 Кинетикалық теория негіздері.

Физика тарихы

Физика тарихы

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Физика тарихын оқу барысында студенттер физика ғылымының негізгі даму сатысымен танысады. Кіріспеде ертедегі грек философтары, Аристотель, Архимед т.б. ғалымдардың көзқарастары мен ғылымдарымен танысады. Классикалық физиканың дамуы мен қалыптасуы, XYII ғасырдағы ғылыми революция (Дж.Бруно, Демокрит оптика мен аспан механикасында, Г.Галилей мен И.Кеплердің еңбектері XYIII-XIX ғасырда физика саласындағы зерттеулердің ерекшеліктері, М.В.Ломоносов және Россиядағы ғылымның дамуы) қарастырылды. Сонымен қатар физиканың әр түрлі бөлімдері: механика (Ньютон т.б. механиктер), термодинамика мен заттардың құрылысы туралы түсінік (Карно, Майер, Джоуль, Гельмгольц, Дальтон, Гей Люссак, Авогадро т.б.), оптика (Т.Юнг, О.Френель), электродинамика (Ш.Кулон, Л.Гальвани, А.Вольта, Х.Эрстед, Г.Ом, М.Фарадей, А.Ампер) еңбектері және XIX- XXI ғасырдағы (Дж.Томсон, Э.Резерфорд, Максвел, Майкельсон – Морли тәжірибелері, Лоренц, Пуанкаре, Эйнштейннің арнайы салыстырмалы теориясы т.б.) оқытылады.

Постреквизиттер:PHYZ 3013 Физиканың компьютерлік әдістері.      

Еңбекті қорғау

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Еңбек қорғау пәнінде электр тогымен жұмыс істегенде еңбекті қорғау, сәулеленуден қорғану, механикалық әрекеттерден қорғану, шудан, инфрадыбыстан, ультрадыбыстан, тербелістерден қорғану, жоғарғы қысымдағы жүйелерімен жұмыс істеу қауіпсіздіктері, химиялық активті заттардың әсерінен қорғану, жеке компьютерлерді пайдаланушыларды қорғау, өрт қауіпсіздігі мәселелері қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 3012 Программалау және физикалық құбылыстарды компьютерде модельдеу.

Астрономияны оқыту әдістемесі

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Пәнде мектеп физика курсында астрономияны оқыту әдістері мен технологиялары, сабақты түсіндіруде ақпараттық технологияларды қолдану әдістері, астрономиялық құралдармен жұмыс жасау әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 3011 Физика-механикалық процестерді математикалық модельдеу.

VI семестр

Кванттық механика негіздері

Кванттық механикаға кіріспе

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика, PHYZ 2015Атом және атом ядросының физикасы.

Бұл пәнде пәннің басқа ғылым салаларымен арақатынасы на сипаттама беріледі, кванттық теорияның негіздері: жарық квантының энергиясы мен импульсы, оның сақталу заңы мен тәжірибелік негіздерішымқай қара дененің сәуле шығаруы, атомизм, Бордың теориясы, сәуле шығарудың кванттық теориясы, корпускулалық-толқындық дуализм, де-Броиль толқындары мен олардың қасиеттері, микро бөлшектердің дифракциясы, фотоэффект, Комптон эффект құбылыстары қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 2027 Статистикалық физика.

Кванттық механика негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика, PHYZ 2015Атом және атом ядросының физикасы.

Кванттық механика курсында микробөлшекғтер мен олардың нүктелерінің қозғалыс заңдарын күйлерін сипаттайтын тәсілдерін тағайындайды. Кванттық механиканың заңдары атомдардың құрылысын, химиялық байланыстардың табиғатын элементтердің периодтық жүйесін түсінуге мүмкіндік береді. Кванттық механикадағы сақталу заңдары, де-Броиль толқынының статистикалық мәні микробөлшектердің орны мен импульсын табу ықтималдығы, анықталмағандық қатынастары, Шредингер теңдеулері, кванттық механикадағы операторлар қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 2027 Статистикалық физика және термодинамика.

Бөлшектердің толқындық табиғаты. Шредингер теңдеуі

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003Механика, PHYZ 2015Атом және атом ядросының физикасы.

Толқын-бөлшек қарама-қайшылығы, де-Броиль гипотезалары, толқындық пакет, толқындық функция және оның қасиеттері, кванттық механикадағы математикалық операторлар, Шредингер теңдеулері, гамильтониан, Шредингер теңдеуінуің кейбір қолданулары, толқындық теңдеу, кванттық сандар, электрон спині қарастырылады.

Постреквизиттер:PHYZ 2029 Кинетикалық теория негіздері.

Физиканың теориясы мен әдістемесін оқытудың жаңа технологиялары

Физиканың теориясы мен әдістемесін оқытудың жаңа технологиялары

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2001 физиканы оқытудың әдістемесі.

Бұл пәнде физика пәнін оқытудағы жаңа технологиялар, білім берудегі жаңа технологиялардың маңызы, білім берудегі жаңа технологиялардың түрлері, физика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістемесі, физика пәнін оқытудағы негізгі мәселелер, физика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар, сыныптан тыс жұмыстардың маңызы, міндеттері, сыныптан тыс жұмыс түрлері, физика пәнінен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі, физикалық үйірме, физикалық лекторий, физикалық кештерді ұйымдастыру, физика пәнінен оқушылардың білім, білік және дағдыларын қалыптастыру мәселелері қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Физиканы оқыту әдістемелері мен көрнекіліктер технологиясы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2001 физиканы оқытудың әдістемесі.

9-11 кластардағы физика пәнінің құрылымы, мазмұны және материалдарды оқытудағы жалпы әдістемелік ескертулер. Динамика мен кинематиканы оқытудың әдістемесі мен оны талдау. Сақталу заңдары мен механикалық тербеліс пен толқындарды оқыту әдістемесі. Молекула – кинетикалық теорияны және термодинамиканы оқытудағы кездесетін қиыншылықтарды талдау. Оптика бөлімі бойынша тәжірибелерді қазіргі заманғы ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қою. Электр және магнетизм бөлімін оқытудағы ерекшеліктер. Атом және атом ядросын оқытудың және есеп шығарудың жаңа технологияларын қарастырады.

Постреквизиттер: жоқ.

Физикадан демонстрациялық эксперименттер негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2001 физиканы оқытудың әдістемесі.

Бұл пәнда мектептің физика эксперименттерінің сабақ барысында орындалу қағидалары, тәсілі және әдістемесі өтіледі.

Постреквизиттер: жоқ.

Радиоэлектроника және жылу физикасы

Радиоэлектроника

6 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2009Электр және магнетизм.

Сызықты, бейсызықты және параметрлік тізбектер, гармониялық тербелістердің және импульстық сигналдардың тізбектің пассивті элементтері арқылы өтуі, дара және байланысқан тербелмелі тізбектер, дара және байланысқан тізбектердегі резонанстық құбылыстар, сызықты тізбектердегі өткінші процестер, электр фильтрлері, заряд тасымалдаушы бөлшектер, заряд тасымалдаушы бөлшектердің электр және магнит өрісіндегі қозғалысы, электрондық және жартылай өткізгіш құралдар, интегралдық микроэлектроника, аналогты құрылғылар, операциялық күшейткіштер, гармониялық және импульстық процестердің генераторларын оқытады.

Постреквизиттер: жоқ.

Электротехника

6 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2009 Электр және магнетизм.

Электротехника курсында тұрақты және айнымалы ток тізбектері, электр тізбектерін есептеу, векторлық диаграммалар тұрғызу, тұрақты ток машиналары, айнымалы ток машиналары, асинхронды және синхронды машиналар, электр өлшеуіш аспаптар және олардың жіктелуі, трансформаторлар қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Жылу физикасы

6 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2006Молекулалық физика.

Пәнде жылу өткізгіштік ғылымының негізгі түсініктері, температура өрісі, температура градиенті, жылу ағыны, Фурье заңы, жылу өткізгіштік және оның дифференциалды теңдеуі, стационар режимдегі жылу өткізгіштік, 1-ші, 2-ші және 3-ші текті шекаралық шарттар, цилиндр қабырғасы арқылы жылудың берілуі, жазық, цилиндр және шар қабырғалары арқылы жылу өткізгіштік мәселелерінің жалпылама шешуін қарастырады.

Постреквизиттер:PHYZ 2028 Статистикалық физика және термодинамика.

Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері

Экспериментальдық есептерді шешу әдістемесі

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Механика, молекулалық физика, электр және магнетизм, оптика пәндерінен экспериментальдық есептерді шешу әдістерін қарастырады. Физикадан есептер шығару (Механика. Молекулалық физика және термодинамика. Электр және магнетизм. Оптика. Атом және атом ядросының физикасы). Есептердің классификациясы. Есептер шығару алгоритмі. Есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі Әртүрлі есептердің құрылымдық ерекшеліктерін талдау. Физикадан тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері. Тестік есептерді құрастыру және өткізу, бағалау тәсілдері. Физика курсы бөлімдері бойынша есептер шығару әдістемесі.

Постреквизиттер:PHYZ 2018 Массасы өзгермелі денелер системасының динамикасы.

Жылу физикасы мен аэромеханикадағы экспериментальды өлшеу әдістері

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2003 Механика, PHYZ 2006Молекулалық физика.

Электромагниттік өрістің теңдеулері. Электромагниттік өріс үшін S амалы. Энергия ағыны мен тығыздығы. Энергия – импульс тензоры. Электромагниттік өрістің энергия импульс тензоры. Макроскопиянық денелердің энергия –импульс тензоры. Релятивистік емес механикадағы гравитациялы өріс. Центрлі-симметриялы өрістегі гравитациялы өріс. Центрлі-симметриялы гравитациялы өрістегі қозғалыс.

Постреквизиттер:PHYZ 3012 Программалау және физикалық құбылыстарды компьютерде модельдеу.

Физикалық есептерді шығару әдістемесінің негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Физикадан есептер шығару (Механика. Молекулалық физика және термодинамика. Электр және магнетизм. Оптика. Атом және атом ядросының физикасы). Есептердің классификациясы. Есептер шығару алгоритмі. Есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі Әртүрлі есептердің құрылымдық ерекшеліктерін талдау. Физикадан тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау, өткізу. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері. Тестік есептерді құрастыру және өткізу, бағалау тәсілдері. Физика курсы бөлімдері бойынша есептер шығару әдістемесі.

Постреквизиттер: PHYZ 3013 Физиканың компьютерлік әдістері.

IT құралдарын пайдалану практикумы

Педагогикалық информатика

1 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста педагогикалық информатиканың теориялық негіздері, негізгі әдістері және білім беруді ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттары, педагогикалық информатика пәні мен оның заңдылықтары, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамалық негіздері, білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, компьютерлендіру бағыттары, білім беруді ақпараттандыру мен компьютерлендірудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамыту алгоритмі, ақпараттық-коммуникациялық технология және оның даму тарихы, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне қолдану мәселесі, педагогикалық программалық құралдар типологиясы, педагогикалық программалық құралдарға талдау, электрондық оқулықтар және оны құрастыруға қойылатын дидактикалық талаптар, педагог мамандардың ақпараттық құзырлығын және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары, педагогикалық технологияларға сипаттама, ақпараттық технологиялар, ақпараттарды іздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдістемелік негіздері, қашықтан оқыту, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Білім берудегі ақпаратық және коммуникациялық технологиялар

1 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001Информатика.

Бұл курста коммуникациялық технология мәселелері мен коммуникациялық технологияларды практика жүзінде қолдану, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның зерттеу объектісі мен пәні, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның негізгі ұғымдары мен категориялары, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның міндеттері, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамалық негіздері, ақпараттық қоғамның дамуы, қоғамның ақпараттық ресурстары, білім беруді ақпараттандырудың алғы шарттары мен кезеңдері қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

IT құралдарын пайдалану практикумы

1 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001Информатика.

Білім беруде интерактивті тақтаны қолданып сабақ өтудің мақсаты мен міндеті. Интерактивті тақта және оның құралдарын пайдаланудың ерекшеліктері. Сабақта интерактивті тақтаны қолданып сабақ өткізудің ерекшеліктері. Пәндегі мәтіндік және кестелік мәліметтерге интерактивті тақтаның мүмкіндіктері. Пәніндегі сәйкес кітапхананы пайдаланып (карта, анықтамалық, энциклопедия) сабақ өткізуде интерактивті тақтаның мүмкіндіктері. Табиғи процестерді сипаттауда интерактивті тақтаның мүмкіндіктері. Табиғи процестерді сипаттауда интерактивті тақтаның мүмкіндіктері. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдану. Интерактивті тақта құралдарының көмегімен пән бойынша электронды оқулықтар дайындаудың әдіс-тәсілдері. IT құралдарының мультимедиалық технологияларын пайдаланып, электронды оқулықтар дайындаудың жолдары. Сабақты деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын қолданып өткізуде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану. Сабақты ойын технологиясын қолданып өткізуде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану.Сабақты дамыта оқыту технологиясын қолданып өткізуде интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдалану.

Постреквизиттер: жоқ.

4 курс

VІІ семестр

Статистикалық физика

Статистикалық физика

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2006Молекулалық физика.

Пәнде статистикалық физиканың негізгі қағидалары, статистикалық термодинамика, термостаттағы жүйелердің статистикалық үлестірулері, идеал және нақты газдардың қасиеттері, фазалардың тепе-теңдігі және фазалық ауысулар, идеал газдардың кванттық статистикасы, флуктуация теориясы элементтері, тепе-тең емес процестер теориясының негіздері, физикалық кинетика негіздерін оқытады.

Постреквизиттер: жоқ.

Статистикалық физика және термодинамика

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2006Молекулалық физика.

Курста статистикалық физиканың негізгі қағидалары, статистикалық термодинамика, термостаттағы жүйелердің статистикалық үлестірулері, идеал және нақты газдардың қасиеттері, фазалардың тепе-теңдігі және фазалық ауысулар, идеал газдардың кванттық статистикасы, флуктуация теориясы элементтері, тепе-тең емес процестер теориясының негіздері, физикалық кинетика негіздерін, термодинамика негіздерін, энтропия ұғымдарын оқытады.

Постреквизиттер: жоқ

Кинетикалық теория негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2006Молекулалық физика.

Бұл пән теориялық физиканың негізгі бөлімі болып табылады. Бұл бөлімде статистикалық тәсілмен газдардың молекулалық құрылысын, молекулалардың әсерлесуін ескере отырып, қасиеттерін зерттейді. Физикалық кинетика негізгі бағыты Больцманның таралу функциясының түрін анықтап оны орташа мәндерді есептеуге пайдаланады.

Постреквизиттер: жоқ.

Қатты денелер физикасы

Кристалдар физикасы

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курста қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттері, кристалдар және олардың түрлері, кристалдық денелердің қасиеттері қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Арнайы курс: Қатты денелер физикасы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2012 Оптика.

Кристалдар ядросы немесе молекулалары кеңістікте белгілі орын алып, реттеліп орналасқан қатты дене. Қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттерін, қатты денені зерттеу әдістері және қолдану салаларын қарастырады, қатты дене физикасы жайлы мәліметтер береді., кейінгі даму заңдылықтарын айқындау өмірде, өндірісте алатын орны мен жетістіктерін теория жүзінде айқындайды. Жаңа технологияға қатты дене физикасының әсерін баяндайды.

Постреквизиттер: жоқ.

Қатты денелер физикасы

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2012 Оптика.

Кристаллдар ядросы немесе молекулалары кеңістікте белгілі орын алып, реттеліп орналасқан қатты дене. Қатты денелердің классификациясы және олардың негізгі қасиеттері. Қатты денені зерттеу әдістері және қолдану салаларын қарастырады. Қатты дене физикасы жайлы мәліметтер беру, кейінгі даму заңдылықтарын айқындау өмірде, өндірісте алатын орны мен жетістіктерін теория жүзінде айқындайды. Жаңа технологияны қатты дене физикасын баяндау барысында қолдану әдістерін үйретеді.

Постреквизиттер: жоқ.

Физиканың компьютерлік әдістері

Физика-механикалық процестерді математикалық модельдеу

3 кредит.Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, PHYZ 2003 Механика.

Бұл пәнде физикалық және механикалық ұғымдар жүйесі және оларды қолданбалы есептерді шешуде қолдану, модель және модельдеу, оларды физика−механикалық объектлерді, құбылыстар мен процесстерді зерттеуде қолдану. Физикалық және математикалық модельдеу, олардың түрі, классификациялануы, қолдану кезеңдері, кейбір механикалық және физикалық заңдарды және қозғалыстарды моделдеуді іске асыру тәсілдері, физикалық және механикалық сипаттағы есептерді шешу үшін есептеудің дифференциалдық және интегралдық әдістерін қолдану, денелердің бірөлшемді қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін құру және оларды сандық моделдеуді іске асыру, периодтық функциялар, сызықты математикалық маятниктің еркін және еріксіз тербелістерін математикалық және сандық моделдеу, интерполяциялау әдістеріне түсінік беріледі.

Постреквизиттер:PHYZ 3002 Физиканың теориясы мен әдістемесін оқытудың жаңа технологиялары.

Программалау және физикалық құбылыстарды компьютерде модельдеу

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, PHYZ 2003 Механика.

Бұл курста компьютердің физиканы оқып үйренудегі алатын ролі және дербес компьютердің құрылысы, программаны құрылымды жоспарлау және жоғарғы деңгейдегі алгоритмдік тілдер, апроксимациялау, функцияларды сандық интегралдау, физикалық эксперименттің нәтижелерін өңдеу, радиотехникалық есептерде кездесетін шапшаң өзгеретін функцияларды интервалдау, көп еселі интегралдар арқылы анықталатын физикалық шамалар қарастырылған.

Постреквизиттер: PHYZ 3002 Физиканың теориясы мен әдістемесін оқытудың жаңа технологиялары.

Физиканың компьютерлік әдістері

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 информатика, PHYZ 2003 Механика.

Физиканы оып үйренудегі компьютердің маңызы, физикалық есептерді компьютердің көмегімен шешу әдістері, физикалық және механикалық сипаттағы есептерді шешу үшін есептеудің дифференциалдық және интегралдық әдістерін қолдану, денелердің бірөлшемді қозғалысының дифференциалдық теңдеулерін құру және оларды сандық моделдеуді іске асыру, периодтық функциялар, сызықты математикалық маятниктің еркін және еріксіз тербелістерін математикалық және сандық моделдеу, интерполяциялау әдістері туралы айтылады.

Постреквизиттер: PHYZ 3002 Физиканың теориясы мен әдістемесін оқытудың жаңа технологиялары.

5В011100 - Информатика

1 курс

І семестр

Математика

Математикалық талдау

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курстың мақсаты студенттерді айнымалы шамаларды зерттеу әдісімен, дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясымен, қатарлар теориясымен таныстыру.

Постреквизиттер:INF 2009 Компьютерлік математикалық жүйе (Maple), INF 2020 Объектіге бағытталған жобалау ортасы (MATHLab), INF 2031 MATHCadкомпьютерлік жүйесі. INF 3004 Сандық әдістер, INF 3013 Есептеуіш математика, INF 3025 Компьютерлік алгебра.

Элементар математика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курстың мақсаты орта мектептегі математика пәндерінің ғылыми негіздерін жан-жақты ашып, математикалық ұғымдарды қалыптастыру мен математикадағы жалпы заңдардың мазмұнын ашып, оны есептер шығаруда тиімді қолдану. Пәнде алгебралық, тригонометриялық, геометриялық есептерді шешудің әртүрлі, тиімді әдістері мен оғаны байланысты теориялық мәселелерге аса назар аударылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Жоғары математика

3 кредит. Пререквизиттер: жоқ.

Бұл курстың мақсаты студенттерді математикалық әдістерді пайдаланатын арнайы пәндерді оқу үшін қажет жоғары математиканың негізгі ұғымдары мен әдістерімен таныстырады.

Постреквизиттер:INF 2032 Компьютерлік графика (AutoCad), INF 2021 Интерактивті графикалық жүйелер.

ІІ семестр

Программалау негіздері

Программалау

6 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001Информатика.

Бұл курстың мақсаты бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру.

Постреквизиттер: INF 2003 Delphi-де программалау негіздері.

Программалау тілдері

6 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001Информатика.

Бұл курстың мақсаты қолданбалы есептерді шешудің кезеңдерін, есептеу эксперименті математикалық модель ретінде, есептеу математикасының пәнін, есепті шешу қателіктерінің классификациясын, тиімді, орнықты алгоритмдерді, бір айнымалысы бар сызықты емес теңдеулерді шешуді оқыту болып табылады.

Постреквизиттер: INF 2014 Жаңа программалау технологиялары.

Құрылымдық программалау

6 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001Информатика.

Бұл курстың мақсаты қазіргі заманғы программалау тілдерін қолдануда, математикалық және сандық үлгілеуде, ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі алгоритмдерін құруда, пәндік салада қазіргі заманғы программалық құралдарды қолдануда студенттердің білім және дағды алуын қамтамасыз ету.

Постреквизиттер: INF 2025 Программалау әдістері.

2 курс

ІІІ семестр

Программалау жүйесі

Delphi-де программалау негіздері

6 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2002 Программалау I.

Бұл курста ақпарат теориясының негіздері мен ақпарат санын өлшеу, базалық программалау тілі ретінде turbo pascal және delphi тілдері, ақпараттық жүйелер және технологиялар, ақпараттық модельдерді жүзеге асыру, delphi ортасымен танысу, негізгі терезе мен компоненттер жинағы, визуалдық программалау негіздері, delphi ортасының компоненттері, жаңа компоненттерді орналастыру, delphi тіліндегі программаның құрылымы, delphi тілінің басқарушы құрылымдары, консолдық қосымша, негізгі операторлар, массивтер, деректердің стандартты типтері, массивтерді сипаттау, массивтердің түрлері, динамикалық массивтер, символдар мен жолдар, жолдық мәліметтер, жолдық өрнектер, жолдық функциялар мен процедуралар қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3003 Компьютерлік модельдеу. 

Жаңа программалау технологиялары

6 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика,INF 2013Программалау тілдері.

Курс, объектілі бағытталған бағдарламалауға кіріспе және бағдарламалаудың теориялық негізі болып табылады. Курста бағдарламалаудың негізгі бөлімдері объектілі бағытталған программалау тілдерінің қосымшаларында қамтылған .

Постреквизиттер: INF 2018 Объектіге бағытталған программалау (Java).

Программалау әдістері

6 кредит.Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2024Құрылымдық программалау.

Бұл курста заманауи бағдарламалау технологиялары, бағдарламалақы қамтаманы бағалау сапасы, архитектура және құрылымды жобалау құралдары және әдістері қарастырылады. CASE-технологиялар, виртуалды бағдарламалау және объектілі-бағытталған бағдарламалау технология-лары, функционалды бағдарламалау, логикалық бағдарламалау, Дейкстрдің аналитикалық бағдарламалауы, мәліметтер құрылымы және мәліметтер абстракциясы, элементар және қарапайым мәліметтер құрылымы, күрделі мәліметтер құрылымы, алгоритмдердің күрделілігін бағалау, графтағы алгоритм, кездейсоқ қатарларды генерациялау қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2007 Объектіге бағытталған программалау (С++).

Компьютер құрылымы

Компьютер архитектурасы

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика,INF 3001 Информатиканың теориялық негіздері.

Бұл курстың мақсаты сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздерін, ЭЕМ элементтерін және түйіндерін, перифериялық құралдарды, микропроцессорларды, ДЭЕМ-нің жұмыс істеу принципі мен архитектурасын, сервер және жұмыс станцияларын, арнайы ЭЕМ-дерді оқыту болып табылады.

Постреквизиттер: INF 2008 Алгоритмдер теориясы, INF 2005 Операциялық жүйелер.

Схематехника негіздері

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика,INF 3001 Информатиканың теориялық негіздері.

Бұл курстың мақсаты автоматтар құрылысының логикалық әдістерін және негізгі принциптерін, триггерлерді, комбинациялық схемаларды және әртүрлі сандық схемаларды қолдана білу болып табылады.

Постреквизиттер: INF 3017 Программалаудың желілік технологиялары.

Микропроцессорлар

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика,INF 3001 Информатиканың теориялық негіздері.

Бұл курстың мақсаты микропроцессорларды пайдаланып құрылғыларды жасаудың заманауи әдістерін, микроконтроллерлерді жасаудың және пайдаланудың прициптерін, микроконтроллерлерді байланыс жүйесінде, телемеханикада және автономияда пайдалануды оқыту.

Постреквизиттер: INF 2030 Параллельдік есептеулер.

ІV семестр

Педагогикалық информатика

Жаңа ақпараттық-педагогикалық технологиялар

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курста педагогикалық информатиканың теориялық негіздері, негізгі әдістері және білім беруді ақпараттандыру процесінің негізгі бағыттары, педагогикалық информатика пәні мен оның заңдылықтары, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамалық негіздері, білім беруді нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, компьютерлендіру бағыттары, білім беруді ақпараттандыру мен компьютерлендірудің психологиялық-педагогикалық және дидактикалық негіздері, білім беруді ақпараттандыру жағдайында оқушының өзіндік жұмыс жасау қабілетін дамыту алгоритмі, ақпараттық-коммуникациялық технология және оның даму тарихы, ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқыту үрдісіне қолдану мәселесі, педагогикалық программалық құралдар типоло-гиясы, педагогикалық программалық құралдарға талдау, электрондық оқулықтар және оны құрастыруға қойылатын дидактикалық талаптар, педагог мамандардың ақпараттық құзырлығын және ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жолдары, педагогикалық технологияларға сипаттама, ақпараттық технологиялар, ақпараттарды іздеу, реттеу және оларды сақтау технологиясы, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы мен модульдік оқыту технологиясын оқыту үрдісіне пайдаланудың әдістемелік негіздері, қашықтан оқыту, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиясы қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2001 Информатиканы оқыту әдістемесі. 

Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001Информатика.

Бұл курста коммуникациялық технология мәселелері мен коммуникациялық технологияларды практика жүзінде қолдану, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология ғылыми-әдістемелік бағыт ретінде, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның зерттеу объектісі мен пәні, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның негізгі ұғымдары мен категориялары, білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологияның міндеттері, білім беруді ақпараттандырудың әдіснамалық негіздері, ақпараттық қоғамның дамуы, қоғамның ақпараттық ресурстары, білім беруді ақпараттандырудың алғы шарттары мен кезеңдері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2001 Информатиканы оқыту әдістемесі.

ІТ құралдарын пайдалану практикумы

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001Информатика.

Бұл курста білім беруде ІТ құралдарын қолданудың мақсаты мен міндеті, Интерактивті тақтаны қолданып сабақ өткізудің ерекшеліктері, мультимедиалық сабақ өткізуге байланысты ІТ құралдарын қолдану, дәстүрлі емес сабақтарда ІТ құралдарын пайдалану қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2001 Информатиканы оқыту әдістемесі.

3 курс 

V семестр

Жоғары деңгейлі программалау тілдері

Java Script программалау негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 3001 Информатиканың теориялық негіздері.

JavaScript cценариилер тілі болып табылады, бұл тіл негізінен Web-беттерде интерактивті элементтер жасау үшін қолданылады. Бұл тілді мәзір құр үшін, формалардың дұрыс толтырылуын тексеру үшін, бейнелерді ауыстыру үшін және тағы басқа әрекеттерді орындау үшін өолданылады. Курстың негізгі мақсаты студенттерді Internet-те өз сайттарын жасап үйрету.

Постреквизиттер: INF 3024 Web программалау негіздері.

Жүйелік программалау

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 3001 Информатиканың теориялық негіздері.

Бұл курстың мақсаты студенттерге программалау тілдерінің негізгі принциптерін және программа құру әдістеріне үйрету, әртүрлі алгоритмдерді құру, зерттеу және іске асыру, программалау тілдерінің семантикасымен, спецификациялардың формальді тілдерімен, программалаудағы тенденциялармен таныстыру, халықаралық стандарттарға негізделген программалық кешендерді құру әдістерімен, программалауға құрылымдық және объектіге бағытталған жолдармен таныстырып өту.

Постреквизиттер: INF 2007 Объектіге бағытталған программалау (С++).

Ассемблер тілінде программалау

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 3001 Информатиканың теориялық негіздері.

Курстың негізгі мақсаты деректердің берілуі, IBM PC архитектурасының ерекшеліктері, микропроцессордың пайдаланушы регистрлері, микропроцессордың жүйелік регистрлері, операндтарды адресациялау әдістері, і80х86 микропроцессор командаларының жүйесі, деректерді алып-орналастыру командасы, микропроцессордың командаларының жүйесі, арифметикалық командалар, екілік разрядтармен жұмыс командалары, тізбекті командалар, үзу командалары, микропроцессорды басқару командалары, ассемблер операторлары және директивалары, программаларды ұйымдастыру, макроанықтағыштар, MS DOS үшін программалау негізі, файлдармен жұмыс, Windows операциялық жүйесінде программалау негізі, консольдік қосымшаларды оқыту болып табылады.

Постреквизиттер: INF 3005 Ақпараттық жүйелер.

Компьютерлік графика

Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop)

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика,MATH 2011Математикалық талдау.

Бұл курста компьютерлік графиканың негізгі түсініктері, екі өлшемді кескіндерді құрастыру және түрлендіру, жылжыту, айналдыру, масштаб-тау және біріктіру операциялары, Open GL кітапханасы, 3D Studio Max қолданушылар интерфейсі, компьютерлік графиканың аппараттық қамтамасыздандыру, векторлық графика, растрлық графика, растрлық графиканың алгоритмдері, геометриялық түрлендіру, координаттар және түрлендіру, жазықтықта аффиндік түрлендіру, координаттардың бір жүйеге түрлендірілуі, объектілерді түрлендіру қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2011 Flash технология. INF 2022 3D программалау (Open GL). INF 2033 Үш өлшемді компьютерлік графика (3DMAX).

Интерактивті графикалық жүйелер

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, MATH 2034 Жоғары математика.

Бұл курста оператордың есептеу жүйесімен байланыс интерфейсін жобалау, есептеу ортасымен адамның байланыс интерфейстерін жобалаудың мақсаттары мен міндеттерін анықтау, оператор адамның сипатттамалары, оператордың психофизиологиялық сипаттамалары, адамды сараптаушылардың негізгі сипатттамалары, пайдаланушы интерфейсінің құрылымы, пайдаланушылар санаттары, сұхбаттың түрлері мен құрылымы, ақпараттық байланыс интерфейстері, компьютерлік иерархиялық жүйелердің ақпараттық байланыс интерфейстері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3024 Web программалау негіздері.

Компьютерлік графика (AutoCad)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, MATH 2034 Жоғары математика.

Бұл курста компьютерлік графика негіздеріне жүйелі кіріспе беріледі, сондай-ақ компьютерлік графиканың әдістері және алгоритмдері, графикалық жүйелерді тұрғызу принциптері, бағдарламалық-техникалық құрылғылардың архитектурасы қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3024 Web программалау негіздері, INF 3003 Компьютерлік модельдеу. 

Ақпараттық қауіпсіздік

Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2002 Программалау I.

Бұл курста криптографияның даму тарихы және қазіргі заманғы криптографияның жүйелерде қолданылатын әдістері мен құралдар, жаңа ақпараттық технологиялар және қорғау жүйелері, ақпаратты қорғаудың криптографиялық принциптері, классикалық симметриялы криптожүйелер, гаммалау әдісі бойынша шифрлау, қазіргі симметриялы криптожүйелер, мәліметтерді des американдық стандарт арқылы белгілеу, ағымдық шифрлау, критографияда қолданатын сандар теориясының элементтері, ассиметриялық криптожүйелер, криптографиялық кілттермен басқару, internet желісі арқылы шеттелген жабылудан қорғану әдістері мен тәсілдері, зерттеуден программаларды қорғау, антивирустық қорғау қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3009 Интернетте программалау, INF 3024 Web программалау негіздері.

Желідегі қауіпсіздік

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2013Программалау тілдері.

Бұл курста хэштеудің криптографиялық функциялары қауіпсіздікті қамтамасыз етуі қарастырылады. Бұл курста симметриялық және асимметриялық шифрлеу бір-бірін толықтыра алуы туралы айтылған және Интернет желісінің ұйымдастыру моделінің үш деңгейінде желі қауіпсіздігі протоколдарын жасау үшін криптографияның қолданылуы қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3009 Интернетте программалау.

Шифрлеу кілттерін басқару

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2024Құрылымдық программалау.

Бұл курста ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәсілдері, АҚ ұғымының мағынасы, АҚ жүйелерін ендіру және құрастырудың негізгі кезеңдері, АҚ әлемдік стандарттарының негізгі талаптары қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3009 Интернетте программалау.

Есептеу математикасы

Сандық әдістер

4 кредит. Пререквизиттер:MATH 2011 Математикалық талдау.

Бұл курстын негізгі мақсаты есептеу математикасы есептері шешімдерінің эффектілі алгоритмдерін табу жолдарының кезекті интуицияларын машықтау. Студенттерді сандық алгоритмдерді құру принциптерімен таныстыру. Студенттерді жуықтап және сандық есептеу әдістерін жетік пайдалан білуді үйреті және де алынған нәтижелерін талдай білуге шақыру. Қарапайым математикалық модельдерді есептеу математикасы әдістерін пайдаланып компьютерде шығаруды үйрету керек.

Постреквизиттер: INF 3006 Сандық әдістерден есептер шығару практикумы.

Есептеуіш математика

4 кредит. Пререквизиттер:MATH 2011 Математикалық талдау.

Бұл курста сандық әдістер және сызықтық алгебра сұрақтары қарастырылады. Сандық дифференциалдау және интегралдау есептері, сызықтық алгебралық теңдеулер жүйелерін шешудің тікелей және итерациялық әдістері қарастырылады. Қарапайым дифференциалдық теңдеулер үшін Коши есебін шешудің сандық әдістері және шектік есептерді шешу әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3014 Программалап есептер шығару практикумы.

Компьютерлік алгебра

4 кредит. Пререквизиттер:MATH 2011 Математикалық талдау.

Бұл курста компьютердегі символдық есептеулерде қолданылатын алгоритмдер және мәліметтер құрылымы сипатталады. Курста дифференциалдық көпмүшелер және көпмүшеліктер, бүтін сандар сақинасындағы есептеулермен байланысты көп сұрақтар қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3022 Компьютерде машықтану.

VI семестр

Операциялық жүйелер

Операциялық жүйелер

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2004 Компьютер архитектурасы.

Бұл курстың мақсаты қазіргі кездегі программалық қамсыздандыруды пайдалануды білімдер мен дағдыларға оқыту, түрлі ғылыми-техникалық есептерді шешу үшін тиімді алгоритмдермен танысу.

Постреквизиттер: INF 2017 Жүйелік программалау. INF 3005 Ақпараттық жүйелер.

Жүйелік программалық қамтама

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2015Схематехника негіздері.

Бұл курстың мақсаты студенттерді программа құру әдістеріне үйрету, әртүрлі алгоритмдерді құру, зерттеу және іске асыру, программалау тілдерінің семантикасы мен спецификацияларын, программалаудағы тенденциялармен таныстыру, халықаралық стандарттарға негізделген программалық кешендерді құру әдістерімен, программалауға құрылымдық және объектіге бағытталған жолдармен таныстырып өту.

Постреквизиттер: INF 3011 Деректер қорын басқару жүйесі.

Желілік операциялық жүйелер

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2026 Микропроцессорлар.

Бұл курстың мақсаты желілік операциялық жүйелер құрылымы, кәсіпорын желілері, қосымшаларды қолдау, қауіпсіздік, таратылған ресурстарды басқару, таратылған жүйелердегі хабарлама алмасудың базалық мүмкіндіктері, адрестеу тәсілдері, блоктаушы және блоксыз қолданбалар, буферленетін және буферленбейтін қолданбалар, сенімді және сенімсіз қолданбалар, гетерогенді желілерде операциялық жүйелердің өзара әсерлесу мәселелері, "internetworking" және "interoperability" ұғымдары, гетерогенділік, желілер әсерлесуін жүзеге асырудың негізгі тәсілдері, TCP/IP желілеріндегі желіаралық алмасу негіздері, TCP/IP хаттамалары стектерінің құрылымы, TCP/IP транспорттық деңгей, UDP - User Datagram Protocol. TCP - Transfer Control Protocol, желілік деңгей, маршруттау,IP хаттамасы, IP-адрестерді тұрғызу принциптері, ішкі желілер, Internet-тегі домендік атаулар, DNS ұйымдастыру принципі, BIND, желілік қызметтер, Интернеттегі электрондық пошта, пошта алмасудың қарапайым хаттамасы (SMTP), Post Office, Protocol (POP) хаттамасы, TELNET хаттамасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Постреквизиттер: INF 3020 Реляциялық мәліметтер қорына кіріспе.

Қолданбалы программалар пакеті

Компьютерлік математикалық жүйе (Maple)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,MATH 2011Математикалық талдау.

Бұл курста күрделі математикалық есептерді компьютерде тиімді өңдеу жолдары. Maple-жүйесінің интерфейсі. Maple-де жүйенің графиканың мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану және көркемділік жақтарын математикалық үлгілеу әдістері, графиктер құру және графиктерді анимациялау тәсілдері, графиканы анимациялауға дайындау, бейнелеу кадрын құру, матрицалар және векторлар шаблонын орнату, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, шектер мен интегралды есептеу мүмкіндіктері, дифференциялдық теңдеулерді шешу қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Объектіге бағытталған жобалау ортасы (MаthLab)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,MATH 2011Математикалық талдау.

Бұл курста күрделі математикалық есептерді компьютерде тиімді өңдеу жолдары. MATHLab-жүйесінің интерфейсі. MATHLab-та жүйенің графиканың мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану және көркемділік жақтарын математикалық үлгілеу әдістері, графиктер құру және графиктерді анимациялау тәсілдері, графиканы анимациялауға дайындау, бейнелеу кадрын құру, матрицалар және векторлар шаблонын орнату, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, шектер мен интегралды есептеу мүмкіндіктері, дифференциялдық теңдеулерді шешу, Maple есептеу процесін басқару, Maple позициясы, есептеу опциясын орнату және символды есептеулер қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

MATHCadкомпьютерлік жүйесі

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001ьИнформатика,MATH 2011Математикалық талдау.

Бұл курста күрделі математикалық есептерді компьютерде тиімді өңдеу жолдары. Matcad-жүйесінің интерфейсі. Matcad-та жүйенің графиканың мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану және көркемділік жақтарын математикалық үлгілеу әдістері, графиктер құру және графиктерді анимациялау тәсілдері, графиканы анимациялауға дайындау, бейнелеу кадрын құру, матрицалар және векторлар шаблонын орнату, сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, шектер мен интегралды есептеу мүмкіндіктері, дифференциялдық теңдеулерді шешу, MATH есептеу процесін басқару, MATH позициясы, есептеу опциясын орнату және символды есептеулер қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Мультимедиалық технология

Flash технология

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2009 Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop).

Бұл курста қазіргі кездегі мультимедиалық құралдар және оны қолдану ортасы, Windows және басқа жүйелерде қолданылатын көрсеткіштік жүйелер, мультимедиялық жобаларды құрудың негізі, CD-ROM құрылғысын басқару, Windows Media, Macromedia Flash 8 пакеті, Microsoft Windows Media ойнатқышына анықтама беру, Windows форматтары, анимацияның негізі, компьютердегі анимация, электронды оқулық – оқытуға арналған программалық жүйе, электронды оқулықтың құрылымы, авторлық талдау құралдарының әртүрлі типі, авторлық талдаудың объектілік құралдары, авторлық талдаудың уақыттық құралдары, мультимедия интернет, мультимедия WWW, HTML қосымшалары қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3024 Web программалау негіздері.

3D программалау (Open GL)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2009 Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop).

Бұл курста графикалық жүйелер құрылымы және үшөлшемді объектілер мен сценалар бейнелерін қалыптастырудың негізгі концепциялары қарастырылады. Қисықтарды және беттерді тұрғызу әдістері, тілдік модельдер, фракталдар және бөлшектер жүйесі, сондай-ақ графикалық құралдарды ғылыми есептеулер нәтижесін визуализациялау үшін пайдалану әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3003 Компьютерлік модельдеу, INF 3019 Имитациялық модельдеу.

Үш өлшемді компьютерлік графика (3DMAX)

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2009 Компьютерлік графика (Corel Draw, Photoshop).

Бұл курста үш өлшемді графика, үш өлшемді графиканың артықшылықтары, үш өлшемді графиканың бағдарламалық құралдары, 3D MAX интерфейсінің негізгі элементтері, МАХ 2.5 объектілері, үш өлшемді графиканың геометриялық үлгіленуі, 3D Studio Max бағдарламасының объектісінің түрлері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3024 Web программалау негіздері, INF 3003 Компьютерлік модельдеу. 

Деректер қоры және интернетте программалау

Деректер қорын басқару жүйесі

3 кредит. Пререквизиттер: INF 2016 Жүйелік программалық қамтама.

Бұл курста деректер қоры және қор концепцияларын қолдану, құру құралдары мен әдістерін жүйелік түрде қою, қазіргі заман талабына сай берілген аймақтың күйі және генезисі, деректер қорын басқару жүйесінің типтік ұйымдастырылуы, деректер моделі, дерекқор технологиясы негізінде ақпараттық жүйе құру принциптері, реляциялық деректер қорының теориялық негіздері, SQL тілі және оның стандарты, деректер қорымен жұмыс істеу үшін CALL-интерфейсін ұйымдастыру, ODBC және оны қолданудың қолдаңбалы интерфейсінің өнеркәсіптік стандарттары, үлестірілген деректер қорында және «клиент-сервер» архитектурасымен үлестірілген ақпараттық жүйесінде транзакцияны басқару әдістері, объектілі-бағытталған және зерделік деректер қорының сипаттамасы және концепциясы қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 2007 Объектіге бағытталған программалау (С++).

РНР программалау тіл

3 кредит. Пререквизиттер:INF 3017Программалаудың желілік технологиялары.

Бұл курста синтаксис негіздері және басқару конструкциялары, клиент-сервер технологиясы қарастырылады. Сондай-ақ файлдық жүйемен, мәліметтер қорымен, жолдармен, сессиялармен жұмыс қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Web программалау негіздері

3 кредит. Пререквизиттер: INF 3007 Есептеуіш жүйелер және желілер.

Бұл курста әлемдік ғаламтор технологиясының жұмысы, веб-стандарттар, JavaScript және PHP программалау тілдерінің мүмкіндіктері қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Желілік технологиялар

Есептеуіш жүйелер және желілер

4 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2004 Компьютер архитектурасы.

Бұл курста желілік техникалық құралдар, сервер, желілік интерфейстік платалар, базалық желілік топологиялар, желілік программалық құралдар, желілік опрерациялық жүйе, желіні басқарудың программалық жабдығы, клиент-сервер технологиясы, желілік технологиялар, Ethernet, Fast Ethernet, Gigabite Ethernet, ATM (Asdynchronous Transfer Mode), желілік принтерлер, мәліметтер қоры, терминал, пошталық байланыстар, маршрутизатор, FTP-Сервер қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3024 Web программалау негіздері.

Программалаудың желілік технологиялары

4 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2015Схематехника негіздері.

Бұл курста XML негіздері, XML синтаксисі және XML компоненттері, элементтер, атрибуттар, мәні, құжат түрі, нақты және дұрыс құжаттар, DTD түріндегі құжатты анықтау, DTD бөлімдері, ішкі және сыртқы DTD, элементтерді, атрибуттарды, мәнді анықтау, хабарлама синтаксисі, мазмұн моделі, XML стиліндегі кесте, XSL тілі, негізгі терминдер, XSLТ тілі, негізгі элементтер, анықтау, XML байланыстыру, Xlink тілі, XML-де байланыстыру және сілтемелер Xpointers қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3016 XML негіздері.

Компьютерлік желілер

4 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,INF 2026 Микропроцессорлар.

Бұл курста компьютерлік желілер, компоненттері, коммуникациялық құралдары, операциялық жүйелер, желілі программалық қолданбаларды құру принциптері, сервер клиент, желілер қызметі, желіні топтастыру және негізгі мінездемелері, негізгі топологиялар, желілердің функциялары, хаттамалар, хаттамалардың жұмысы, көпдеңгейлі архитектурадағы хаттамалар, OSI хаттамалар жиынтығы, хаттамалар стегі, стандартты стектер, қолданбалы хаттамалар, желілік хаттамалар, желілер архитектурасы, желіде қолданатын аттар мен адрестер, ТСР/ІР утилиттері, интернет, интернет қызметі, World Wide Web, File Transfer Protocol, электрондық жұмыс, жаңалықтар, Copher, Telnet, телекоммуникация қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3009 Интернетте программалау.

4 курс 

VІІ семестр

Объектіге-бағытталған программалау орталары

Объектіге бағытталған программалау (С++)

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2003 Delphi -де программалау негіздері.

Бұл курста объектіге-бағытталған бағдарламалаудың технологиясы, С++ тілінің операторлары мен функциялары, Си++ интегралды ортасында объектілі программалау принциптерінің негіздері, күрделі қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелері, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын құрудың әдістемесі қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3014 Программалап есептер шығару практикумы, INF 3010 Тиімділеу әдістері.

Объектіге бағытталған программалау (Java)

4 кредит. Пререквизиттер:INF 2014 Жаңа программалау технологиялары.

Бұл курста программалау технологиясының эволюциясы, құрылымдық және объктіге бағытталған программалау қағидалары, программалау терминдерінің және әдістемелерінің сипаттамасы, абстракция, инкансуляция, жаратылысынан ие болу және полиморфизм, негізгі конструкциялар, программалау жүйелер құралдарын қолдану қарастырылады. Сонымен қатар объектіге бағытталған бағдарламалаудың технологиясы, Java тілінің операторлары мен функциялары, класс достары, кластарға арналған стандартты операцияларды қайта жүктеу, үлгілер, мұрагерлік, кластың қорғалған мүшелері, кластар иерархиясы, виртуалды базалық кластар, әрекеттер аймақтары мен атаулар кеңістіктері, стандартты кітапхана құрылғыларымен Java тіліндегі енгізу-шығару, ағынды кластар, файлдық енгізу-шығару, ерекше жағдайларды өңдеу, динамикалық идентификация және типтерді келтіру, Java тілінің стандартты кітапханасы және жалпыланған бағдарламалауға байланысты мәселелер қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3024 Web программалау негіздері.

Визуалды программалау (VB)

4 кредит. Пререквизиттер: INF 2025 Программалау әдістері.

Бұл курста программалау технологиясының эволюциясы, құрылымдық және объктіге бағытталған программалау қағидалары, программалау терминдерінің және әдістемелерінің сипаттамасы, абстракция, инкансуляция, жаратылысынан ие болу және полиморфизм, объектіге бағытталған тілдердің негізгі конструкциялары, программалау жүйелер құралдарын қолдану қарастырылады. Сонымен қатар объектіге бағытталған бағдарламалаудың технологиясы, VB тілінің операторлары мен функциялары, класс достары, кластарға арналған стандартты операцияларды қайта жүктеу, үлгілер, мұрагерлік, кластың қорғалған мүшелері, кластар иерархиясы, виртуалды базалық кластар, әрекеттер аймақтары мен атаулар кеңістіктері, стандартты кітапхана құрылғыларымен VB тіліндегі енгізу-шығару, ағынды кластар, файлдық енгізу-шығару, ерекше жағдайларды өңдеу, динамикалық идентификация және типтерді келтіру, VB тілінің стандартты кітапханасы және жалпыланған бағдарламалауға байланысты мәселелер қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3003 Компьютерлік модельдеу, INF 3022 Компьютерде машықтану.

Компьютерлік математика

Алгоритмдер теориясы

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2004 Компьютер архитектурасы.

Бұл курста қатаң емес алгоритмдер ұғымы, алгоритм ұғымының формализациясы және олардың эквиваленттілігі, программалаудың формализацияға жақындауы қарастырылады. Курсты оқу барысында алгоритмдердің блок-сұлбаларын және есептелетін функциялардың формальдық алгоритмдерінің өзін сипаттауға машықтандыру, алгоритмдердің күрделілігін және олардың жинақталатынын, алгоритмдік шешілмейтін проблемалардың бар болатындығын түсіндіріп үйрету.

Постреквизиттер: INF 3019 Имитациялық модельдеу.

Графтар теориясы

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, INF 2015Схематехника негіздері.

Бұл курста графтар туралы бастапқы мағлұмат, негізгі ұғымдар және анықтамалар, графтардың берілу тәсілдері беріледі. Графтармен орындалатын негізгі операциялар қарастырылады. Графтар типтері, жол ұзындығы, салмағы, орцикл және олардың ерекшеліктері, Дейкстер әдісі қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3003 Компьютерлік модельдеу. 

Параллельдік есептеулер

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, INF 2026 Микропроцессорлар.

Бұл курста параллелді программалаудың дамуының хронологиясы, параллель компьютерлерге сұраныс және параллель программалау тілдері: HPF және C++, Fortrar 90 тілдері PVM, MPI, Open MP көмегімен таратылған деректерді құру, параллель компьютерлер, параллель компьютерлердің типтері, хабар беру мультикомпьютері және үлестірілген жадылы мультикомпьютерлер, Флинн таксономиясы, параллель программалаудың тиімділігін бағалау, процесстер және синхрондау, бөлінбейтін әрекеттер және күту операторлары, синхрондау тапсырмасы, параллель алгоритмдер, ранг әдісімен сұрыптау, PVM-параллель виртуалды машинасы, МРІ-хабар беру интерфейсі, BSP-жалпы синхронды параллелизм, Occam-параллель программалау тілі, жылдам әрекеттесуші фортран, қолданбалы есептерді шешуде параллель алгоритмдерді қолдану мүмкіндіктері, кескіндерді өңдеу, кескінді өңдеудің Фурье түрлендіруі.

Постреквизиттер: INF 3003 Компьютерлік модельдеу. 

Оптимизация әдістері және амалдарды зерттеу. Компьютерлік модельдеу технологиялары

Амалдарды зерттеу

3 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау, INF 2002 Программалау.

Бұл курста сызықтық программалау, оңтайландыру әдістері, дөңес программалау модельдері, жаппай қызмет көрсету теориясы, ойындар теориясы, стохастикалық модельдер теориясы амалдарды зерттеудің арнайы әдістері қарастырылады.

Постреквизиттер: INF 3012 Математикалық модельдеу, INF 3003 Компьютерлік модельдеу. 

Тиімділеу әдістері

3 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау, INF 2002 Программалау.

Бұл курста студенттерге ұйымдастырушылық басқарудың түрлі мазмұнда қисындалған есептерін қиыстыруды және оларды экстремальдық есептерге келтіру, сонымен қатар осындай есептерді шығарудың математикалық әдістері үйретіледі

Постреквизиттер: INF 3014 Программалап есептер шығару практикумы.

Компьютерлік модельдеу

3 кредит. Пререквизиттер: MATH 2011 Математикалық талдау, INF 2002 Программалау.

Бұл курста модель және модельдеу негіздері, модельдеу мақсаты, формализациялау, модельдер қасиеті, ақпараттық модельдер, модельдер классификациясы, математикалық және ақпараттық модельдер, компьютерлік модельдерді құру, моделдеу жүйесі, модель белгілері, модель құрудың негізгі кезеңдері, модель түрлері, модельдердің сандық және сапалық бағалары қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Есептер шығару практикумы

Сандық әдістерден есептер шығару практикумы

4 кредит. Пререквизиттер:INF 3004 Сандық әдістер.

Бұл курста трансцендент теңдеулердің жуық шешімі, сызықтық және сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешу, матрицаның меншікті мәндері, тең емес арақашықтықта орналасқан түйіндер үшін функцияны интерполяциялау, сандық интегралдау, қарапайым дифференциалдық жүйесін шешу қарастырылады.

Постреквизиттер: жоқ.

Программалап есептер шығару практикумы

4 кредит. Пререквизиттер:INF 3013 Есептеуіш математика.

Бұл курста алгебралық және трансцендент теңдеуді шешудің әдістері, сызықтық емес теңдеулер жүйесін шешудің жай итерациялар әдісі және Зейдель әдісі, сызықтық емес алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің релаксация әдісі, матрицаның меншікті мәндері мен меншікті векторларын табудың тікелей ашу әдісі, тең емес арақашықтықта орналасқан түйіндер үшін функцияны интерполяциялау, кері интерполяциялау, сандық интегралдау, Чебышевтің квадратуралық формуласы, шекаралық есептерді шешу әдістері қарастырылады. Пәнді оқу нәтижесінде студенттер алгоритмдер құрудың маңызды амалдары мен әдістерін, оларды формальді сипаттау және орындау тәсілдерін біледі, сандық ақпаратты классикалық және жаңа түрде өңдеу әдістерін және олардың негізі болып табылатын фундаментальді түсініктерді игереді. Кәсіпқойлық қызметте жүйелі программа құруды үйренеді.

Постреквизиттер: жоқ.

Компьютерде машықтану

4 кредит. Пререквизиттер:INF 3025 Компьютерлік алгебра.

Бұл курста бағдарлама құру методологиясы, қолданылатын жобалау және бағдарламалау технологиясы туралы түсінікті қалыптастыру және машықтандыру қарастырылады. Студенттер күрделі ортада қосымшалар, анықтамалық және тестілеу жүйелерін, электронды оқулықтар, мәліметтер қорын құруды үйренеді.

Постреквизиттер: жоқ.

5В070300 - Ақпараттық жүйелер

1 курс

І семестр

1 курс

І семестр

Программалау негіздері

Алгоритмдеу және программалау тілдері

3 кредит. Пререквизиттер: PHYZ 2038 Физика, CSC 1001 Информатика.

Бұл пәннің мақсаты - есептердің алгоритмдеу негізін, программалаудың негіздерін, программалау тілінің классификациясын, мәліметтер типтерін және Турбо Паскаль тілінің 7.0 тілінің операторларының классификациясын оқыту болып табылады.

Постреквизиттер:CSC 3024 Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау.

С++ ортасында программалау

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2002Алгоритмдеу және программалау тілдері.

С++ негіздері, препроцессор директивалары,С++ тілінің элементтері, деректер типтері. Құрылымдық программалаудың базалық конструкциялары. Сызықтық, тармақтық, циклдық құрылымдар. Массивтер, қатарлар, құрылымдар, файлдар, динамикалық құрылымдар.

Постреквизиттер:CSC 2008 Visual Basic ортасында программмалау.

Компьютерлік модельдеу және программалау

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 1001 Информатика, CSC 3018 Объектіге бағытталған программалау.

Компьютерлік модельдеуге кіріспе. Абстракті модельдер. Математикалық модельдер. Геометриялық модельдер.

Постреквизиттер:CSC 3032Компьютерлік дизайн.

2 курс

ІV семестр

Жоғары деңгейлі программалау

Visual Basic ортасында программмалау

5 кредит. Пререквизиттер: CSC 2002Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы, CSC 3018Ообъектіге бағытталған программалау.

Visual Basic ортасында программмалау курсында техникалық және ЭЕМ-нiң программалық құралдарының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері, программалау жүйесi және ДК программалық жабдықтамасы қарастырлады.

Постреквизиттер:CSC 3015 Интеллектуалдық ақпараттық жүйелер.

Delphi ортасында программмалау

5 кредит. Пререквизиттер: CSC 3003 Деректер базасының жүйесі, CSC 2002Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы, CSC 3018Объектіге бағытталған программалау.

Delphi программалау ортасы – Delphi тілін қолданатын лездік программалау ортасы. Delphi толық құрамды, тиімді қосымшалар өндіруге мүмкіндік беріп, ол нысананы басқарушы программалау негізін қолдайды және визуальді программалау құралдарын қолайлы және жедел пайдалануға мүмкіндік береді

Постреквизиттер:CSC 2016С++ ортасында программалау.

Әлемдік ақпараттық білім беру ресурстары

5 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Әлемдік ақпараттық кеңістік, әлемдік ақпараттық ресурстардың ұйымдастырылған құрылымы, әлемдік ақпараттық нарық: даму тенденциялары мен жағдайы, әлемдік ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету.

Постреквизиттер:CSC 2030 Оқу процесін басқарудағы ақпараттық жүйелер, CSC 2021 Жасанды интеллекттің негізі.

Мәліметтер қоры және оны басқару жүйелері

Мәліметтер қорын әкімшілік басқару

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 3003 Деректер базасының жүйесі.

Деректер қорының жүйелері кез келген бизнес саласының нақты бір жетістігі болып табылады, корпоративті ақпаратты сақтауды қамтамасыз етеді, World Wide Web ортасында клиент және пайдаланушылар үшін деректерді ұсыну және көптеген басқа процестерді қарастырады.

Постреквизиттер:CSC 3026 Мәліметтер қорын басқару жүйесі арқылы ақпараттық жүйелерді объектіге бағытталған программалау, CSC 3033 MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесі, CSC 2019 SQL Server мәліметтер қорын басқару жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі арқылы ақпараттық жүйелерді объектіге бағытталған программалау

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 3003Деректер базасының жүйесі, CSC 2002 Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы, CSC 3018 Объектіге бағытталған программалау.

Объектіге – бағытталған бағдарламалауға кіріспе. МҚБЖ синтаксисі. Пайдаланушының графикалық интерфейстері. Апплеттер. Сервлеттер. МҚБЖ технологиясы. Желілік мүмкіндіктер. Мәліметтер қорына қолжетімділік. МҚБЖ озық технологияларына шолу жасау.

Постреквизиттер:CSC 3033 MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесі, CSC 2019 SQL Server мәліметтер қорын басқару жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

Деректер базасының жүйесі

3кредит. Пререквизиттер: CSC 2010 Ақпараттар теориясы, CSC 2003 Ақпараттық жүйелер негіздері.

Visual Basic-те деректер базасын құру және деректер базасымен жұмыс істейтін басқару элементтері. Visual Basic–те қосымшаларды өңдеу үлгілері. Деректер моделi: иерархиялық, тораптық, реляциялық. Реляциялық алгебра. Реляциялық есептеу. SQL тілі. Деректер базасын жобалауының жалпы реті. Концептуалды, логикалық және физикалық жобалау.

Постреквизиттер:CSC 3033 MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесі, CSC 3030 Oracle - мәліметтер қорын басқару жүйесі.

3 курс

V семестр

Электротехника негіздері

Электр тізбектерінің теориясы

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика,PHYZ 2038 Физика, MATh 2011 Математикалық талдау 1.

Негізгі түсініктер және заңдар. Электр сұлбаларын түрлендіру. Электр тізбегін тұрақты тоқ режимінде есептеу әдістері. Сызықтық электр тізбектері. Үйлесімді тербелістердің негізгі түсініктері және оны көрсету тәсілдері. RLC-элементтердің тізбектей және параллель байланыстырылуы. Индуктивті байланысқан элементтер. Электр тізбектерінің жиіліктік сипаттамалары. Кешендік таратқыш функциялар.

Постреквизиттер:PHYZ 3012 Электротехника.

Cұлбатехника

3 кредит. Пререквизиттер: MATh 2011 Математикалық талдау1, PHYZ 2038 Физика, CSC 1001 Информатика, PHYZ 2040 Электр тізбектерінің теориясы.

Цифрлық құрылғылардың логикалық элементтерінің сұлбатехникасы, комбинациялық және тізбектік типті функционалдық түйіндерді құру прициптері және жұмыстары, статикалық және динамикалық типті жартылай өткізгішті жадыларды ұйымдастыру әдістері және жұмыс істеу ерекшеліктері қарастырылады.

Постреквизиттер: CSC 3010 Императивті программалау.

{tab-ex_sub1Физика 1|blue}

3 кредит. Пререквизиттер: Математика, PHYZ 2038 Физика.

«Физика 1» пәнін оқыту арқылы студенттерге жалпы физиканың негізгі тұжырымдары мен әдістерін таныстыру бастапқы мақсаттардың бірі. Сонымен қатар, физика заңдарының мағынасын түсіндіру және оларды қолдану жолдарына ерекше көңіл бөлінді.

Постреквизиттер:PHYZ 2039 Физика 2.

Компьютерлік графика

Компьютерлік графика

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Компьютерлік графиканың теориялық негіздері. Компьютерлік графиканың түрлері. Растрлық графика, векторлық графика, растрлық және векторлық графикалар арасындағы байланыс, фрактальдық графика туралы түсінік. Компьютерлік графиканың негізгі ұғымдары.

Постреквизиттер:CSC 3029 UML модельдеу тілі, CSC 3031 Macromedia Flash мультимедиялық программасы, CSC 3032 Компьютерлік дизайн.

Компьютерлік дизайн

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Өндірістік фирмалардың логотиптерін және де басқа элементтерін құру, полиграфиялық өнімдердің дизайн-жобаларын, сайттың дизайнын жасау, жиһаздың және басқа да интерьер жабдықтарының дизайнын, ғимараттардың сәулет жобаларын жасау.

Постреквизиттер:CSC 3035 Интернет –технологиялар, CSC 3036 Web – программалау.

Инженерлік графика

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2006 Компьютерлік графика.

Кәсіби нұсқалық жүйе бойынша компьютердің құрастыру құжаттары негізінде сипатталады. Бұл жүйенің интерфейсі сипатталады, өңдеу мүмкіндіктері және қарапайым геометриялық фигуралардың кескінін тұрғызу қарастырылады.

Постреквизиттер: CSC 3029 UML модельдеу тілі.

Бағдарламалық қамсыздандыру

Программа құрудың саймандық құралдары

3кредит. Пререквизиттер: CSC 2002Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы.

Бұл курс программалық жабдықтың түрлері мен классификациясын, программа құрудың саймандық құралдарының әдістерін, компиляциялауды, программа орнатуды, саймандар құралдарының сипаттамасы мен жұмыс істеу мүмкіндіктеріне анализ жасалынған, қазіргі заманғы саймандарды қолдану және олардың ақпараттық жүйелері ұйымдастыруға үйретеді.

Постреквизиттер:CSC 2029 Интернетте программалау, CSC 3018 Ақпараттық жүйелердегі объектіге бағытталған программалау, CSC 2022 Логикалық программмалау.

Компьютердің қолданбалы және программалық қамтамасыз етілуі

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2002 Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы.

Бұл курс компьютердің файлдық жүйесін ұйымдастыру қағидалары мен жадының жұмыс жасауын ұйымдастыруды, амалдық жүйелер мен программалық қабыршақтардың қызметін, Windows операциялық жүйесінің функциялары мен жұмысының негізгі амалдарын, қолданбалы программалар бумасымен жұмыс жасауды қарастырады, желілер топологияларын үйренуге мүмкіндік береді.

Постреквизиттер:CSC 2020 Есептеу техникасының негізгі архитектурасы және операциялық түйіндері, CSC 2017 Жүйелік программалық жабдықтама.

Компьютермен модельдеу негіздері

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 3018Объектіге бағытталған программалау.

Бұл пәнде сызықты бағдарламалау мәселелерін математикалық өрнектеу, оларды шешу әдістері және олардың сандық алгоритмдері терең зерттеледі. Сонымен қатар бұл пәнде күрделі жүйелердің модельдерінің типтік кластары және модельдеу әдістерін Монте-Карло әдісінің аппараты, күрделі жүйелердің қызмет атқару процесстерінің моделін құру принциптері, формальдау және алгоритмдеу әдістері зерттеледі.

Постреквизиттер:CSC 3008 Эксперттік жүйелерді программалау тілдері.

ЭЕМ архитектурасы

Есептеу техникасының негізгі архитектурасы және операциялық түйіндері

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2002 Алгоритмдеу және программалау тілдері.

Бұл пәнде телекоммуникациялық есептеу тораптары жүйелерін құру және оларды мекемелер мен фирмаларда технологиялық процестерді автоматтандыру жүйесін ендіру кезінде пайдалануды, сондай-ақ, ЭЕМ архитектураларының негіздерін, кешендерді, жүйелер мен тораптарды, көп машиналы және көппроцессорлық кешендер, жүйелер, оларды қолдану технологиясы оқытылады.

Постреквизиттер:CSC 2018 Unix, Linux операциялық жүйелері, CSC 2017 Жүйелік программалық жабдықтама.

Компьютер жүйелерінің сәулеті

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 3014 Дербес ЭЕМ.

Пәннің мақсаты ақпаратық жүйелерді зерттеу, жобалау және қолдану үшін компьютерлік модельдеудің теориясын, әдістерін және технологиясын игеру болып табылады.

Постреквизиттер: CSC 2017 Жүйелік программалық жабдықтама, CSC 3011 Білім берудегі ақпараттық жүйелерді жобалау.

Дербес ЭЕМ

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл курс информатиканың негізгі ұғымдарын оқып үйренуге арналған: компьютердің ішкі құрылысын өзгерту, жаңарту, BIOS-пен жұмыс, программалық қамтамасыз ету, компьютер архитектурасын, процессордың жұмыс принципін, жаңа құрылғылар туралы қарастырады.

Постреквизиттер: CSC 2023 Компьютердің қолданбалы және программалық қамтамасыз етілуі, CSC 2005 Компьютер жүйелерінің сәулеті.

VI семестр

Желі технологиялары

Компьютерлік тораптар

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2005 Компьютер жүйелерінің сәулеті.

Пәнді оқу нәтижесінде студенттер қазіргі заманғы тораптық технологиялардың ерекшеліктерін, компьютерлік тораптардың классификациясын (жіктелуін), компьютерлік тораптардың ақпараттық және программалық қамтамаларын білуі тиіс.

Постреквизиттер:CSC 3037 Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру.

Интернетте программалау

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2002 Алгоритмдеу және программалау тілдері.

Курсты оқыту барысында HTML тілінің барлық тэгтері, олардың синтаксисі толық баяндалып, олардың пайдалану стилдері баян етіледі. Сондай-ақ оқу барысында студенттер интернетте бағдарламалар құруға дағдыланады. Web-дизайндар құру туралы мағлұматтар алады.

Постреквизиттер:CSC 3036 Web – программалау, CSC 3001 Программалау технологиясы, CSC 3005 Web – технологиялар, CSC 3035 Интернет – технологиялар.

Сайтты басқару жүйесі

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 3035 Интернет –технологиялар, CSC 2029 Интернетте программалау.

Бұл курсты оқыту барысында студенттер интернетте бағдарламалар құруға дағдыланады және Web-беттер құруды меңгереді, сонымен қатар, компьютерлік тораптардағы сайт құрудың әдіс-тәсілдерін қарастырады.

Постреквизиттер:CSC 2019 SQL Server мәліметтер қорын басқару жүйесінде жұмыс істеу негіздері, CSC 3030 Oracle- мәліметтер қорын басқару жүйесі.

Операциялық жүйелер

Unix, Linux операциялық жүйелері

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2017 Жүйелік программалық жабдықтама.

Linux-тiң негiзiне shell командалық қабығы жатады. Администрациилық жүйедегi есептердi табысты шығару үшін shell командалық тiлiн бiлуге тиiс. Математикалық есептердi орындауға; жүйенi қорғау және бүтiндiктi қамтамасыз етуге; файлдармен көп көлемдi жасайтын есептердi; компьютердiң аппараттар жиындығына тiкелей қатынасуға; еңгiзу-шығару порттармен айырбастауды орындауына қолданылады.

Постреквизиттер:CSC 3030 Oracle- мәліметтер қорын басқару жүйесі, CSC 2019 SQL Server мәліметтер қорын басқару жүйесінде жұмыс істеу негіздері.

Ақпараттық жүйелердегі объектіге бағытталған программалау

3кредит. Пререквизиттер: CSC 2002Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы.

Пәнді окытудың негізгі мақсаты – студенттерге объектіге-бағытталған программалаудың негізгі түсініктерін және қағидаларын ұғындыру.

Постреквизиттер: CSC 2018 Unix, Linux операциялық жүйелері, CSC 3002 Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау.

Windows операциялық жүйесі

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2005 Компьютер жүйелерінің сәулеті.

Курстың мақсаты студенттерді қазіргі Windows операциялық жүйеcінің сипаттамалары мен жұмыс істеу принциптерімен таныстыру. Сонымен қатар, операциялық жүйелердің архитектурасы мен ресурстарын басқаруды және файлдық жүйелерді қарастырады. Постреквизиттер:CSC 2018 Unix, Linux операциялық жүйелері, CSC 3002 Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау.

Ақпаратты қорғау

Компьютерлік жүйелерде ақпаратты қорғау

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 2003 Ақпараттық жүйелер негіздері.

Курстың мақсаты компьютерлік жүйе мен желілерде ақпаратты қорғаудың қазіргі кездегі құралдары мен принциптерін оқыту болып табылады.

Постреквизиттер:CSC 3002 Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау.

Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл пәнде алынған білімдер компьютерлік модельдеу, КЖ сенімділігі, есептеу жүйесі және желісі, web-дизайн негізінде қолданылады.

Постреквизиттер:CSC 3016 Ақпараттық жүйелер және модельдер, CSC 3015 Интеллектуалдық ақпараттық жүйелер.

Мультимедиалық технология

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Иинформатика.

Студенттер осы технологиялардың негізгі ерекшеліктерімен, көп компонентті ақпараттық ортаны бірыңғай цифрлық күйде біріктіруді, кең көлемді ақпаратты ұзақ әрі сенімді сақтауға қамтамасыз етуді, ақпаратты түрлендіріп, өңдеуді үйренеді.

Постреквизиттер: CSC 3006 Компьютерлік тораптар, CSC 3015 Интеллектуалдық ақпараттық жүйелер.

4 курс

VІІ семестр

Ақпараттық жүйелер және оларды басқару

Ақпараттар теориясы

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, MATh 2011 Математикалық талдау, CSC 2002 Алгоритмдеу және программалау тілдері.

Ақпараттың өлшемдік құны. Шартты энтропия. Энтропияның бірігуі. Ақпараттың шығындық бағасы. Ақпараттың артықтығы жайлы түсінік. Кодтау теорияның жалпы түсінігі.

Постреквизиттер:CSC 2012 Ақпарат және ақпараттық жүйелерді басқару, CSC 3002 Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау, CSC 3018 Ақпараттық жүйелердегі объектіге бағытталған программалау.

Ақпарат және ақпараттық жүйелерді басқару

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Бұл пәннің негізгі мақсаты – ақпаратты басқару жүйелерінің даму этаптары, ақпаратты басқару жүйелерінің жіктелуі, сигналдардың модуляциясы мен демодуляцияның техникалық жабдықтары, қабылдап таратудың бөгеуілге қарсы тұруын жоғарылату әдістері, ақпаратты басқару жүйелерінде ақпараттық процестерді ұйымдастыру, ақпаратты басқару жүйелерінің байланыс арнасы, ақпаратты басқару жүйелерінде техникалық қамтамасыз ету.

Постреквизиттер:CSC 3018 Ақпараттық жүйелердегі объектіге бағытталған программалау,CSC 3002 Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау.

PHP программалау тілі

3кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 информатика, CSC 2002 алгоритмдеу және программалау тілдері.

PHP-пограммалау тілі, Web-серверде орындалатын web-қосымшалардың жазылуына арнайы жасалған. Тілдің синтаксисі көбінде C, Java және Perl синтаксисіне негізделеді. Басқа жағынан бұл тіл С қарағанда PHP жеңіл тіл және оны басқа тілді білмейтін веб-мастерлер оңай үйрене алады.

Постреквизиттер: CSC 3032Компьютерлік дизайн, CSC 3005 Web – технологиялар.

Мәліметтер қоры

SQL Server мәліметтер қорын басқару жүйесінде жұмыс істеу негіздері

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 3003 Деректер базасының жүйесі, CSC 2002Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы, CSC 3018Объектіге бағытталған программалау.

Деректер қорының жүйелері кез келген бизнес саласының нақты бір жетістігі болып табылады, корпоративті ақпаратты сақтауды қамтамасыз етеді, World Wide Web ортасында клиент және пайдаланушылар үшін деректерді ұсыну және көптеген басқа процестерді ұстайды. Сол сияқты, деректер қоры әртүрлі ғылыми жобалардың негізін құрайды. Олар көптеген ақпаратты жинауға және басқа сала маманына білім алуға мүмкіндік береді.

Постреквизиттер:CSC 3030 Oracle- мәліметтер қорын басқару жүйесі.

Oracle-мәліметтер қорын басқару жүйесі

3 кредит. Пререквизиттер:CSC 3003 деректер базасының жүйесі, CSC 2002Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы, CSC 3018Объектіге бағытталған программалау.

Пәнді оқу барысында студент мынадай әдістерді үйренеді: интеллектуалды жүйедегі программалау тілдері, жасанды интелект жүйесінде қолданысы, өздігінше Пролог тілінде эксперттік жүйе құру, әр түрлі пәндік облыста нақты эксперттік жүйе құруға арналған типтік саймандық құрал құру.

Постреквизиттер: CSC 3004 Компьютермен модельдеу негіздері, CSC 3034PHP программалау тілі.

MySQL мәліметтер қорын басқару жүйесі

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика, CSC 3003 Деректер базасының жүйесі, CSC 2002 Алгоритмдеу және программалау тілдері, CSC 3001 Программалау технологиясы, CSC 3018Объектіге бағытталған программалау.

Бұл пән арқылы Web-қосымшаларда қолданылатын, деректер қорын басқару жүйесінде кең мүмкіндіктері бар MySQL тілін жетік меңгеруге болады.

Постреквизиттер:CSC 3026 Мәліметтер қорын басқару жүйесі арқылы ақпараттық жүйелерді объектіге бағытталған программалау, CSC 3011 Білім берудегі ақпараттық жүйелерді жобалау.

Macromedia Flash мультимедиялық программасы

3 кредит. Пререквизиттер: CSC 1001 Информатика.

Осы пәннің негізгі міндеті мен мақсаты Macromedia Flash технологиясы арқылы білім беру саласында электронды оқу құралдарын жасауда, сонымен қатар, күрделі интерактивті схемалар навигациясын, динамикалық WEB түйіндерді, мультсериалдарды, ойындарды, музыкалық видео, ойнатқыштарды құру болып табылады.

Постреквизиттер: CSC 3032Компьютерлік дизайн, CSC 3005 Web – технологиялар.