QyzPUEnactus командасы Парламентте жобаларын таныстырды



    • QyzPUEnactus командасы Парламентте жобаларын таныстырды

      27 сəуір күні Астана қаласында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің QyzpuEnactus командасы жетекшілері Беккалиева Г.М. бірге ҚР Парламенті Мəжілісінің VIII шақырылым депутаты, ҚР Парламенті Мəжілісінің Əлеуметтік- мəдени даму комитетінің мүшесі Танашева Гаухар Шаймерденқызының шақыртуымен Қазақстан Парламент Мәжілісінде  қабылдауда болды.

                                                     

      Кездесу өте қызықты өтті, қыздар өздерінің жобаларымен бөлісіп, болашаққа, ұйымдарына қажетті ақпараттарды ала алды.

      Аталған кездесуді ұйымдастырып, бізбен ақыл-кеңесімен бөлісіп, жылы естеліктер қалдырғаны үшін Гаухар Шаймерденқызына тағы да үлкен алғысымызды білдіреміз!

      Бөлісу: