Бегешова Ұлжанның Университеттің 80-жылдығына және ғылым декадасына орай «QASHGARI» атты этно-шығармашылық топтамасы көрсетілді



    • Бегешова Ұлжанның Университеттің 80-жылдығына және ғылым декадасына орай «QASHGARI» атты этно-шығармашылық  топтамасы көрсетілді

      Кәсіптік білім кафедрасының техникалық ғылым магистрі, аға оқытушысы, ҚР Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Бегешова Ұлжанның Университеттің 80-жылдығына және ғылым декадасына орай этно-шығармашылық  көрсетілімінде «QASHGARI» атты жеке топтамасы көрсетіледі.

      Бұл топтамада халықтың көркемдік дүниетанымын бейнелейтін символдық түрде икат матасы зерделеніп тігілген. Екінші этно-стильдегі «STEPPE WIND» топтамасы «Киім дизайны» пәнінен 4-курс студенттері мен Ұлжан Нұғманқызының жетекшілігімен дайындалған.

      Топтамалардағы жас қыздар киімдерінде жартастағы бейнелеулері, көріну көз тартарлығымен және терең символикасымен айрықшаланады. Этно топтамалар ұзын желбіршекті көйлектер, бас киім және ұзын велюр шапандардан тұрады. Шалбар жиынтығы асимметриялық бешпент пен бас киімдер жобаланған. Барлығы 11 дана сәнді жиынтық бұйымдары ұсынылады.

      Көрсетілімге ҚР Суретшілер одағының мүшесі, біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында өткен халықаралық қолөнершілер фестивалінің қатысушысы, Экспо-2017 және Бухара, Хива, Самарканд, Таджикистан т.б. қолөнер байқауларының лауреты Майса Икласова ханым, «AQ KiIZ» брендтін қалаушысы, халықаралық Баку 2018 «Киіз қиылысы» жеңіспазы, Турция, Ташкент қолөнершілер фестивалінің қатысушысы Акпанова Эльмира ханым және оқытушылар мен студенттер, № 15 лингвистикалық гимназия КММ оқушылары қатысты.

      Бүгінде студенттердің ұлттық киім топтамаларын жобалау қабілеттерін дамыту қажеттілігін арттыру мақсатында осы іс-шара ұйымдастырылды.

      Бөлісу: