Парсы тілінен  тілдік олимпиада болып өтті



    • Парсы тілінен  тілдік олимпиада болып өтті

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғылым онкүндігінің іс-шаралар күнтізбесіне сәйкес  Филология институты мен Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының ұйымдастыруымен Қазақстанның жоғары оқу орындарында парсы тілін екінші шетел тілі ретінде оқитын  студенттер арасында  қалыптасқан дәстүрмен жетінші  рет  тілдік олимпиада  болып өтті.

      Олимпиаданың ашылуына Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фақани, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Рысбекова Жанар Қасымбекқызы, Филология  институтының директоры  Ашинова  Күнипа  Ахатовна, Алматыдағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығының мәдени өкілдігінің  басшысы Хоссейн Ағазадэ, институттың көшбасшылары, оқытушылары және студенттері қатысты. Олимпиадаға  парсы тілін екінші шетел тілі ретінде оқып жатқан  Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті,  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері  өзара бақ сынап, білімдерін ортаға салды.

      Шараны Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Филология  институтының директоры  Ашинова  Күнипа  Ахатовна  ашып  берді,   парсы тілінің маңыздылығы, университетте парсы тілін оқып жатқан студенттерді үнемі қолдап, көмектесіп жатқан Иран Ислам Республикасының Бас консулдығы  мен   мәдени өкілдігінің  басшысына  алғыс  айтып,  олимпиадаға  қатысатын студенттерге  сәттілік тіледі.

      Иран Ислам Республикасының Бас консулы Мохсен Фақани,   Алматыдағы Иран   мәдени өкілдігінің  басшысы Хоссейн Ағазадэ   Иранға барып оқу мүмкіндіктері, академиялық ұтқырлық бағдарламалары туралы баяндады. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  Стратегиялық даму және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Рысбекова Жанар Қасымбекқызы  құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге  сәттілік тіледі.

      Олимпиаданың жабылуында Алматыдағы Иран Бас консулдығының мәдени өкілдігінің  басшысы Хоссейн Ағазадэ  төменде аталған  жеңімпаздарды   марапаттап,   әрқайсысына ақшалай сый-ақы берді.

      3 курс арасында өткен сайыста

      • 1-орын: Слам Аякөз Айдарханқызы,   Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
      • 2 –орын Базарбайқызы Аяжан,   Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
      • 3-орын: Аманжолова Айана Жамбылқызы,   Әл Фараби ат. ҚазҰУ Бекмурзина Аида  Асхатовна, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Абдрахман Райжан Ақжолқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
      • 4 орын: Данияров Асхат Бакперович,   Әл Фараби ат. ҚазҰУ Тобышбаева Ақсымбат Серікбайқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Бақытжанова Айдана Ғалижанқызы,   Әл Фараби ат. ҚазҰУ

      4 курс арасында өткен сайыста

      • 1-орын: Абдихалиқ Мәдина Жолдасбекқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
      • 2 –орын: Мәдіоспан Аяжан   Қайратқызы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

      Олимпиадаға қатысқан  студенттерге халықаралық деңгейде  сертификат табысталды.

      Бөлісу: