2018-2019 жылы Перпиньян (Франция) Университеті «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасы.

Құрметті оқытушылар мен магистратура және бакалавриат білім алушылары!

Сізді 2018-2019  жылы Перпиньян (Франция) Университеті «Erasmus+» академиялық алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз.  

Қатысуға өтініштер 08.04.2018 дейін қабылданады. 

Мәлімет үшин осы сілтемені ашыңызhttps://www.univ-perp.fr/fr/menu/international/venir-etudier-a-l-upvd/en-programme-d-echanges/avec-le-programme-erasmus-mobilite-internationale-de-credits/

Startup-Tomiris ЕРЕЖЕ-АҚПАРАТ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

«STARTUP-TOMIRIS»

инновациялық жобалар байқауын өткізу туралы

ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ереже

1.1. Осы Ереже «Startup-Tomiris» инновациялық жобалар байқауының өту тәртібін анықтайды (бұдан әрі - Байқау).

1.2.Ұсынылған жобалардың мазмұны жасырын болып табылады және байқау жұмысын тек қана бағалау және тексеру мақсатында пайдаланылады.

1.3.Байқау туралы ақпарат www.kazmkpu.kz веб-сайтында және оқу үдерісіндегі «УНИВЕР» жүйесінде жарияланады.

1.4. Байқаудың ұйымдастырушысы - Ғылым бөлімі.

  1. 2.Байқаудың мақсаты мен міндеттері

2.1. Мақсаты - университет білім алушыларының шығармашылық қабілеттерін ашу және инновациялық кәсіпкерлікке тарту.

2.2. Міндеттері:

- студенттік бастамаларды анықтау және насихаттау;

- білім алушылардың әлеуметтік бағыттағы кәсіпкерлік мәдениетін және көшбасшылық дағдыларын қалыптастыру;

           - бизнес қауымдастықтарымен және өзге мүдделі тараптармен байланыс орнату.

  1. 3.Байқауға қатысу шарттары

3.1. Байқауға инновациялық және бәсекеге қабілетті, әлеуметтік мәні, енгізу тиімділігі бар және коммерциялық нәтижеге бағытталған жобалар ұсынылады.  
3.2. Жұмыс үдерісі кезінде қатысушылар:
- стартап-жобасын жазудағы тәжірибиелік дағдыларын;
- топта жұмыс жасау тәжірибесін; 
- ғалым-әзірлеуші және инвесторлармен қарым-қатынас мүмкіншілігін;
- түрлі бағыттарда (әлеуметтік, қызмет көрсету, өндіріске енгізу) жұмысқа тұру мүмкіншілігін алады.
3.3. Байқауға Университеттің күндізгі бөлімінің 1-3 курс студенттері, 1 курс магистранттары қатыса алады. 

3.3. Өтінімнің қағаз және электронды нұсқасы Ғылым бөліміне тапсырылады.

3.4. Мерзімнен кешіккен өтінімдер қабылданбайды.

3.5. Байқауға қатысу ақысыз өтеді.

3.6. Жобалар мемлекеттік немесе орыс тілінде қабылданады.

  1. 4.Байқаудың өту кезеңдері

         Байқау 4 кезеңнен тұрады:

         - 1 кезең - өтінімдерді қабылдау (1-қосымша);

         - 2 кезең - сараптау комиссиясымен 3-ші кезеңге өтетін 5 үздік жоба таңдау (2-қосымша);

         3 кезең - жобаны қорғау (презентация 5 минут) және жеңімпаздарды анықтау (3-қосымша)

         4 кезең - жеңімпаздарды «SMART NATION.KZ» ғылыми марафонында марапаттау.

  1. 5.Сараптау және байқау комиссиясы

5.1. Байқау қорытындысын шығару үшін ректор бұйрығымен Сараптамалық комиссиясының құрамы бекітіледі.

5.2. Сараптамалық комиссия құрамына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры, Алматы қаласы Алмалы аудандық жұмыспен қамту орталығы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «KaznexInvest» экспорттау және инвестициялау бойынша ұлттық агенттігі, «АТФ Банк» АҚ, бизнес өкілдері кіреді.

5.3. Сараптамалық комиссия жобаларды инновациялық өлшемдер бойынша іріктеп бағалайды, белгіленген номинациялар/марапаттаулар бойынша байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

  1. 6.Марапаттау

6.1. І орын жеңімпазы Республикалық «STARTUP-BOLASHAK» инновациялық жобалар байқауына университет атынан қатысады және 200 000 теңгемен, ІІ орын жеңімпазы - 100 000 теңгемен, ІІІ орын жеңімпазы -50 000 теңгемен марапатталады.


Қосымша 1

«STARTUP-TOMIRIS» инновациялық жобалар байқауына

ӨТІНІМ

Жоба атауы

Жеке немесе топтық құрамдағы мүшелердің аты-жөні толық

Мамандығы, курсы, байланыс ақпараты (телефон, эл.пошта)

Жобаны жүзеге асыру мерзімі

Жобаның өзектілігі (200 сөзден артық емес)

Инновациялылығы (100 сөзден артық емес)

Жобаның әлеуметтік мәні (50 сөзден артық емес)

Жобаны енгізу тиімділігі (50 сөзден артық емес)

Мақсатты топ, клиенттер, сұранысы

Жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру (100 сөзден артық емес)

Кеңейту мүмкіндігі (100 сөзден артық емес)

Өзге сандық/сапалық көрсеткіштері

Қосымша ақпараттар (жетістіктер, өткен қиыншылықтар, фотосуреттер және т.б.)

Өтінім берушінің қолы


Қосымша 2

Жартылай жеңімпаздарды анықтау хаттамасы

Алматы қ.                                                                                                                             «____» __________ 2018ж.

п/п

Жоба атауы Өтінім берушінің аты-жөні Бағалау өлшемі 1 Бағалау өлшемі 2 Бағалау өлшемі 3 Бағалау өлшемі 4 Барлығы Шешім
1
2

  • Жобаның сұранысы
  • Жобаның инновациялығы
  • Енгізу тиімділігі
  • Ауқымдылығы

ü  Балл мөлшері бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады

ü  Өтінімге баға беру өлшемдері 0-ден (нөл) 2-ге (екі) дейін

Байқау комиссиясының мүшелері:

______________________ Т.А.Ә.

______________________ Т.А.Ә.

______________________ Т.А.Ә.

______________________ Т.А.Ә.


Қосымша 3

Жоба презентациясын бағалау хаттамасы

Алматы қ.                                                                                                                                                                              «____» __________ 2018ж.

п/п

Жоба атауы

Өтінім берушінің

аты-жөні

Бағалау өлшемі 1 Бағалау өлшемі 2 Бағалау өлшемі 3 Бағалау өлшемі 4 Бағалау өлшемі 5 Бағалау өлшемі 6 Бағалау өлшемі 7 Бағалау өлшемі 8 Барлығы Шешім
1
2
3

Бағалау өлшемдері

ü Жоба атауы;

ü Жобаның мақсаты, міндеті, жаңалығы және ерекшелігі;

ü Мақсатты топ тауарының/жұмысының/қызметінің/ т.б. сұранысы;

ü Жобаны негізгі бәсекелестермен салыстыру;

ü Жобаны жүзеге асыру механизмдерін сипаттау;

ü Жобаның тиімділігі;

ü Жобаның сандық және сапалық көрсеткіші;

ü Жобаны кеңейту.

Презентациялар 1-ден (бір) 5-ке (бес) дейінгі балдармен баға беріледі:

1 – көрсетілген материалдар бизнес-идеяны бұл критерий бойынша бағалауға мүмкіндік бермейді;

2      – теріс нәтиже немес критерий жартылай ашылған немесе ашылмаған;

3      – бейтарап нәтиже немес критерий ашылды және анықталған, бірақ жеткілікті емес, дәлелдеме жеткіліксіз;

4      – жеткіліксіз оң нәтиже немесе критерий ашылды және анықталған, бірақ барлық қырларды қамтымайды;

5      – жеткілікті оң нәтиже немесе критерий сапалы түрде ашылған және дұрыс түсіндірілген.  

*Балл мөлшері бірдей болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады

Ақпараттық хат-Смарт марафон-12.02.2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

 

 

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 2018 жылдың 12 сәуірінде студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «SMART NATION.KZ» ғылыми марафонына қатысуға шақырады

Іс-шара «Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» атты 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткізіледі.

Өтетін орны: Алматы қ., Гоголь к-сі, 114.

Ғылыми марафонның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

 

Ғылыми марафонды өткізу бағдарламасы

 

08.30 - 09.00

Қатысушыларды тіркеу

09.00 - 10.00

Стендік баяндамалар және жас инноваторлар көрмесі

 

10.00 - 13.00

 

Секциялар жұмысы

 

I

PHIL

Заманауи филологиялық ғылымдар және әлемнің ұлттық бейнесі

 

II

PED

Еліміздегі және әлемдегі педагогика және психология: қазіргі теория және тәжірибе

 

III

SOCHUM

Қазақ қоғамының санасын жаңғырту үдерісіндегі әлеуметтік-гуманитарлық білім

 

IV

NAT

Жаратылыстану ғылымдары: инновациялық технологиялар мен идеялар

 

V

PHYS, MAT,

IT

Цифрлық Қазақстан: физика-математика ғылымдарының жаңа серпілісі

 

VI

ART

Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет

 

13.00-14.00

Түскі үзіліс

 

15.00 - 17.00

 

Пленарлық мәжіліс

 

 

17.00 - 17.30

 

Жабылуы. Жеңімпаздарды марапаттау

 

 

Марафон қатысушылары келесі форматта қатыса алады:

- стендік баяндама, размер 841х1189 мм, А0 форматында;

- секцияға баяндамамен қатысу (5 минутқа дейін);

- пленарлық мәжілісте баяндамамен қатысу (7 минутқа дейін);

- мақаланы конференция жинағында жариялау.

 

Мақалаға қойылатын талаптар:
  1. Бет саны 3-5, формат А4, мәтіндік редактор MSWORD, шрифт Times New Roman, 12, аралық жол – 1, жол жиегі: сол жоғы – 30 мм, оң жағы – 15 мм, жоғарғы және төменгі жағы – 20 мм, азат жол: стандартты.
  2. Кестелер, схемалар мен суреттерге атау беріліп, Windows бағдарламасында теріледі.
  3. Үлгі бойынша рәсімдеу:

Әсел Ахметова

Қазақ тілі мен әдебиеті

2-курс/магистрант/докторант

ҚазМемҚызПУ

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., проф. Т.А.Омаров

 

ЛАТЫН ГРАФИКАСЫН ЕНДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Мәтін

 

Әдебиеттерге сілтеме тік квадрат жақшаның ішінде жазылып, әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай көрсетіледі. [1, 25 б.].

Әдебиеттер:

1. Бердяев Н. А. Смысл истории. М., Мысль, 2011.

  1. Мақалалар мен баяндамалардың электронды нұсқасы This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды поштасына 2018 жылдың 20 наурызына дейін SMART NATION.KZ жазбасы арқылы қабылданады.
  2. Материалдар автордың атымен рәсімделген бір файлмен, мақала ұсынылған секцияның нөмірін көрсету арқылы қабылданады (1_Ахметова Ә. doc)
  3. Барлық жұмыстар плагиат үшін тексеріледі, мәтіннің бірегейлігі кем дегенде 70%

Осы талаптарға сәйкес ресімделмеген мақалалар қарастырылмайды.

Ғылыми марафон жинағында мақаланы және баяндаманы жариялау үшін төлем 3000 теңгені құрайды (ҚазМемҚызПУ бакалавриат студенттерінен басқа авторларға).

Ұйымдастыру комитеті конференция материалдарын таңдау құқығын өзіне қалдырады.

Ғылыми марафон алқасының шешімі бойынша үздік деп танылған мақалалар мен баяндамалар ҚазМемҚызПУ «Хабаршы» журналында жариялауға ұсынылады.

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Алматы қ., Әйтеке би, 99 к-сі., Бас оқу ғимараты, Ғылым бөлімі, 105 каб.

Тел.: 8 (727) 233-17-67, ішкі 4031; е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.,

Чанчарова Алия, Есболова Самал, Чакенова Балжан.

           Банктік реквазиттер ҚазМемҚызПУ

ЖСК ТЕНГЕ-KZ61826A1KZTD2025263
БСК ALMNKZKA
БСН 990 240 005 438
КБЕ 16
Филиал АҚ «АТФ Банк» Алматы қ., 050060, Төле би көшесі, 24

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Құрметті оқытушылар, докторанттар,

магистранттар және студенттер!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Mugla Sitki Kocman University (Түркия) арасындағы келісім-шарт негізінде сіздерді 2018-2019 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз (Қосымша 1).

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі:

- өтініштерді 2018 жылдың 16-ақпаннан 5-наурыз аралығында қабылдайды,

-     үміткерлердің өтініштерін серіктес университетке жібереді,

-     білім алушыларға іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.

Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Оқытушылар:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 2)

2) Түйіндеме (ағылшын тілінде)

3) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)

4) Паспорт көшірмесі

5) Академиялық портфолио (орындалған, орындалып жатқан және жоспарланған жобалар тізімі)

Студенттер, магистранттар және докторанттар:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 3)

4) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)

5) Паспорт көшірмесі

6) Транскрипт (ағылшын тілінде)

Білім алушыларға арналған талаптар:

  • Бакалавриат - 4.0 балл бойынша GPA 2.5
  • Магистратура, докторантура4.0 балл бойынша GPA 3.0

Грант бір семестрге бөлінеді (4 ай).

Білім алушылар екінші семестрге оқуын жалғастыруға ниет білдірген жағдайда, жатақхана, тамақтану, авиабилет және т.б. шығындарды  өз қаражаттарынан төлейді (оқу ақысынан басқасын).

Іріктеу критерийлері:

-  жалпы балл 50%, ал тіл деңгейі 50%-ды құрайды (ағылшын немесе түрік тілдерінің деңгейін растайтын құжат болу міндетті).

Ескерту: Қорытынды іріктеу Түркия Республикасының Жоғары Білім Беру Кеңесі тарапынан ҚазМемҚызПУ-не бөлінген бюджетке байланысты жүзеге асады.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз: Омарова Гульнур, тел. 233-89-08/ 45-50, каб.128

Қосымша 1

2018-2019 Mevlana Exchange Programme Quota List

Name of the University Country Department

Kazakh State Women’s Teacher Training University

Kazakistan

Kazakh Literature,

Turkish Language and Literature, Pre-school Education,

Primary Education

(Bachelor, Master Degree)

Business Management,

History

(Bachelor, Master Degree)

Толық ақпарат алу үшін

Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Құрметті оқытушылар, докторанттар,

магистранттар және студенттер!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир Университеті арасындағы 2018 жылғы 23-қаңтардағы келісім-шарт негізінде сіздерді 2018-2019 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз (Қосымша 1 және 2).

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі:

- өтініштерді 2018 жылдың 9-ақпаннан 15-ақпан аралығында қабылдайды,

-     үміткерлердің өтініштерін серіктес университетке жібереді,

-     білім алушыларға іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.

                                    

Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Оқытушылар:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 3)

2) Түйіндеме

3) Тіл деңгейін растайтын құжат

4) Паспорт көшірмесі

Докторанттар, магистранттар және студенттер:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 4)

2) Бакалавриат - 4.0 балл бойынша GPA 2.5

3) Магистратура, докторантура - 4.0 балл бойынша GPA 3.0

4) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)

5) Паспорт көшірмесі

Грант бір семестрге бөлінеді (4 ай).

Білім алушылар екінші семестрге оқуын жалғастыруға ниет білдірген жағдайда, жатақхана, тамақтану, авиабилет және т.б. шығындарды                                 өз қаражаттарынан төлейді (оқу ақысынан басқасын).

Іріктеу критерийлері:

-  жалпы балл 50%, ал тіл деңгейі 50%-ды құрайды (ағылшын немесе түрік тілдерінің растайтын құжат болу міндетті).

Ескерту: Қорытынды іріктеу Түркия Республикасының Жоғары Білім Беру Кеңесі тарапынан ҚазМемҚызПУ-не бөлінген бюджетке байланысты жүзеге асады.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз: Омарова Гульнур, тел. 233-89-08/ 45-50, каб.128

Қосымша 1

 65151

Қосымша 2

 2yjy5151

 

Толық ақпарат алу үшін:  http://www.ohu.edu.tr/mevlanaexchange/announcement/12701 .

1-Күзгі Психологиялық Интенсив-2017: Психолог жұмысындағы психотехнологиялар: білім беру, денсаулық сақтау, отбасы

Педагогика және психология факультеті

Теориялық және пркатикалық психология кафедрасы

«Жан шуағы» психология орталығы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

1-Күзгі Психологиялық Интенсив-2017:

Психолог жұмысындағы психотехнологиялар: білім беру, денсаулық сақтау, отбасы

Құрметті психологтар, педагог- психологтар, медициналық және практик психолог-кеңес берушілер, педагогтар мен әлеуметтік қызметкерлер, студенттер, магистранттар, докторанттар.

Сіздерді 1-Күзгі Психологиялық Интенсивке - 2017 қатысуға шақырамыз

Өту мерзімі: 18-19 қараша, 2017 жыл.

Өту орны: ҚазМемҚызПУ, 3 корпус, (Гоголь көшесі, Шарипов көшесінің қиылысында)

1-Күзгі Психологиялық Интенсивтің мақсаты:

Әр түрлі кәсіби іс-әрекет сфераларындағы психологтың кәсіби шекараларын кеңейту және компетенттілігін артыру.

Интенсивтің міндеттері:

1. Білім беру, отбасылық тәрбие және денсаулық сақтау салаларындағы қазіргі психотехнологиялармен танысу.

2. Өзекті психологиялық мәселелерді талқылау.

3. Кәсіби ынтымақтастық пен білім беру.

Сіздерді ең үздік психолог-практиктермен 2 күндік қызықты марафон күтеді. Сіздерге балалар мен ересектердің қазіргі диагностикасында, коррекция мен психопрофилактикасында белсенді қолданылып жүрген 50-ден астам практикалық психологиялық техникалар ұсынылады.

Интенсив –2017 жұмысының негізгі формалары:

  • практик психологтардың мастер-кластары;
  • ауызша баяндаулар (талқылау, пікірталастар, рефлексия);
  • тренингтер мен практикалық сабақтар.

Психологиялық Интенсивке қатысу құны– 12 000 тенге.

12 адамнан көп жиналған топқа- 10 000 тенге.

Студенттер мен магистранттарға – кез-келген ЖОО күндізгі бөлім– 8000 тенге (студенттік билеті міндетті).

Тіркелу 2017 жылдың 15 қарашасына дейін. (Өтініш беру формасы қосымшада).Төмендегі электрондық адреске тіркелу міндетті: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. немесе ұялы тел.

(ватсап) 8 778 622 6189, 8 707 687 7501, 8 701 735 4808,

1-ші Күздік Интенсивтің тренерлік корпусы мен мастер-кластар

Тақырыбы: Психолог жұмысындағы психотехнологиялар:

білім беру, денсаулық сақтау, отбасы

 

Аты-жөні Тренинг тақырыбы Тренер туралы ақпарат
Ермекбаева Лаура Касеновна

Тұлғааралық конфликтілерді шешудегі психологиялық тәсілдер.

қазақ, орыс тіліндегі топтар

Психология ғылымының кандидаты, теориялық және практикалық психология кафедрасының меңгерушісі. Конфликтілер психологиясы саласының маманы.
Исхакова Эльзара Варисовна Ертегітерапия мен құм терапиясы отбасымен психологиялық жұмыс жасаудың әдістері ретінде.

орыс тіліндегі топтар

Психология ғылымының кандидаты. Аға оқытушы. Тренер, онкопсихология, отбасылық кеңес беру мен психотерапия саласының маманы.
Бегалиева Нүргуль Үсеиновна Психологиялық жарақатпен жұмыс,

қазақ тіліндегі топтар

Психология ғылымының кандидаты. Аға оқытушы. Тренер, тұлғаның дағдарысты күйлері мен кеңес беру саласының маманы.
Сактағанова Тильда Сарсеновна Отбасы психодиагностикасы және проективті әдістемелер аясында өзара қатынастарды түзету.

қазақ және орыс тіліндегі топтар

Психологии магистрі. Аға оқытушы. Тренер, Отбасы психодиагностикасы менпсихотерапиясы саласының маманы
Елшібаева Кулмаш Ғалымжановна НЛБ тәсілдері арқылы педагогтардың кәсіби-эмоциялық құлдырау синдромының алдын-алу.

қазақ тіліндегі топтар

Психология ғылымының кандидаты. Аға оқытушы. Тренер, тұлғаның дағдарысты күйлері, НЛБ психотерапия саласының маманы.
Байздрахманова Алия Камидулловна Балалар мен ересектердің дағдарысты күйлерін экспресс-диагностикалау және көмек көрсету (күш көрсету, суицидтер)

орыс тіліндегі топтар

Психология ғылымының кандидаты. Аға оқытушы. Тренер, күш көрсету мен тұлғаның дағдарысты күйлері саласының маманы.
Бейсенова Жұпаргүл Жұмабаевна Жастар арасындағы экстремизмнің алдын-алу тәсілдері мен техникалары.

қазақ тіліндегі топтар

Психология ғылымының кандидаты. Кафедра доценті. Тренер, дін психологиясы мен тұлғаның рухани даму саласының маманы.
Бағыбаева Майгүл Ілиясовна Мамандық таңдау кезіндегі психологиялық қолдау.

қазақ тіліндегі топтар

Психология магистрі, аға оқытушы. Тренер, заманауи мамандық түрлерін таңдау мен бағдар саласының маманы.
Айуп Жанна Ғайниденовна Жеке кеңес беру мен психосоматикадағы денеге бағытталған әдістер.

қазақ және орыс тіліндегі топтар

Психология магистрі, аға оқытушы. Тренер, онкопсихология мен тұлғалық даму саласының маманы
Алибаева Рауан Нұрғалиевна Педагог- психолог қызметіндегі психологиялық кеңес беру.

қазақ тіліндегі топтар

Психология магистрі, аға оқытушы. Тренер, суицидология мен психологиялық кеңес беру саласының маманы.
Дюсенбаева Динара Серікбаевна Психолог жұмысындағы метафоралық ассоциативті карталар (МАК).

орыс тіліндегі топтар.

Психология магистрі. Тренер, онкопсихология, психоанализ және кеңес беру саласының маманы.

1-Күздік Психологиялық Интенсивтің -2017 аясында оқу қорытындылары бойынша 36 акад. сағатқа (студенттерге), 72 академ.сағат (мамандарға) есептелген біліктілік жетілдіру Сертификаты беріледі!!!

Төлем ақысының 50%-ын 10 қарашаға дейін енгізу міндетті:

Гоголь + Шариповадағы корпус, 313 каб. Айсұлу - 87786226189

1-Күздік Психологиялық Интенсив-2017 ұйымдастыру комитеті:

Төрайымы – ҚазМемҚызПУ, Педагогика және психология факультетінің деканы, пед.ғ.д, профессор Жиенбаева С.Н.

Тең төрайымы – теориялық және практикалық психология кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.кандидаты, доцент Ермекбаева Л.К.

Интенсива- 2017 ұйымдастыру комитетінің мүшелері: теориялық және практикалық психология кафедрасының оқытушылары.

Ұйымдастырушы – модераторлар:

Елшібаева Күлмаш Ғалымжановна- телеф.(вотсап) + 7 701 397 77 39

Байздрахманова Алия Камидулловна –телеф. (вотсап) + 7 701 735 48 08

Бейсенова Жұпаргул Жұмабаевна,- телеф. (вотсап) + 7 707 350 62 14

Қосымша 1.

Қатысу үшін өтініш беру формасы

2017 жылдың 15 қарашасына дейін

  1. Аты, тегі, әкесінің аты. ____________________________
  2. Қала, ауыл _____________________________________
  3. Жұмыс немесе оқу орны.__________________________
  4. Ұялы телефон.___________________________________

12 адамнан көп жиналған топтар үшін төлемақысы 10.000 тенге. Интенсивке қатысушылар тізімін алдын-ала мына электрондық адреске жіберу қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Электрондық адреске тіркелу: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050012, Алматы қаласы, Гоголь көшесі 161 (Шарипов көшесінің қиылысы)

Өтініштерді беру мерзімі: 2017 жылдың 15 қарашасына дейін!!!

Білім мен ғылымның дамуының химия, биология, экология және география бойынша заманауи бағыттары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Құрметті әріптестер!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың қазан айының  27-күні «Білім мен ғылымның дамуының химия, биология, экология және география бойынша заманауи бағыттары» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.        

Конференцияға отандық және шет елдік ғалымдар, мұғалімдер, жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, магистранттары мен студенттері шақырылады.  

Конференцияның негізгі бағыттары:

  1. Қазіргі таңдағы химия және химиялық технологияның өзекті мәселелері 

  1. Биология, өсімдіктер физиологиясы, биотехнология және экология салаларының инновациялық жетістіктері.

  1. Географиялық ғылым және білім: қазіргі жағдайы, мәселелері және болашағы

  1. Инновациялық білім беру - педагогикалық шеберлікті  дамытудың  негізі

           

Мақалалар қазақ,  орыс, ағылшын  тілдерінде қабылданады. Мақала мәтіні 5 беттен аспауы тиіс. Жариялау құны 3000 тенге. Квитанциялардың көшірмелері (банктік мәліметтер төменде келтірілген) электронды почтаға (квитанцияның көшірмесі текстің соңында болуы керек) жіберілуі керек. Мақалалар 2017 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады. Іс-сапар шығындары қатысушылардың есебінен.

Конференцияға қатысу өтініштері тек электронды түрде қабылданады.

Баяндаманың электрондық нұсқасы төменде көрсетілген электрондық поштамен, ал қағазға басылған мәтіні төменде көрсетілген мекен жайға жіберілуі керек.

Конференцияны ұйымдастыруға жауапты:

Қуанышева Жанар Қадыржановна - п.ғ.к.,қауым.проф.м.а.,e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it., ұялы тел: 87773201030, тел: 8(727) -233-02-53  

Секциялар бойынша жауаптылар:

  1. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">bakshat_83@mail.ru (Изтелеу Бақшат Маратқызы), 87773710238 (химия)
  2. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">guljanThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (Сауранбаева Гульжан Кемелбековна) 87017807950 (биология, экология)
  3. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.">makpal_25071986@mail.ru(Тоқсабаева Мақпал Ербосыновна), 87078053801(география)
  4. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. (Изтелеу Бақшат Маратқызы), 87773710238 (педагогика)

Жарияланым мақалалары электронды және қағаз түрінде мына мекен жайда қабылданады: 050000, Қазақстан, Алматы қаласы, Әйтеке би 99, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 330, 329 кабинеттер, тел: 8 (727) -233-03-52.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын

ӘӨЖ

АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ1,*, АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ2

(Times New Roman, 12  кегль, баяндамашының тегін жұлдызшамен белгілеу қажет)

БАЯНДАМАНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

(Times New Roman, 12  пт, бас әріптермен, қою шрифтпен)

1 Алғашқы ұйым (толық атауы), қаласы, мемлекет

2 Екінші ұйым (толық атауы), қаласы, мемлекет

Баяндамашы e-mail (Times New Roman, 12 пт)

Мәтін (Times New Roman, 12 кегль). Мақаланың мәтіні форматы А4, редактор Microsoft Word for Windows,  гарнитура Times New Roman, кегль 12 пт, жол аралық: 1 интервал, абзац 0,75 см. Парақ параметрлері: сол жағы -25 мм, жоғары - 20 мм, төменгі – 20 мм, оң жағы – 20 мм, толық 3-5 беттен кем болмау керек. Беттер нөмірленбейді. Дайын файлды DOS форматында сақтау қажет.

Әдебиеттерге сілтемелер дәйексөз болмағанда тік жақшада [1], дәйексөз болғанда немесе авторлық мәтінді өз сөзімен айтқанда [1, б.29] және қатаң түрде ескерту ретімен нөмірленеді.

Кестелерде де мақала мәтініндегі шрифт қолданылады. «Кесте» сөзі, нөмірі және атауы кестенің жоғары жағына абзацтан жазылады (Кесте1 ̶  Мономерлердің бастапқы қоспаларының құрамы). Қандай да бір түсіндірме қажет болса, кестенің төменгі жағына беріледі.

Суреттерді ретпен қою қажет (Сурет 1 ̶  Метилпиридиндердің конверсиялануына температураның әсері). СИ жүйесінің өлшем бірліктерін қолдану қажет.

Химиялық құрылыс формулалары  ChemDraw терілу қажет.

Әдебиет (Times New Roman, 12 пт)

1. Бутин Б.М. Химия P, Se – гетероциклов. ̶  Алматы: ТОО «Полиграфсервис и К», 2013. ̶  340 с.

2. Трофимов Б.А. Некоторые аспекты химии ацетилена // Журн. Орг. Химии. ̶  1995. ̶  Т.31, №9. ̶  С.1368-1387.

3. Патент 2525 Рк. Способ получения фосфорного удобрения / Джусипбеков У.Ж., Черниякова Р.М: опубл. 20.08.14, Бюл.8.ъ

Резюме (Times New Roman, 12 пт)

Резюме (2,3 сөйлем) қазақ және ағылшын тілдерінде (егер мақала орыс тілінде болса), орыс және ағылшын (егер мақала қазақ тілінде болса), орыс және қазақ (егер мақала ағылшын тілінде болса)  болуы қажет.

Мақаланың мәтіні редакцияланбайды, мақаланың ғылыми мәтініне, мазмұнының стилі мен грамматикасына авторлар жауап береді.

Ескерту!  Конференцияның ғылыми бағытына және безендіру ережелеріне сәйкес келмейтін, мерзімінен кешіккен мақалалар қаралмайды және жарияланбайды.

Барлық жарияланымдар авторлық редакцияда беріледі.

    

Конференцияға қатысу тапсырысы

1 АТЫ-ЖӨНІ, ТЕГІ (толық)
2 Жұмыс орны
3 Қызметі
4 Атағы, дәрежесі
5 Баяндаманың тақырыбы
6 Секция
7 Қажет техникалық құралдар
8 Мемлекет, қала
9 Оқу орны, кафедра
10 Почталық мекен-жай
11 e-mail
12 Байланыс телефоны, факс
13 Қонақ үйге мұқтаж ба (иә/жоқ)

Конференцияға қатысу жұмысының жарнасын төлеу үшін реквизиттер:

БИК: HSBKKZKX

БИН: 960941000145

ИИК Банка: KZ906010002008345197

КБе: 19

Банк атауы: АО «Қазақстанның Халық Банкі»

Мырзахметова Нурбала Оразымбековна

Аударғанда «конференцияға» деген белгімен, автордың тегі аты-жөнінің бастапқы әріптері  жазып жіберіледі

                                           Коференцияда Сізді көруге қуаныштымыз!

Құрметпен, ұйымдастыру комитеті

Құрметті оқырмандар!

 «Алматы қаласының кітапханалары күніне» орай,  Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Ғылыми кітапханасы 2017 жылдың  13 қазан күні сағат  1000  өткізілетін   «Ашық есік күніне»  шақырады.

Іс-шара барысында «Кітапхана және библиография» кафедрасының студенттері және Қаскелең мәдени колледжінің  «Кітапхана ісі» мамандығының студенттерімен бірлесе отырып, «Кітапханашы - мәртебелі мамандық»  атты  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылады.

Сіздердің назарларыңызға кітап баспаларының өнімдері жәрмеңкесі ұсынылады.

Барлық оқырман қауымды шақырамыз!

Кітапхана әкімшілігі

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне 2017-2018 оқу жылына магистранттарды қабылдау ЕМТИХАНЫНЫҢ КЕСТЕСІ

 

Күні

 

Уақыты

 

Шифр

 

Мамандық атауы

Ауд.
17.08.2017 1000-1300 6М010900 Математика

315 б/к

 

17.08.2017 1400-1700 6М011000 Физика

315 б/к

 

17.08.2017 1000-1300 6М010600 Музыкалық білім

№ 2 корпус

206 ауд.

17.08.2017 1000-1500 6М011900 Шетел тілі: екі шетел тілі

Л-1 б/к

 

 

17.08.2017

 

1000-1300

 

6М010100

 

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

 

314 б/к

 

17.08.2017 1400-1700 6М010500 Дефектология

317 б/к

 

 

17.08.2017 1000-1300 6М020300

Тарих

 

212 б/к

 

 

17.08.2017 1400-1700

6М050100

 

6М090500

Әлеуметтану

 

Әлеуметтік жұмыс

212 б/к
17.08.2017 1500-1800 6М011700

Қазақ тілі мен әдебиеті

 

226 б/к

 

 

18.08.2017 1400-1700 6М012100 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі  қазақ тілі мен әдебиеті 235 б/к
18.08.2017 1000-1300 6М050300 Психология

235 б/к

 

18.08.2017 1400-1700 6М012400 Педагогикалық өлшемдер

201 б/к

 

18.08.2017 1000-1300 6М011300 Биология 226 б/к
18.08.2017 1400-1700 6М060900 География 313 б/к
18.08.2017 1000-1300 6М012000 Кәсіптік білім

313 б/к

 

19.08.2017 1000-1300 6М010300 Педагогика және психология

201 б/к

 

19.08.2017 1400-1700 6М011200 Химия

235 б/к

 

19.08.2017 1400-1700 6М060600 Химия

235 б/к

 

19.08.2017 1000-1300 6М012200 Орыс  тілінде оқытпайтын мектептердегі  орыс  тілі мен әдебиеті 313 б/к
19.08.2017 1000-1300 6М020500 Филология

226 б/к

 

19.08.2017 1000-1300 6М011100 Информатика

314 б/к

 

19.08.2017 1400-1700 6М060200 Информатика

314 б/к

 

 

 

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде 2017-2018 оқу жылына докторанттарды қабылдау ЕМТИХАНЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Күні

Уақыты

Шифр

Мамандық атауы

Ауд.

19.08.2017

1000-1300

6D011300

Биология

235
1400-1700 6D011700

Қазақ тілі мен әдебиеті 

212

20.08.2017

1000-1300

6D060600 

Химия 235
1400-1700

6D020500

Филология 212