Құрметті оқытушылар, докторанттар, магистранттар және студенттер!

Құрметті оқытушылар, докторанттар,

магистранттар және студенттер!

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Нийде Өмер Халисдемир Университеті арасындағы 2018 жылғы 23-қаңтардағы келісім-шарт негізінде сіздерді 2018-2019 оқу жылында Мевлана алмасу бағдарламасына қатысуға шақырамыз (Қосымша 1 және 2).

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі:

- өтініштерді 2018 жылдың 9-ақпаннан 15-ақпан аралығында қабылдайды,

-     үміткерлердің өтініштерін серіктес университетке жібереді,

-     білім алушыларға іріктеу нәтижелері туралы хабарлайды.

                                    

Өтініш берушіге келесі құжаттарды ұсыну қажет:

Оқытушылар:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 3)

2) Түйіндеме

3) Тіл деңгейін растайтын құжат

4) Паспорт көшірмесі

Докторанттар, магистранттар және студенттер:

1) Өтініш толтыру (Қосымша 4)

2) Бакалавриат - 4.0 балл бойынша GPA 2.5

3) Магистратура, докторантура - 4.0 балл бойынша GPA 3.0

4) Тіл деңгейін растайтын құжат (сертификат)

5) Паспорт көшірмесі

Грант бір семестрге бөлінеді (4 ай).

Білім алушылар екінші семестрге оқуын жалғастыруға ниет білдірген жағдайда, жатақхана, тамақтану, авиабилет және т.б. шығындарды                                 өз қаражаттарынан төлейді (оқу ақысынан басқасын).

Іріктеу критерийлері:

-  жалпы балл 50%, ал тіл деңгейі 50%-ды құрайды (ағылшын немесе түрік тілдерінің растайтын құжат болу міндетті).

Ескерту: Қорытынды іріктеу Түркия Республикасының Жоғары Білім Беру Кеңесі тарапынан ҚазМемҚызПУ-не бөлінген бюджетке байланысты жүзеге асады.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласыңыз: Омарова Гульнур, тел. 233-89-08/ 45-50, каб.128

Қосымша 1

 65151

Қосымша 2

 2yjy5151

 

Толық ақпарат алу үшін:  http://www.ohu.edu.tr/mevlanaexchange/announcement/12701 .