«Қыздар Университеті» газеті жаңа форматта жарық көрді

 

АЛМАТЫ. 12 ақпан. Media_Ortalyq – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Қыздар Университеті» газетінің қаңтар айындағы нөмері форматтық, дизайндық және мазмұндық өзгерістермен жарық көрді. Басылымның бұл нөмерінде 24 материал оқырман назарына ұсынылып отыр.
 
Газетте Қыздар Университетінде өткен ауқымды іс-шаралармен қатар, Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты мақалалар мен оқу орнының профессор-оқытушыларының сараптамалық, танымдық материалдары топтастырылған.
 
Атап айтқанда, «Aqparat» бетінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіне Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінің ректоры Мухсин Карменнің жасаған сапары туралы «Ынтымақтастық ырысқа бастайды» атты мақала, «Мектепке дейінгі жаңартылған білім беру жағдайында болашақ мамандарды даярлау мәселелері» тақырыбындағы жиынға арналған «Білікті маман даярлау – басты міндет» және «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2017» атағына ие болған оқытушылар туралы мақалалар берілген.
 
«Qog’am» бетінде университет ұжымының Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауы, Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі – «Қыздар Университеті» газетінің бас редакторы Жандар Асанның «Масс медианың маңызы» атты авторлық мақаласы және ректор Гаухар Алдамбергенованың бірқатар республикалық бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбаты жарияланған.
 
«Sai’asat» бетінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы туралы университет ұжымының мақалалары топтастырылған.
 
«Ry’hani’at» бетінде академик-жазушы Зейнолла Қабдолов туралы Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Ержанованың мақаласы беріліп отыр.
 
«Zerde» бетінде «Хореографиялық білім берудің болашағы талқыланды», «Мәдени байланыс көкжиегі» және «Инновациялық идеяларға арналды» мақалалары оқырман назарына ұсынылған.
 
«Физика-математика факультеті үздік атанды», «Жаңа ғылыми еңбектер жарық көрді», «Педагогтардың біліктілігін арттыру маңызды» және «Студенттердің білімдері бағамдалды» атты мақалалар «Qyzdar life» бетінде орналасқан.
 
«Weekend» бетінде Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылары мен қызметкерлері арасында өткен дәстүрлі «Денсаулық» спартакиадасы туралы материал мен танымдық ақпараттар топтастырылған.
 
«QYZDAR YNIVERSITETI» MEDIA ORTALYGY
Tel.: 8 (727) 279-38-17
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
facebook: qyzdaryniversiteti
вконтакте: qyzdaruniver
instagram: qyzdar_yniversiteti