Көрнекті жазушы Асқар Алтаймен кездесу



    • Көрнекті жазушы Асқар Алтаймен кездесу

      Бүгін, 3 мамыр Филология институты, Қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Әдебиетіміздегі Асқар Алтай әлемі» тақырыбында көрнекті жазушы, Қазақстан жазушылар одағының Жастар арасындағы прозашылар форумының, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Франц Кафка атындағы алтын медаль иегері Асқар Алтаймен кездесу өтті.

      Іс-шараны Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор – Еркін Шажаұлы Асқар Алтай туралы кіріспе сөзімен ашып берді.

                                                      

      Филология ғылымдарының докторы, Қазақ әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры Балтабаева Гаухар Саяділқызы «Асқар Алтайдың прозасының көркемдік көкжиегі» атты баяндамасын жасады. Студенттер Асқар Алтай шығармаларына теориялық, мәтіндік талдау жасап, «Бүкір» әңгімесінен үзінді қойылым қойып, қаламгер шығармашылығынан әзірлеген монологтарын оқыды. Кафедрамыздың ақынжанды студенттері Аяулым  Құрмаш, Күнсұлу Тажен  жазушыға жүрекжарды жырларын арнады.

                                                     

       

      Бөлісу: