Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауының жеңімпазы



    • Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауының жеңімпазы

      Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенті Ұлықпанова Әлия Қоңырбайқызын Ресей федерациясы, Набережные Челны қаласында өткен  Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауына белсене қатысып, 3-орын иеленді. Cтуденттің ғылыми жетекшісі PhD Балтабаева Наргиза Смаиловна.

      Байқауға Ресей федерациясының педагогикалық университеттерінен және Қазақстанның жоғары оқу орындарынан он бес ғылыми зерттеу жұмыстары қатысты. Ғылыми-зерттеу байқауына «Комикс арқылы Т.Нұрмағанбетовтың «Анасын сағынған бала» әңгімесін оқыту» атты ғылыми зерттеу жобасы ұсынылды. Қазақ әдебиетіндегі шығармаларды оқыту мұғалім үшін үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ал шығармаларды оқыту барысында оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейінін ашу үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Әдістер арқылы оқушылардың теориялық және практикалық білімін жетілдіре аламыз - дейді Әлия Ұлықпанова.

      Байқау жеңімпазы Әлия Қоңырбайқызын шын жүректен құттықтай отырып, жоғары белестерді бағындыра беруін тілейміз!

      Бөлісу: