Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қазақтың батыр қыздары» атты кеш-көрме өтті



    • Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде «Қазақтың батыр қыздары» атты кеш-көрме өтті

      Жеңіс күніне орай Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің «Филология» институты, «Практикалық шетел тілі» кафедрасы және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық музейі бірігіп ҚазҰҚПУ-дың 80 жылдық мерейтойы аясында «Қазақтың батыр қыздары» атты кеш-көрме өткізді.

      Тәрбиелік-танымдық кеш-көрменің мақсаты: білім алушыларды отансүйгіштікке, өз тарихын білуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Шара барысында  «Тарих-дінтану» мамандығының 1 курс студенттері Шұғыла Шаймұратова, Жанерке Кәдірбек,  Чарос Сайдикаримова және Айымхан Айтмахан қазақтың батыр қыздары жайлы баяндамалар оқыды. «Музыкалық білім» мамандығының студенттері Сабина Али мен Нұрсина Али «Алаш аманаты», «Ерке сылқым» күйлерін орындап, өз өнерлерін көрсетсе, Ақерке Алимбекова және Жанна Нүсіпова «Әлия» әнін шырқап, көрерменнің ерекше ықыласына бөленді.

                                                                                

      Кешті «Музыкалық білім» мамандығының студенттері Жанерке Малдыбек пен Айдана Бауыржанқызы жүргізді. Музей қызметкерлері студенттерді тарихи экспонаттармен таныстырып, кеш соңында «Практикалық шетел тілі» кафедрасының  меңгерушісі Жібек Тобулбайқызы Бимагамбетова қорытынды сөз сөйлеп, барлық қатысушылар мен қонақтарға алғыс білдірді.

      Іс-шараның ұйымдастырушылары:

      • «Практикалық шетел тілі» кафедрасының  меңгерушісі  Бимагамбетова Жібек Тобулбаевна
      • «Практикалық шетел тілі» кафедрасының оқытушысы Ғабдұл-Мүттәліп Салтанат Мағауияқызы
      • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Орталық музейінің «Көрме және экспозиция ұйымдастыру» бөлімінің жетекшісі Мусина Айгүл Ниловна                                                                          
      Бөлісу: